1. Рефераты на казахском
  2. Педагогика
  3. Мектептану – педагогиканың маңызды саласы

Мектептану – педагогиканың маңызды саласы

Мектептану – педагогиканың маңызды саласы
Тақырыптың жоспары:
1. Мектептанудың негізгі мәселелері.
2. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының негізгі ережелері.
3. Педагогикалық менеджмент.
4. Мектеп басшыларының қызметі.
5. Қазіргі кезеңдегі мектеп басшының рөлі, талаптар, басқару әдістері, стилі.
1. Мектептану – педагогиканың бір бөлімі, мақсаты – еліміздегі білім беру ісін басқару міндеттерін, мазмұнын және әдістерін, мектепті басқару жүйесінің ерекшелігін анықтау. Мектептану тәрбие максатына сай дамиды.
Мектептанудың зерттейтіні:
•    халыққа білім беру;
•    лауазымды адамдардың іс-әрекеті;
•    оқу-тәрбие процесіне басшылық ету;
•    оның формалары, әдістері.
Мектеп жұмысының сапасы білім беру ісін басқару органдарының жұмысына байланысты. Мектептанудың методологиясының негізі - тәрбиенің мақсаты және міндеті туралы тұжырымдамалар, мемлекетімізді басқару туралы заңдар. Мектептің алдында тұрған жаңа міндеттер білім беру ісін басқаруды жетілдіруді талап етеді.
Мектептану сүйенетін дерек көздері:
•    басқару туралы заң;
•    Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы;
•    шетелдердегі білім беру ісін басқару тәжірибесі. Мектептану мектепті басқару тәжірибесіне сүйеніп, озат тәжірибені насихаттап тәжірибеге енгізеді.
Мектептану үшін маңызды дерек көзі белгілі педагогтардың мектепті басқару жөнінде берген құнды ұсынбалары. Бірақ оны сын көзбен оқыған дұрыс.
Мектептану мазмұны: мектепті басқарудың негізгі принциптері; білім беру ұйымдарының қызметі; мектептің ішін басқару мазмұны; әдістері, т.б. Мектептанудың зерттейтін саласы дидактика мен тәрбие саласынан өзге, оларды қайталамайды.
Педагогикада халыққа білім беру ісінде шешілмей отырған мәселелерді шешіп, мектептегі лауазымды адамдардың іс-әрекетін оқу-тәрбие процесіне басшылық жасауына керекті жұмыс түрлері мен әдістерін зерттейтін сала елеулі орын алады. Осы мәселелерді мектептану курсы зерттейді.
Мектептану ғылымның басқару тұрысы жетістіктерін, субъекті ғылыми ұйымдастыруды толық қолданады. Мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі, озат тәжірибені жинақтау түрлері, әдістері қаралады.
2. "Білім туралы Заңның" негізгі ережелері.
Бұл заңға сәйкес ҚР-сы Үкіметінің білімді дамыту туралы ұсыныстарын жүзеге асырудың жолдары белгіленген.
Заңдағы ережелер білімнің дамуына жағдай жасайды.
Білім жүйесінің орталық білігі – жалпы орта білім. Оны жалпы білім беретін орта мектептер, жекелеген түрдегі тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, кешкі мектептер, интернаттар, денесі мен психикасында кемшілігі бар балаларды тәрбиелеп, оқытатын мектептер береді.
Жалпы білім беретін оқу орындарының алдында тұрған басты мімдеттер "Білім туралы" Заңның 8-бабында белгіленген. Олар:
1) Жеке адамды дамытуға, қалыптастыруға жағдай жасау.
2) Оқушының білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау.
3) Оқушының шығармашылығын дамыту.
4) Адамгершілік тәрбиесін беру.
5) Салауатты өмір салтының негізін жасау.
6) Баланың дамуына жағдай жасап, оған ақыл-ой тәрбиесін беру.
7) Елжандылыққа тәрбиелеу.
8) Қүқықтық тәрбие беру.
9) Саналы тәртіпке тәрбиелеу.
10) Қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы, дәстүрлерін, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту.
11) Оқытудың жаңа технологияларын енгізу.
12) Білім беруді ақпараттандыру.
13) Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
"Білім Заңына" сәйкес бұрынғы кәсіптік-техникалық және орта арнаулы оқу орындары деген атау кәсіптік оның орнына бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, т.б. атаулар алынды.
"Білім туралы Заң" жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын мемлекеттің стандарттауын талап етеді. Онда оқушы меңгеруі тиіс негізгі білімдер, іскерлік дағдылар көрсетіледі.
3. "Менеджмент" – ағылшын сөзі. Басқару деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның "манус", яғни "қол, күш" – деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған.
Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіне былай берілген:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі.
2. Билік және басқару мәдениеті.
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
4. Басқару органы, әкімшілік бірлік.
Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша да түрлі мағынаны білдіреді. Менеджмент – басқару сөзінің аналогы болғанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Басқару сөзінің аясы кең, ал менеджмент белгілі бір басқару түрін, яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпорациялардың, жеке шаруа (фермер) қожалығының жұмысын әлеуметтік, экономикалық процесс негізінде басқару.
Менеджмент теориясын алғашқы ұсынушылардың бірі Ф.Тейлор менеджмент – іргелі дәл ғылымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, П.Друкер жоғарыдағы аталған элементтері бола түра, менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гәрі, тәжірибеге жуыұтау деген. Менеджмент ұғымын іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда, тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. Ал менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт пен Лючия Ланг менеджмент – өндірісті басқарудың әдістері мен тәсілдері, өзін-өзі басқару, өзін-өзі іштей реттеу, нәтижеге жетудің ізгіленген, пайдалы, тиімді амалы десе, орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау, мақсатқа жетуің тиімділігі дейді. Менеджмент – өндірісті басқару мен өнімнің артуын іске асырудағы стратегияның тиімділігі, өзін-өзі ақтауы, пәлсапасы, принципі, әдіс-тәсілдері. Ал коммерциялық емес қызмет саласындағы менеджмент туралы американдық менеджмент теоретигі П.Друкер былай дейді: "Бұл адамдардың айналасындағы басқарудың арнайы түрі, яғни, адамдардың өз ісіне икемдеуге және бірге істейтін істе тиімді нәтижеге жету үшін күш салуға, осал жақтарын жеңуге бағытталады".
П.Дуркер менеджменттің мақсатын былай көрсетеді:
1. Адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру. Онсыз көпшілікті бір ұжым жасай алмайсың.
2. Әрбір қызметкердің қажетін білу, мүмкіндігінше оны қанағаттандыру.
3. Адамдардың өзін-өзі дамытуын естен шығармау.
4. Жұмыс істейтін адамдардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы, білімі әр түрлі және олардың атқаратын қызметі де әр түрлі болғандықтан, олардың өзара қарым-қатынасы өзара түсінушілікке құрылуы керек.
5. Өндірісті шығарған өніміне қарап бағалауға болмайды. П.Друкер менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге талпынбайды. Оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік береді. Олар былай деп жазады: "Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыда қарағанда, менеджмент дегеніміз - адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Қандай ұжым болмасын оның өзінің жеке менеджменті болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда меджмент ұғымын тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады". Менеджмент ұғымы туралы классиктердің тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецидің пікірінше, басқару процесі – өнер. Оның басты мәні басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін нақты жағдайда қарап қолдану. Американ экономисі В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша: "Менеджмент – бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдерінің, формаларының жиынтығы".
Батыс елдерінде менеджмент бизнесті, коорпорацияны, фирмаларды басқару ғана емес, бір мекемедегі адамдардың әр түрлі көзқарастарын, танымын, қызметін, біліктілігін біріктіріп бір мақсатқа жетуге ұйымдастыратын әрекет деп түсіндіріледі. Менеджмент - нарықтың экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен тәжірибесі.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымды басқару мен ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Менеджмент – бизнесте  жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, мақсат-мұратын қою, атқарылатын істің уақытын, орындаушысы, жұмыс барысының қалай өтетінін, барлық деңгейдегі басқару мен ұйымдастыруды бақылау.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықты игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады.
Сонымен, менеджментті екі түрлі түсіну керек. Бірінші, бұл басқару, басшылық ету ұйымы. Екінші, бұл адамдарды басқару әрекеті.
4. Білім беру ісін басқару:
Басқару принциптері дегеніміз – білім беру ісінің басшы қызметкерлері өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.
Демократиялық принцип бойынша білім беру ісі орталықтан басқарылуымен қатар, басқару ісіне халық, мектептің қызметкерлері тартылады, олардың шығармашылық күштері қолданылады. Осы принцип негізінде Білім және ғылым министрлігінің облыстық, т.б. білім беру басқармасының, педагогикалық кеңестің мәжілістері өткізіліп, онда оқыту және тәрбиенің маңызды мәселелері талқыланып, қаулы-қарарлардың орындалуын білім беру ұйымдарын басқару органдары қадағалап отырады.
Ғылымилық, теория мен тәжірибенің тығыз байланысы принципін ұстанған мектеп басшылары өз жұмысында ғылымның жетістігін қолданып, еңбекті ғылыми ұйымдастырып, озат тәжірибені зерттеп, жинақтап және таратып отырады. Басқару жұмысының табыстылығына ұйымдастыру жұмыстары көмектеседі. Оның маңызды бөлігі – кадрларды іріктеу, дайындау, әрбір қызметкердің қызметіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ақпараттардың шындығы және жеткіліктілігі принципін ұстанған мектеп әкімшілігі өз ұжымының оқу тәрбие жұмысындағы қол жеткен жетістіктерін асыра бағаламайды, кемшіліктерді түзетіп отырады.
Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.
Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері - мектеп директоры, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.
Екінші топ: мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.
Үшінші топ: оқушылардың өзін-өзі басқару органдары (оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері).
Төртінші топ: мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті.
Осы органдар мектепті басқару үшін ғылыми тұрғыдан дәлелденген ұстанымдарды (принциптерді) басшылыққа алып жұмыс істеуі тиіс. Олардың ішіндегі мәндірегі төмендегі ұстанымдар:
•    мектептің алдында тұрған басты міндеттерді анықтау кезінде барлық басқару органдарының келісіп, іскерлік, ынтымақ жағдайында жұмыс істеуі;
•    барлық басқару органдары және лауазымды адамдардың өз міндеттері мен қызметтерін атқару кезіндегі демократиялылығы, жариялылығы, мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың қоғамдық пікіріне сүйену;
•    мектеп басшыларының, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің жауапкершіліктері;
•    мектептегі жақсы және пайдалы психологиялық  микроклиматты, шығармашылық белсенділікті және бастама көтерген адамдарды қолдау, оқу-тәрбие жұмысының сапасына жоғары талап қою;
•    оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы жоғарғы органдардың қабылдаған шешімдерінің орындалуына әдепті және тұрақты түрде басшылық ету;
•    педагогикалық шығармашылықты, инновациялық ізденістерді мадақтау және озат педагогикалық тәжірбиені меңгеруге ұмтылған мұғалімдерді, сынып жетекшілерін қолдау.
Мектеп басшысының жұмыс бағдарламасы:
•    мектепке жалпы басшылық ету;
•    мектеп кеңесін (педагогикалық кеңесті) басқару;
•    жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру;
•    мектеп жұмысын жоспарлау;
•    оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату;
•    ата-аналар комитетінің жұмысын қадағалау;
•    мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау;
•    оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау;
•    мектеп кітапханасымен жұмыс;
•    мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау;
•    мектепшілік бақылау жүйесіне басшылық жасау;
•    мектеп директоры жанындағы мәжілісті өткізу;
•    мектеп асханасымен жұмыс;
•    демеуші мекемелермен байланыс орнату;
•    баланың денсаулығына қамқорлық жасау;
•    техникалық қауіпсіздік талабын орындауды қадағалау;
•    халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жұмысының мазмұны:
•    жалпы білім беруді жүзеге асыру;
•    оқу бағдарламасының орындалуын қадағалау;
•    мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптың және сабақ жоспарларын бекіту;
•    сабақ кестесін педагогикалық талапқа сай жасау;
•    пән бойынша жүргізілетін әдістемелік жұмысты бақылау;
•    сынып журналдары және оқушылардың күнделіктерінің, дәптерлерінің талапқа сай безендірілуін тексеру;
•    оқытудың барысына, оқушылардың білім сапасына бақылау жасау және басшылық ету;
•    оқушылардың арасында жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу;
•    оқушылардың білімін бақылау. Баға қою жүйесін қадағалау;
•    пән үйірмелерінің және факультативтердің жұмысын бақылау;
•    кітапхананық жұмысы. Сыныптан тыс окуды тексеру;
•    зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың өткізілуіне басшылық жасау;
•    еңбекті оқыту, еңбек тәрбиесі және мамандық талдау жұмыстарын, өнімді еңбекті ұйымдастыру;
•    оқушылардың аудандық, қалалық жарыстарына қатысуына көмектесу.
Директор және оның орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысын бірлесіп бақылауы:
Бақыланатын нысандар:
•    оқытудың барысы және оқушылардың білім сапасы;
•    оқу кабинеттерінің жұмысы;
•    оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар;
•    үлгермеушілер болайын деп тұрған сыныптар;
•    тәрбиеден тыс қалған оқушылармен жұмыс;
•    педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, қорытындылау және шығармашылықпен тарату;
•    мұғалімдердің біліктілігін көрсету, әдістемелік және жас мұғалімдермен жұмыс;
•    мектеп құжаттары;
•    педагогикалық оқу;
•    адамгершілік тәрбиесі;
•    дене тәрбиесі;
•    құқықтық тәрбие, т.б. тәрбие салалары;
•    техника қауіпсіздігі.

Тексеру формалары
Тексеру формасы    Тексеру түрі
Жаппай    Тақырыптық
1.Жекелеп тексеру    Білімдік іс-әрекеттің барлық түрлерін тексеру    Сынып жетекшісінің жұмысын бір тақырып бойынша тексеру: ұстаздық жұмыстың өнімділігі, әдістемелік деңгейі, т.б
2.Сыныпты бақлау    Мұғалімдердің сынып жетекшілерінің бір сыныпта, не қатарлас сыныптарда атқарған жұмыстары тексеріліп, оқушылардың білім, іскерлік, дағдылары анықталады    Белгілі бір тақырып бойынша жұмыс істеп, бір пәннен беретін мұғалімдер бақылауға алынады.
3.Пәндік    Бір пән бойынша оқушлардың білім, іскерлік, дағдыларының қалыптасу деңгейін тексеру    Оқытудың әр кезеңінде мұғалімнің жасайтын жұмысын бақылау (Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру, т.б.)
4.Тақырыптық       
5.Шолу    Білімдік іс-әрекеттің жеке түрлерін тексеру (мектеп құжаттары, мұғалімдердің еңбек тәртібі, оқу техникалық жабдықтардың жайы, оқу жылы аяғындағы кабинеттердің жағдайы оқушылардың оқу әдебиеттерімен қамтылуы).   
6.Кешенді    Қатарлас сыныптардағы оқу тәрбие жұмысын тексеру (оқушылардың білімі және тәрбиелілігі, оқытудың сапасы.   

Ізденіс бағытында жұмыс жасаушы
колледж директоры орынбасарларының
ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ
Оқу ісінің меңгерушісі – зерттеушісі    Оқу ісінің меңгерушісі – әдіскер    Оқу ісінің меңгерушісі – диспетчер
ОТП ғылыми қамтамасыз ету    ОТП әдістемелік қамтамасыз ету    ОТП ұйымдық қамтамасыз ету
1.Колледждегі ОТП жағдайын және оның нәтежелігін – зерттейді:
- зерттеу мәселелерін анықтау;
- зерттеу пәні мен объектісін анықтау;
- зерттеу мақсаты мен
- міндеттерін қалыптастыру;
- зерттеу әдістерін анықтау;
- зерттеу мақсатына сай программа құру;
- зерттеу жүргізу және колледж мәселелерін шешу жолын анықтау.    1. Әдістемелік жұмыстың жағдайын және нәтежелігін сараптау және оның негізінде мазмұнын жетілдірудің мақсаты мен міндеттерін анықтау    1.Колледж дамуының диагностикасы негізінде оқу топтарын жинақтау.
2. Колледж жұмысын сараптау және оның негізінде қалыптастыру мақсаты мен міндеттерін анықтау     2.Мектептегі машық түрлерін ұйымдастыру, мектептегі педагогикалық еңбек нәтижесін бағалауды жүзеге асыру.    2.Педагогикалық кадрлардың орнын ауыстыру мен оларды тарифтеуге қатысу.
3. Колледждің жүйе ретінде дамуының кешендік – мақсаты бағдарламасын құру.    3. Мектептегі эксперемент жұмысымен (әдістемелік қамтамасыз ету) байланысты әдістемелік және дидактикалық материалдарды және қолдануды ұйымастыру.    3. Колледж сұранысына сай және қызмет мүмкіндіктеріне қарай оқу сабақтарының, емтихандар, мен факультативтер, үйірмелердің кестесін құрастыру және түзетулер енгізу.
4.Оқытушының кәсіптік жұмысының диагностикасын жүзеге асыру.    4. Колледждің базалық мектептермен байланысын орнату және реттеу    4. Оқытушыларды аттестаттауға және оларды тарифтеугеқатысу.
5.Біліктілікті арттыру және қайта дайындау, әдістемелік оқыту ұйымдастыру.    5. Колледж әдіскерлерімен жұмысты жоспарлау және ұйымастыру.    5. Педагогикалық кеңестер өткізуге қатысу.
6. Колледждегі тәжірибелік-эсперименталдық жұмыс бағыттарын анықтау және теориялық түрде жүзеге асыру мақсатын, мазмұнын, түрі мен әдістерін негіздеу     6.Оқушыларды аттестаттауға қатысу.    6. Колледже кезекшілікті ұйымастыру.
7. Колледждегі эксперемент жұмысын реттеу және оның нәтижесін бағалау.    7. Мектептердегі сабақтар мен тәрбие шараларын жоспарлауды жүзеге асыру.    7. Колледждің оқытушы-қоса-атқарушылармен байланысын орнату және реттеу.
8.Педкадрлерді аттестаттау, педагогикалық ұжым жұмысының ғылыми-негіздік бағасын дайындау (немесе пайдалануын қамтамасыз ету).    8. Машық кестесін қадағалау     8. Оқытушылардың, оқу топтары мен кабинеттерінің жүктемесін реттеу.
9. Колледжде ғылыми-тәжірибелік конференциялар жоспарлау және оны өткізу.    9.Оқытушылар мен әдіскерлердің тарификациясын дайындауға қатсу, табельмен жұмысын жүргізу.    9. Колледж Кеңесін дайындау және өткізуді жүзеге асыру.
10.Түрлі педагогикалық мәселелер бойнша теориялық семинар жұмысын ұйымдастыру.    10. Студент-машықкер және оқытушы – әдіскер жұмыстарын диагностикалау материалдарын дайындауға қатысу.    10. Оқытушылар еңбегін ұйымдастыру нәтежелілігі мен жағдайын сараптау
11.Студенттердің дипломдық және курстық жұмыстарын қорғауын қадағалау.
Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастыру.    11. Әдіскерлермен және студент-машықкерлермен нұсқау-әдістемелік отырыс өткізу.    11. Колледждің жүйе ретінде дамуның кешендік – мақсаты бағдарламасын құруға қатысу.
12. Колледждің басқа колледждермен, облББ, облБЖИ әдістемелік қызмет орындарымен арасында байланысын орнату және бақылау.    12. Мұғалім мамандығына бағытталған кәсіптік –бағдарлық жұмысты ұйымастыруға қатысу.    12.Табельмен жұмыс жүргізу
13. Колледж ғылыми-әдістемелік кабинетінің жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау.    13. Колледждің әдістемелік кабинетінің жұмысын ұйымастыру    13.Мұғалім мамандығына бағытталған кәсіптік - бағдарлық жұмысты ұйымастыруға қатысу
14. Оқытушыларды аттестаттауға қатысу.    14. Мектептегі педагогикалық сыныптың жұмысын ұйымастыру.    14. Оқытушылар жұмысын диагностикалау материалдарын дайындауға қатысу.
15. Мұғалім мамандығына бағытталған кәсіптік - бағдарлық жұмысты ұйымастыруға қатысу    15.     15.
16. Колледж психологімен бірлесе отырып, оқушылар мен оқытушылар жұмысы диагностикасы материалдарын дайындау.    16.    16.
17. Оқытушылардың дамуы және тәрбие деңгейін диагностикалау туралы психологтың және оқытушының кәсіптік жұмысының диагностикалау туралы оқу ісінің меңгерушісі – әдіскердің ғылыми жұмысының жүзеге асыру.    17    17

Мазмұны    Орындаушылар
Дирек-тор    Орынбасарлары    Бөлім    ДТ    ӘШБ
ҒӘЖ    ОӨЖ    ТЖ    ОЖ           
1    2    3    4    5    6    7    8    9    10
1. Ұйымдық-педагогикалық шаралар
1.    Педагогикалық кадрлар мен техникалық қызметкерлерді іріктеу және орналыстыру   
2.    Колледж бен оның бөлімдерінде жұмыс уақытын реттеу, тәртіп орнату            
3.    Сабақтардың, факультативтердің, үйірмелердің және мектептегі машықтың кестесін
жасау.               
4.    Колледжде кезекшілікті                   
5.    Топтпрды секцияларға, факультативтерге бөлу.                         
6.    Топтарды педагогикалық машықтан өтуге дайындау жұмылдыру.                             
7.    Колледждің есеп берулерін толтыру                 
8.    Еңбекақы табелін жүргізу: оқытушылар мен тех.қызметкерлер                        
9.    Жазғы және басқа да демалыс кезіндегі жасалатын істерді жоспарлау.                  
10.    Колледжішілік тәртіп пен техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатысты жұмыстар.   
11.    Колледжде оқу-әдістемелік кабинеттерді: әдістемелік және пәндік кабинеттерді, ашу және ұйымдастыру       
12.    Емтиханға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру                        
13.    Оқытушылар тарифтелуі       
14.    Колледжды безендіру    
15.    Колледж мүлкін сақтау мен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға байланысты жұмыстар.   
16.    Техникалық қызметкерлердің жұмыстары.  
17    Колледж мүлкін, құрал-жабдықтарын, ТОҚ-ын пайдалану және сақтау.  
ІІ. Ұйымдық-әлеуметтік шаралар
1.    Медициналық көмек беруді ұйымдастыру   
2.    Ыстық тамақты беруді ұйымдастыру       
3.    Арнайы педагогикалық көмекті қажет ететін студенттермен жұмыс      
4.    Студенттердің сабақтары санын бақылау, олармен жеке жұмыс жасау.               
5.    Сынақтан өте алмаған студенттермен.                  
6.    Жазғы машыққа жетекшілік ету.               
7.    Материалдық көмек қорын пайдалану.   
8.    Кітапхана жұмысы.                 
9.    Колледждің ЖОО-мен, мектептермен, білім беру ұйымдармен бірлескен жұмыстарын ұйымдастыру   
10.    «Денсаулық сақтандыру тобын                        
11    Ата-аналармен жұмыс                  
ІІІ. Педагогикалық кадрлармен жұмыс. Біліктілікті көтеру
1.    ПЦК-ның әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.             
2.    Сынып жетекшілері жұмысына.                     
3.    Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді айқындау, қорыту және тарату.               
4.    Жас мамандармен жұмыс.             
5.    Оқытушыларды аттестаттау                
6.    Педагогикалық кеңестің жұмысын басқару.                 
7.    Әкімшілік отырысқа дайындық және оны өткізуді ұйымдастыру                 
8.    Өзін-өзі сауаттандыруға жетекшілік                
9.    Орынбасарлар жұмысын басқару             
10.    Ғыламмен байланыс педагогикалық.                         
11.    Оқытушылар мен студенттерді ұсыну. 
12.    Пән кабинеттерін көрнекіліктермен жабдықтауды ұйымдастыру                  
13.    Колледж кітапханасы мен оқу кабинеттерінкөрнекі құралдармен, кестелермен, ТОҚ-мен толтыру.  
14.    Кезекті демалыс кестесін жасау.
IV. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру
1.    Колледждегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру                   
2.    Колледж жұмысын жоспарлау 
3.    Колледждің бір айда жасайтын жұмыстары жоспармен педагогикалық ұжымды таныстыру.                 
4.    Пәндік үйірмелер мен факультативтік  сабақтардың жұмыстарына жетекшілік жасау                        
5.    Түрлі клубтар мен үйірмелер         
6.    Дайындау және өткізу: Пәндік айлықтарды студенттерді аттестаттауды, спорттық шараларды, жалпы колледждік тәрбиелік шараларды.     
7.    Базалық мектептермен қарым-қатынас.                            
8.    Ұжымның оқу бағдарламасын жасау                          
9.    Колледжде өзін-өзі басқару жүйесін құру            

10.    Колледже колледждің қабырға стэнділерін шығаруды ұйымдастыру               
V. Колледжішілік Бақылауды ұйымдастыру.
1    2    3    4    5    6    7    8    9    10
1.    Әдістемелік жұмыс және оқытушылардің біліктілігін арттыруды бақылау                   
2.    Тәрбие жұмысының жағдайын бақылау         
3.    Сабақтың берілу жағдайы мен
Қоғамдық пәндер бойынша
Педагогика мен психология
Қазақ тілі бойынша
Орыс тілі бойынша
Ағылшын тілі бойынша
Математика бойынша, Химия,биология, география
Еңбекке баулу және бейнелеу өнері
Саз бойынша
Дене тәрбиесі бойынша   
4.    Колледж құжаттарын жүргізу бойынша                     
5.    Колледждің іс-қағаздарын номенклатураға сәйкес жүргізу             
6.    Студенттердің өндірістік жұмыстарды жүргізуі          
7.    Студенттер құрамы бойынша деректор қорын                 
8.    Студенттердің үлгерімі жөнінде деректор қорын                    
9.    Оқу пәндері бойынша деректор қорын              
10.    Колледждің қаржы қоры бойынша мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс   
11.    Материалдық-техникалық бөлім бойынша деректор қоры 
12.    Кассалық шығындар мен банктік тапсырыстар бойынша деректор қоры  
13.    Қажет құрал-жабдықтар мен тапсырыстар бойынша деректор қоры                           
14.    Коммерциялық топтардан түскен қаржы бойынша деректор қоры          
15.    Кітапхананың электронды каталогі бойынша деректор қоры   
16.    Ғылыми педагогикалық жұмыс бойынша деректор қоры         

Басқару қызметін басқару
Басқару
қызметі    Дирек-тор    Орынбасарлары    Меңгерушілері
ОЖ        ҒӘЖ        ӘЖБ және әлеу    Бөлім    АӘО
І    Ұйымдастыру қызметі    1    2    3    4    5    6    7    8
1.    Педагогикалық кадрлар мен техникалық қызметкерлерді іріктеу және орналыстыру.           
2.    Колледждің және оның бөлімдерінің жұмыс кестесі, колледж жұмысын жоспарлау.        
3.    Оқу сабақтарының, факультативтердің, үйірмелердің, мектептегі машықтардың кестелерін құрастыру.            
4.    Колледждегі кезекшілікті ұйымдастыру              
5.    Колледждегі кезекшілікті ұйымдастыру     
6.    Колледждің ішкі тәртібі және Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатысты жұмыстар.   
7.    Колледждің оқу-әдістемелік: кабинеттерін, әдістемелік, пән кабинеттерін ашу және олардың жұмыстарын ұйымдастыру     
8.    Емтиханға дайындық және оны өткізуді ұйымдастыру 
9.    Оқытушылар тарификациясы Колледжді қаржыландыру. Еңбекақы жөніндегі табельді жүргізу: оқытушылар, тех.қызметкерлер.         
10.    Материалдық-шаруашылық жұмыстарн қаржыландыру мен оған жұмсалған қаржыны бақылау.   
11.    Колледжді безендіру   
12.    Колледж меншігіндегі мүліктерді және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау жұмыстары.   
13.    Колледж мүлігін құрал-жабдықтарын, ОҚТ-ны пайдалану және сақтау. Ғимаратты жөндеуден өткізу  
14.    Медициналық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру   
15.    Кітапхана жұмысы       
16.    Колледждің ЖОО-мен, мектептермен, облББ, қалалық ББ, аудОБ, БЖИ-мен бірлескен жұмыстарын ұйымдастыру          
17.    Ата-аналармен жұмыс                
18.    Колледждің ақпараттық құрылымен төменгі бағыттарда қалыптастыру және жетілдіру:
•    компьютерлік техниканы аппараттық және бағдарламалық жабдықпен қамтамасыз ету
•    жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік жиынтығын сынақтан өткізу
•    оқу процесінде жаңа ақппараттық технологияны қолдану және бейімдеу
•    оқу сыныптарында, құрылымдық бөлімдерінде жергілікті желі құру, оларды колледждік ортақ желіге біріктіру
•    деректордың, бөлім меңгерушілерінің, басқа да құрылымдық бөлімдердің АЖО дайындау.  
19.    Колледжде өзін-өзі басқару жүйесін құру.        
ІІ.    Ақпараттық қызметі                               
1.    Нұсқаулар мен басқа да нормативтік материалдар дайындау, жетекшілерді әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету
2.    Графиктермен, бағдарламалармен және басқа да ақпараттық-білім құжаттармен қамту.   
3.    Білім беру стандартына сәйкес деректор қорын құру.   
4.    Нұсқаулық және әдістемелік хаттардан құралған ақпараттық материалдар.   
5.    Колледж басшылары мен қызметкерлерін аттестациялау материалдары. 
6.    Білім беру жүйесін дамытудың концептуалдық жағдайларын дайындау   
7.    Педагогтардың жаңашыл инновациялық технологияны енгізу.  
8.    Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибеге сараптама.          
9.    Біліктілікті көтеру материалдары.      
10.    Қарқынды жұмыс бағытында қалалық және аудандық білім беру мекемелерін дамыту бағдарламалары.    
11.    Оқушылардың үлгерімі мен деректор қорын құру материалдары:
А) студенттер контингенті бойынша
В) студенттердің үлгерімі бойынша
С) оқу пәндері бойынша.      
12.    Білім берудің жағдайы мен білім сапасы жөнінде ақпараттар :
А) қоғамдық пәндер бойынша
В) педагогика және психология бойынша
С) қазақ тілі бойынша
D) орыс тілі бойынша
Е) ағылшын тілі бойынша
•    математика бойынша,
•    жаратылыстану, химия, биология бойынша
•    еңбекке баулу және бейнелеу өнері бойынша
•    Саз бойынша
F) Дене тәрбиесі бойынша   
13.    Пән оқытушылары мен тәрбишілердің әдістемелік қамтамасыз етілуінің деректер қоры.   
14.    Колледж бітірушілермен жұмыс жасауға арналған нұсқаулар               
15.    ЭӘЖ ақпараттық жинақты қолдану. 
16.    Кафедра оқушыларының шығармашылық орталықтарын жұмылдыру арқылы ЭӘЖ дайындау  
17.    Статистикалық деректер қорын қолдану     
18.    Электронды әдістемелік жүйе технологиясы және бақылаудың мазмұндық толықтығы арқылы әдістемелік бірлестіктердің жұмысын бақылаудың күшеюі.   
ІІІ    Талдау қызметі                               
1.    Статистикалық деректерді сараптау банкі.      
2.    Есеп беру материалдарының сараптамалары.  
3.    Облыстағы білім беру жүйесінің даму жағдайының сараптамасы. 
4.    Ақпараттық технологияның  дамуы, педагогикалық мониторинг жүйесін құру, білім беруді ақпараттандыру жағдайында КОБ дамуын сараптау.   
5.    Мониторингті сараптау.  
6.    Сараптау:
•    студенттердің құрамы бойынша деректер қоры
•    студенттердің үлгерімі жөнінде деректер қоры      
•    оқу пәндері бойынша деректер қоры      
•    колледж қаржысы бойынша деректер базасы: мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қаржыландыру.   
•    материалдық-техникалық бөлім бойынша деректер қоры.       
•    кассалық шығындар мен банктік тапсырыстар бойынша деректер қоры.         
•    материалдар мен құрал-жабдықтар алуға жасалған өтініштер бойынша деректер қоры.              
•    Коммерциялық топтардан түскен түсімдер бойынша деректер қоры     
•    Кітапхананың электрондық каталогі бойынша деректер қоры   
•    Ғылыми-педагогикалық жұмыстар бойынша деректер қоры          
7.    Жұмыс қорытындысын салыстыру сараптамаларының материалдары:
•    қоғамдық пәндер бойынша
•    педагогика және психология бойынша
•    қазақ тілі бойынша
•    орыс тілі бойынша
•    ағылшын тілі бойынша
•    математика бойынша,
•    жаратылыстану, химия, биология бойынша
•    еңбекке баулу және бейнелеу өнері бойынша
•    саз бойынша
•    дене тәрбиесі бойынша    +    +    +    +    +            +

Мектеп басшысына қойылатын талаптар:
Басшының жеке тұлғасы маңызды рөл атқарады. Басшының жеке тұлғасы, оның жалпы ой-әрісі, кәсіби дайындығы, әдептілігі, ұйымдастырушылық қабілеті мектептің бет-бейнесін, мұғалімдер мен оқушылар ұжымының іс-әрекетін айқындайды.
Мектеп басшысының жеке тұлғасын қалыптастыруға керекті сапалар:
•    жоғары мәдениеттілік, адамгершілік жағынан таза болу;
•    терең, жалпы дайындығы, еліміздегі, шетелдердегі басты оқиғаларды білуі;
•    қазіргі педагогика мен психологияны терең білу;
•    педагогикалық шеберлік; талант;
•    ғылым мен мәдениеттен хабардар болуы;
•    биік, көркем талғам;
•    ұйымдастырушылық қабілет;
•    талап қою;
•    экономикалық дайындық;
•    болашаққа үмітпен қарауы;
•    балаларды жақсы көруі;
•    еңбексүйгіштікқ;
•    арнайы тәжірибе;
•    кәсіптік білім;
•    біліктілік.
Мектеп басшысы міндеттерді дұрыс бөліп, жұмыс істеуге жағдай жасап, нақты көмек беріп, тексеріп, басшылық етіп отырады. Ұжымның белсенділігін көтеріп, мектепті қажетті материалдармен, құралдармен жабдықтап, табандылық және талап қойғыштық танытады. Оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын қатар жүргізу мектептің жұмысындағы қиын мәселе.
Мектептегі педагогикалық кеңес
Біліктілікті көтеру жұмыстары педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырудан басталады. Педагогикалық кеңесті құру үшін мектепте кем дегенде үш мұғалім болу керек. Ол оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелері қарастырылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Педагогикалық кеңестің құрамына мектеп директоры (төрағасы), оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер, кітапханашылар, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп кеңесінің төрағасы енеді.
Педагогикалық кеңесте екі түрлі мәселе қаралады: а) өндірістік, жұмыс бабына байланысты: мектептің жылдық жоспарын бекіту, мектептің бір тоқсанда істелген жұмысының қорытындысын шығару, емтиханға дайындық және өткізу жоспарын бекіту, оқушылардың бір сыныпты бітіріп, екіншіге көшуі, оқу жылының қорытындысы, оқушылармен істелетін жазғы жұмыстың жоспары; ә) ғылыми-педагогикалық: басшы органдардың нұсқауларын және ғылыми зерттеулерді, озық тәжірибені талдау, мектептегі педагогикалық процестің нәтижелерін шығару және оған баға беру.
Егер педагогикалық кеңесте ғылыми-әдістемелік жұмыстардың нәтижелері қаралатын болса, онда педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігі жоғары. Мұндай мектепте өндірістік мәселелер тез шешіледі.
Педагогикалық кеңеске әзірлену және өткізудің төрт кезеңі бар:
•    педагогикалық кеңестің жылдық жоспарын жасау;
•    нақты педагогикалық кеңеске алдын ала әзірлену;
•    педагогикалық кеңесті өткізу;
•    педагогикалық кеңес шешімдерін орындау үшін жұмыс істеу.
Педагогикалық кеңесті жоспарлау:
Әдетте бір оқу жылы ішінде бес педагогикалық кеңес өткізіледі; әр тоқсанда бір рет және оқу жылының аяғында. Бесінші педагогикалық кеңестің 3 мәжілісі өткізіледі. 1) емтиханға жіберу; 2) емтихан қорытындысы; 3) мектеп бітірушілер тапсырған емтихандардың қорытындысы.
Бірінші педагогикалық кеңес жаңа оқу жылы басталмас бұрын, тамыз айының аяғында өтіп, әдетте мектептің жылдың жоспарын бекітуге, өткен жылғы жұмыс талданған директордың баяндамасын және жаңа оқу жылының міндеттерін талдауға арналады. Негізінен 3 мәселені қарауға болады: еңбекті ұйымдастыру, оқу және тәрбие жұмыстары.
Келесі педагогикалық кеңесте оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері талқыланып, оларды жою үшін ғылыми дәлелдері бар ұсыныстарды тәжірибеге енгізу жолдары белгіленеді.
Әдетте, педагогикалық ұжым әр жылға бір ғылыми-тәжірибелік мәселе қояды. Таңдалған тақырып педагогикалық кеңесте де талқыланып отырады. Мәселен, мектеп биылғы оқу жылында оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін көтеру және адамгершілік тәрбиесі деген екі тақырыпты алып, ол бойынша жұмыс істегелі отыр делік. Жыл бойы өтетін педагогикалық кеңестің жоспары мынадай болады:
Бірінші педагогикалық кеңес - тамыз айында. Қаралатын мәселе:
1. Адамгершілік тәрбиесі бойынша мектептің алдында тұрған негізгі міндеттер.
2. Оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетін белсенді ету тәсілдері туралы ғылыми-педагогикалық еңбектер және озық иодагогикалық тәжірибе.
3. Мектептің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Екінші педагогикалық кеңес - қараша айында. Қаралатын мәселе:
1. Балалардың қабілетін дамыту;
2. "Қиын"балалармен жұмыс.
Үшінші педагогикалық кеңес - наурыз айында. Қаралатын мәселе:
1. Қазіргі сабақ қандай болу керек?
а) баяндама: "Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар";
ә) сабақтарды талдау, іс-тәжірибе алмасу.
2. Мектептегі спорт жұмысы - баяндама және оны талқылау.
3. Мектеп пен отбасының адамгершілік тәрбиесі бойынша бірігіп істеген жұмыстары. Жекелеген сынып жетекшілерінің хабарламалары.
Төртінші педагогикалық кеңес – мамыр айында. Қаралатын мәселе:
4. Мұғалімдер мен оқушылардың өзара қатынасы – мектеп жұмысы туралы баяндама.
5. Емтихан мен балалардың жазғы демалысын өткізуге әзірлік.
Бесінші педагогикалық кеңес - мамыр-маусым айлары. Қармлатын мәселе: Емтиханның қорытындысы және оқушылардың келесі сыныпқа көшіру.
Сонымен, барлық педагогикалық кеңестің тақырыптары бір-бірімен байланысты, адамгершілік тәрбиесінің және танымдық белсенділікті көтерудің жекелеген мәселелері талқыланады, аталған мәселені шешу үшін ғылыми зерттеулердің және озық тәжіребиенің нәтижелерін енгізу жолдары аталады, тақырып мектеп өмірімен байланысты. Әдістемелік пән бірлестігінің және мұғалімдердің өз бетімен білім алу жоспарлары да мектеп шешкелі отырған мәселемен байланысты.
Педагогикалық кеңесті өткізуге алдын ала дайындалу. Педагогикалық кеңеске мұқият әзірлену керек, онсыз дұрыс өтпейді. Баяндамашылар белгіленіп, оларға шешім жобасын жасау тапсырылады.
Озық тәжірибеден алынған әдістеме бойынша педагогикалық кеңес былай өткізіледі: мектептің жалпы жоспары бойынша баяндамаға жауап беретін адамдар бөлінеді, басқа дайындық жұмыстары әкімшілік директоры мен оның орынбасарларының басшылығымен жүреді. Әкімшілік 1-2 ай бұрын баяндаманың негізгі мазмұны – теориялық негіз, жиналған нақты материалдардың қандай әдістермен алынғандығы туралы сөйлеседі. Баяндамашыға нені оқу керек, тақырыпқа сай жұмыстармен танысу, тәрбиелік іс-шараларға қатысу, сабақтарға, мәжілістерге қатысу жоспарларын жасау керектігі туралы айтылады.
Педагогикалық кеңесті әзірлеуге мектептің жекелеген қызметкерлері, кей әдістемелік бірлестіктер қатысады. Олар мұғалімдердің жұмысын зерттеп, оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын педагогикалық тұрғыдан талдайды. Шағын көрме ұйымдастырып, әдебиеттердің тізімін ілуге болады.
Сонымен теориялық жағынан негізделген материалдарды уақытында табу, тәжірибеден жақсы мысалдар алу, жақсы үлгілерді тәжірибеге енгізу тәсілдерін ұсыну педагогикалық кеңестің жақсы өтуін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық кеңесті өткізу
Педагогикалық кеңесте түрлі пікірлер тыңдалып, мұғалімдерді толғандырып жүрген мәселелердің бәрі талқыланып, оларды шешу жолдарын белгілеу керек. Ұжым мәжілістерді, соның ішінде педагогикалық кеңесті өткізу ережесін келісіп алу керек. Ол ережелер: нақты регламент (уақытында бастау), педагогикалық кеңес уақытын 3 сағаттан асырмау, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерге белгілі бір уақыт бөлу, мәселелердің бәрін сабырлықпен, іскерлік жағдайда талқылау. Барлық сөйлеушілер көтеретін мәселені, құбылысты талдап, оны шешудің нақты жолдары туралы ұсыныстар айту керек.
Мектеп директоры педагогикалық кеңесті бастарда осы ережелерді еске салып, оны қатаң сақтауды талап етеді.
Көп нәрсе директордың талқылауды басқара білуіне, әдептілігіне, көңіл-күйіне, ескертулерінің нақтылығына, сын-ескертулерге дұрыс жауап беруіне байланысты. Директордың беделінің, тапқырлығының, талқыланатын мәселенің мазмұнын терең білуі, мұғалімдерді жақсы білуі, өзін-өзі ұстай білуінің дс маңызы зор. Педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау үшін істелетін жұмыстар, шешімдер алдын ала әзірленіп, директор жанындағы отырыста талқыланады.
Оны жасарда талқылау қорытындылары, мұғалімдердің пікірлері ескеріледі. Мұндай шешімде талқыланған тақырыптың теориялық негізі баяндалады. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі алдында тұрған міндеттер нақты тұжырымдалады, осы мімдеттерді шешудің кейбір әдістері және тәсілдері, жауапты адамдар, мерзімі көрсетіледі. Педагогикалық кеңестің шешімі хаттамаға жазылып, мұғалімдер оқу үшін мұғалімдер бөлмесіне ілінеді. Шешімде оның орындалу барысын қадағалайтыны туралы айтылады. Бақылау нәтижелері жұмыс барысында талқыланып, ол туралы келесі педагогикалық кеңесте айтылады. Подагогикалық кеңес шешімін орындаудың мәні неде? Ең алдымен мектептің барлық мұғалімдері педагогикалық кеңесте көтерілетін мәселелерді шешуге қатысу керек. Мектеп басшылары педагогикалық кеңес шешімін практикада іске асыру жолдарын көрсетіп, ұстаздар қауымына көмек беріп отырады. Қазіргі уақытта педагогикалық кеңесті өткізудің түрлі формалары бар. Оны төмендегі кестеден көруге болады:
Педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселе    Өткізу формасы
Тәрбие жұмысындағы жаңа технологиялар    Іскерлік ой
Мектептегі дау-жанжал    Өнімді ойын
Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын жақсарту шаралары    Топтық жұмыс
Тәрбие және оқыту мектептің екі маңызды қызметі    Конференция
Педагогикалықүйлесімділік, процесс және нәтиже ретінде    Пресс-конференция
Оқушылардың шығармашылық қабілетін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамыту    Оқушылардың катысуымен мұғалімдердің шығармашылык есеп беруі
Педагогикалық Кеңес
Колледж тапсырмаларын орындауда педагогикалық ұжымның әсерін жетілдіру    Колледждегі оқу-тәрбие процесі жағдайына, оқытушылардың кәсіптік дайындығы деңгейіне, колледж студенттерінің білімділігіне, тәрбиелілігі мен дамуына диагностика жасау. Колледждің кәсіптік даму бағдарламасын дайындау. Колледжде оқытушылардың, студенттердің, ата- аналардың, оқытушылар мен студенттердін, оқытушылар мен ата- аналардың шығармашылық бірлестіктерінің микроклиматын қалыптастыру.    Колледж ұжымы дамуының тапсырмалары мен мақеаттарын калыптастырады. Студенттерді жетілдірілу мен тәрбиелеу, білім беру мазмұны, колледждегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудын түрлері мен әдістерін анықтайды. Ұжымды КОБ-нің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын әзірлеуге дайындайды. Педагогтардың біліктілігін жетілдіру жұмыстарын, шығармашылық ұсыныстардың дамуын, бағдарламаны әзірлеудің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, оқулықтар мен ОӘЖ-нің таралуын ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және оның сапалылығын қамтамасыз етуге қатысты педагогикалык мәселелерді шешеді, арнайы пәндерді беру жағдайын қарастырады. Колледждегі оқу- тәрбие процесін жүйелейді және ұйымдастырады, жоспарлайды және іске асырады, жаңа буын оқулықтары мен ОӘЖ- ның нәтижелеріне сараптама жасайды, баға береді, Колледждің дамуы үшін жасалған барлық шараларды қамтуға бағытталған педагогикалық шаралар жүйесін дайындайды. Колледж басшылары мен педагог кадрларды аттестаттауға әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру.

1. Әдістемелік жұмыс
2. Әдістемелік жұмыстың мазмұнын анықтайтын құжаттар.
3. Әдістемелік жұмыстың мазмұны.
4. Әдістемелік жұмыстың түрлері.
5. Әдістемелік жұмысқа басшылық.
1. Әдістемелік жұмыстың құрылымы
Мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие процесін қазіргі заманның талабы тұрғысынан талдап, оны жетілдіру жолдарын анықтайды. Мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестіктерге пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі мекеме, мектеп-интернат тәрбиешілері кіреді. Бірлестіктердің мәжілісі тоқсанына бір рет, керек болған жағдайда тағы да өткізіледі.
Мектепте бір пән бойынша үш мұғалім болғанда әдістемелік бірлестік құрылады. Ал мұғалім саны аз болса пәнаралық, мектепаралық бірлестіктер құрылады.
Аудандық әдістемелік бірлестіктер аудан мұғалімдері үшін жылына 2-3 рет мәжілістерін өткізеді.
Аз құрамды мектептерде де әдістемелік бірлестіктер құрылады.
Шет тілі мұғалімдері бірлестігінің жұмысына облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты басшылық етеді.
Әдістемелік жұмысты жоспарлау.
Әдістемелік жұмыстың жоспары бір жылға жасалады. Оны директор бекітеді.
Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады. Мәжілісі екі айда бір рет өткізіледі. Әдістемелік кеңестің мәслихаттарында қазіргі ең қажетті мәселелер талқыланады. Олардың кейбіреулері: жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелері, ашық сабақтарды талдау, сабақтың түрлері, мұғалімдердің өз бетімен білім алу мәселелері. Әдістемелік кеңес конференциялар өткізеді, оқушылардың жұмыстарын және дидактикалық көрнекі құралдар көрмесін ұйымдастырады, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, педагогикалық оқуларға баяндама жасауға мұғалімдерді дайындайды.
Мектептің әдістемелік кеңесіне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге жеткен тәжірибелі мұғалімдер, шебер мұғалімдер, пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері енеді. Әдістемелік кеңес жұмысының қорытындысы – мектепішілік педагогикалық оқулар, конференциялар. Оқу жылының яяғында мектеп мәселелерін шешуге үлес қосқан әдістемелік жинақтар педагогикалық ұжым назарына ұсынылады.
Әдістемелік кеңес мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысын қайталамайды. Ол әдістемелік бірлестіктердің жұмысын бағыттап әрбір мұғалімнің теориялық білімін жетілдіреді. Ал педагогикалық кеңес мұғалімдердің мәселе бойынша атқарған тәжірибелік жұмысының нәтижелерін шығарады.
2. Әдістемелік қызметің басты жұмысы оқыту процесін дамыту үшін оқу тәрбие жұмысын түзету. Әдістемелік жұмыстың мақсатын анықтау – керекті нәтижені дұрыс белгілеу. Әдістемелік жұмыстың мазмұнын анықтайтын құжаттар:
•    Қазақстан Республикасының заңдары, Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттары, нұсқаулары, бұйрықтары;
•    Дәстүрлі әдістемелік қызмет мазмұнын көбейтуге жаңғыртуға мүмкіндік беретін мектепті дамыту туралы жаңа бағдарламалар, стандарттар және базистік оқу жоспары, авторлық баламалы бағдарламалар, оқулықтар және оқу құралдары.
•    Әдістемелік қызметтің ғылыми деңгейін көтеретін жаңа психологиялық-педагогикалық, психологиялық-физиологиялық және әдістемелік зерттеулер.
•    Әдістемелік мазмұнды өзгертетін инновациялар.
•    Әдістемелік тақырыпты оның негізгі міндеттерін әдістемелік жұмысты және өздігінен білім алуды анықтауға көмектесу үшін оқу-тәрбие процесінің жағдайын, оқушылардың білімдік, тәрбиелік және даму деңгейлерін диагностикалау және болашағын болжау.
•    Қатені түзетуге көмектесетін әдістемелік қызметтің көпшілік және озат тәжірибесі туралы ақпараттарды аудан, қала, аймақ, республика мектептерінен жинау.
•    Әдістемелік қызметтің маңызды нысандарының бір түрі -педагогикалық ұжымның топтасуына көмектесетін мекемесінің бір әдістемелік тақырып бойынша жұмыс істеуі.
Оқу-әдістемелік жұмыс мектептің әдістемелік қызметі көмегімен жүзеге асады. Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарының оқу әдістемелік жұмысы жүйесінде, мұғалімдерді оқыту жетекші орын алады.
3. Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұны:
•    мемлекеттік стандарт талаптарына сай оқыту сапасын көтеру;
•    типтік оқу бағдарламаларына сүйеніп оқу бағдарламалық құжаттарды, пәндерді тереңдетіп оқытатын бағдарламаларды жасау;
•    оқу бағдарламалық құжаттарды талдау;
•    оқу процесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды оқып үйрену және қолдану;
•    жетіспейтін оқыту құралдарын жасау;
•    тестілік тапсырмаларды жасау;
•    озат педагогикалық тәжіриебені анықтау, зерттеу, қалыптастыру және тарату;
•    жас мұғалімдерге көмектесіп, өзара сабақтарға және ашық сабақтарға қатысу және оларды талдау;
•    пән бойынша байқауларды, олипиадаларды өткізу;
Мұғалім жұмысының табыстылығы өз біліктілігін тұрақты түрде жетілдіруге байланысты. Оған әрбір мұғалімнің шығармашылық жұмысын бақылайтын әдістемелік бірлестіктердің жұмысы көмектеседі. Әрбір мұғалім өздігінен білім алу жоспарының орындалу барысы туралы әдістемелік бірлестіктің мәжілісінде есеп береді. Әрбір мұғалімде бақылау жұмысының (мониторинг) нәтижелері, тоқсан қорытындылары туралы материалдар жинақталған папка болады. Мектеп директорының орынбасарлары әрбір мұғаліммен тоқсан қорытындысы және қатынасқан сабақтары бойынша әңгіме өткізеді.

Әдістемелік кеңес
Оқу-тәрбие поцесінің ғылыми-әдістемелік қамтылуын, педагогикалық кадрлардың әдістемелік оқуын ұйымдастыру    Білім беруді ақпараттандыру және колледжде әдістемелік жұмыс пен оқу-тәрбие процесінің әдістемелік қамтамасыз етілу жағдайына диагностика жасау.
Колледжде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа әдістемеліктехнологиясын дайындау.    1. КОБ-ді дайындау барысында оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілудің және педагог кадрлардың әдістемелік оқуларының мақсаттары мен тапсырмаларын қалыптастырады.
2. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру әдістері мен түрлерін, мазмұнын анықтайды, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға материалдар әзірлейді.
3. Педагог кадрлардың әдістемелік оқуларын жүйелеуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, жүзеге асырады, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі нәтижелерге сараптамалар жасайды, бағалайды.
4. Педагогикалық  кадрлардың әдістемелік оқуы мен оқу-тәрбие процесінің әдістемелік қамтамасыз етілуіне байланысты педагогикалық мәселелерді шешеді.
5. Педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді оқытудың, әдістемелік нұсқауларды жасау, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелердің таралуының түрлі шараларының жүйесін әзірлейді.
6. Кафедралар жұмысын әзірлейді.

4. Әдістемелік жұмыстың түрлері:
• ұжымдық: бір пәннен беретін мұғалімдер атқаратын жұмыстар - мектепаралық, аудандық (қалалық) семинарлар, конференциялар, педагогикалық оқулар, көрмелер, шығармашылық кештер, кездесулер, кафедраның, мектептің, таңдаулы мұғалімі "Жыл мұғалімі" сайысы, авторлық бағдарламаларды, оқу құралдарын талқылау.
• топтық: шығармашылық топтарға біріккен мұғалімдердің жұмысы, оқушылардың білімін тексеру нәтижелерін, тест және сауалнама сұрақтарын талқылау, жаңа технологияларды, ғылым жетістіктерін талқылау.
• жеке жұмыстар: төлімгерлік, мектеп басшысымен жұмыс, өздігінен білім алу, рефераттар, сабақ жоспарлары, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, дәстүрлі емес сабақтар.
Семинарлар. Оларға дайындық кезінде баяндамалар әзірленіп, мұғалім мектеп тәжірибесінен, деректі материалдар жинайды, қосымша әдебиеттер оқиды, құжаттармен танысады. Семинарда жекелеген мұғалімдер дайындаған баяндамаларын оқиды, басқаларын толықтырады, сұрақтар береді, пікірталастарға қатысады.
Конференциялар және педагогикалық оқулар жылына бір рет өтіп, онда мұғалімдер есеп береді, бір мәселені шешуге бағытталған жұмыстарын көрсетеді. Мұғалімдер озық тәжірибемен танысып, пікір алмасады.
Шығармашылық топтар озат тәжірибені жүйелеумен, хабарлаумен және таратумен айналысады, тәжірибеге жаңа әдіс-тәсілдерді енгізеді. Топ өз жұмысын әдебиеттер оқудан, түрлі мұғалімдердің сабақтарына қатысудан, белгілі бір гипотеза, жорамалдар айтып, оны тәжірибеде тексеруден бастайды. Шығармашылық топтар оқу процесіне белсенді түрде ықпал етеді.
Тәлімгерлік. Жас мұғаліммен әңгіме оны мектептің дәстүрімен, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерімен, жекелеген мұғалімдердің жақсы жұмыстарымен таныстырудан басталады.
Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары жас мұғалімді сабақ жоспарларын жасауға, құжаттарды дұрыс безендіруге үйретеді. Жас мұғалімнің сабаққа әзірлігіне көмектесуге баса назар аударылып, тәжірибелі мұғалімдер жас мұғалімдерге көмек береді.
Ашық сабақтар – көмектің тиімді түрі. Олар диагностикалық карта негізінде жүргізіледі. Әдістемелік жұмыстың тиімді түрі – мектеп директорлары орынбасарларының кеңес-практикумдары.
Мұғалімдер диагностика жүргізіп, оқу-тәрбие жұмысын талдап отырады.
Өздігінен білім алудың бағыттары:
•    жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды оқу, олардың ерекшеліктерін, оларға қойылатын талаптарды анықтау;
•    қосымша жаңа материалдар оқу;
•    зертханалық және тәжірибелік жұмыстар ұйымдастыру;
•    техникалық оқыту құралдарымен жұмыс істеп үйрену.
Әдістеме саласында саралап оқыту тәсілдеріне, оқушылардың ой жұмысын, өздіктерімен жұмыс істеуін, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға, пән бойынша сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарды байланыстыруға баса назар аудару керек.
5. Әдістемелік жұмысқа басшылық
Әдістемелік бірлестікті ұйымдастырушылык; қабілеті бар, шығармашылықпен айналысатын мұғалім басқарады. Ол бір жылға сайланады, ұсынылады.
Әдістемелік жұмысты директор басқарып, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары бағыт беріп, бақылайды.
Пәндік әдістемелік бірлестіктердің мәжілістерінде берілетін пән саласындағы жаңа зерттеулердің нәтижелерімен, әдістеменің жұмыс тәсілдерімен танысып, техникалық оқыту құралдарымен жұмыс істеуге үйрену керек. Әрбір мұғалімнің өз жұмысының нәтижелері туралы баяндама және хабарлама оқығаны жақсы. Мұғалімдер үшін жақсы мектеп -сабақтарды оқу процесіне қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан, теорияға сүйеніп талдау.
Ғылыми-әдістемелік жұмысты басқару
Модуль    Мақсаты    Мазмұны    Жауапты
Ақпаратпен қамтамасыз ету    Ғылыми-әдістемелік ақпаратпен, нормативті құқықты және басқару құжаттармен тиімді жедел таныстыруды қамтамасыз ету    1. Республиканың, облыстың, колледждің, озық педагогикалық тәжірибелері ғылымның, ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың жетістіетері, кітапхананың жаңа толықтырулары жөнінде мәліметтер қорын жасақтау:
2. Инновациялық жұмыстар мен оқу-тәрбие процесінің жағдайы жөнінде сараптама жасау, өндеу және ақпараттар беру.
3. Алынған ақпарааттың жүйелілігі және онымен ұжымның танысуы    Директор
Методист
Кітапхана меңгерушісі
АӘО
Оқу-әдістемеліктермен қамтамасыз ету    Оқу-тәрбие процесінің нәтежелілігі мен тиімділігінің жетістігі ретінде, әрбәр педагогта профессионалдық шеберлікті қалыптастыру    1. Бастауыш, негізгі мектептерді, колледжді, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, жаңа буын оқу-әдістемелік жиынтықтарымен, бағдарламамен, оқулықтармен қамтамасыз ету және студенттердің дер кезінде оқуын, олармен жас оқутышылардың жұмыс жасауын қадағалау.
2. Жалпы орта білім және кәсіптік орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын әрбір оқытушының игеруін қамтамасыз ету.
3. Тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, тәлімгерлікті жетілдіру және жас оқутышыларға көмек беру.
4. Кафедралардағы ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жағдайын зерделеу, салыстыру, сараптамаларын өткізу.
5. Оқутышыларды аттестациялардан өткізу, педагогикалық шығармашылықтарының дамуына байланысты ынталандыру шараларын енгізу.
6. Оқутышылардың біліктілігін арттыру мақсатында ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу.
7. Оқутышылардың жұмыстарының нәтижесі жөнінде диагностика өткізу.    Әдістемелік Кеңес



Кафедра меңгерушілері





Директордың оқу, тәрбие, машық жөніндегі орынбасарлары.
Ғылыми-әдістемелік және зерттеулермен қамтамасыз ету        1. Ұжымның және оның әрбір жеке мүшесінің инновацялық жұмыстарының дамуы.
2. Колледждің дамуының стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыру.
3. Кафедралардың ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Колледждің дамуының негізгі бағыттары эксперементтік жұмыстарды ұйымдастыру.
4. Мемлекеттік стандартты, оқытудың жаңа технологиясының нормативтік әдістемелік құжаттарын әзірлеу. Инновациялық сипаттағы тапсырыстар мен мәселелерге көңіл.
5. Оқу-тәрбие процесіне АКТ енгізу.
6. Барлық арнайы пәндерден ЭӘЖ жасақтау.    Ғылыми-әдістемелік Кеңес

Білім мазмұнын ақпараттандыру зертханасы
Аттестациялық диагностикамен қамтамасыз ету

1. Мемлекеттік стандарттар мен білім беру бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
2. Аттестаттауды жоспарлау және оны өткізу.
3. Колледжішілік және педагогикалық тиімділік мониторингін ұйымдастыру.
4. Педагогикалық процестегі барлық субъектілерінің жұмысын зерделеу үшін диагностикалық жабдықтауды жүзеге асыру.
5. АКТ жағдайында жұмыс жасауға педколледждің әдістемелік дайындық деңгейін автоматтандырылған диагностика бағдарламасын дайындау.    АӘО Диагностикалық орталық
Қарлық және материалдық-техникамен қамтамасыз ету    Нарықтық қатынас жағдайында колледждің автономды (дербес) қалыптасуын қамтамасыз ететін экономикалық механизм жасау.    1. Сметаның статьялы орындалуын жоспарлау.
2. Білім беру қызметіндегі мемлекеттік тапсырыстардың орындалуына келісім-шарттар мен бағдарламаларды әзірлеу.
3. Ақылы қызметтерді ұйымдастыру.
4. Демеушілік қаражат тарту.
5. Мамандарды дайындау жұмыстарын ішінара-келісімді түрінде ұйымдастыру.
6. Бухгалтерлік есепті жоспарлау мен ұйымдастыру және орындалуын қадағалау.   

Директор



Бас бухгалтер

Әдістемелік бірлестіктің жұмысын талдау
1.    Аудандық, мектепаралық мектепішілік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілерін жоспарлау жағдайы    -    бірлестік жетекшілерін әдістемелік жұмысты басқаруға дайындық дәрежесі.
2.    Аудандық, мектепаралық мектепішілік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілерін жоспарлау жағдайы    -    жаңа оқу жылына белгіленген міндеттердің дәлелділігі;
-    өткен жылғы міндеттерімен байланысы, қайталануы;
-    міндеттердің маңыздылығы, әдістемелік бірлестіктің өткен жылғы жұмысын талдау;
-    оның тереңдігі, толықтылығы;
-    әдістемелік жұмысты белсенді түрлері; жоспардың жүзеге асырылуы;
3.    Әдістемелік бірлестіктің жұмысының мазмұны (тақырыптары).    -    тақырыптарының маңыздылығы;
-    бірлестіктің жұмыс мазмұны мен оқу-тәрбие процесінің байлнысы;
-    бірлестіктің жұмыс мазмұны мен мұғалімдердің жеке білім жетілдіружұмысының байланысы;
-    методологиялық, ғылыми-теориялық, методикалық (әдістемелік) дайындықтың тығыз байланыстылығы;
4.    Әдістемелік жұмыстың түрлері мен әдістері.    пайдаланатын іскерлік ойындардың, жеке тапсырмалар орындаудың тиімділігі.
5.    Әдістемелік бірлестіктің жұмысына әсер ететін (+), (-) факторлар.    факторлардың сипаты, (-) факторлардың пайда болу себептері, оларды жою шараларының тиімділігі;
6.    Біріңғай әдістемелік тақырыппен жұмыс істеу барысы    - мұғалімнің ғылыми-әдістемелік дайындық дәрежесі;
- жаңа теориялық негіздерді мұғалім өз тәжірибесінде пайдалану дәрежесі;
- ұжымдық-шығармашылық ізденістің нәтижелігі;
- әдістемелік жұмыстың түрлері мен қорытындылау жұмысының тиімділігі;
7.    Мектепішілік әдістемелік бірлестіктің жұмыс барысы    - әдістемелік жұмыстың сапасы;
8.    Тірек мектептеріндегі әдістемелік бірлестіктің жұмыс барысы    Тірек мектептер жанында оқып жүрген мұғалімдердің ғылыми-теориялық әдістемелік дайындық деңгейі.
9.    Мұғалімдердің өз бетімен білім дәрежесін жетілдіру жұмысын ұйымдастыру.    - өз бетімен білім жетілдіру жұмысының оқу-тәрбие сапасына әсері, тиімділігі;
10.    Аудандық методикалық шаралардың нәтижелігі.    - тақырып маңыздылығы; ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, педагогикалық оқулардың, семинарлардың маңыздылығы, олардың мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік, кәсіптік шеберлігіне әсері,
- конференцияларда, педагогикалық оқуларда
- қабылданған нұсқаулардың тиімділігі, орындалу сапасы;
Қосымша 1
Аты жөні:
Санаты, дәрежесі:
Жүктемесі:
Мамандығы
Педагогикалық___________________________________________________________
іс әрекетінің мәселесі______________________________________________________


№    Жұмыстың мазмұны
І.    Құжатпен жұмыс
1.    Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
2.    Сабақ жоспары.
3.    Жаңа дәрістерді, курстарды, семинар және тәжірибелік жұмыстарды дайындау.
4.    Пән бойынша оқушылардың жазбаша жұмыстарын бақылау
5.    Оқытушының жеке папкасының ресімделінуі және оның мазмұны
6.    Электронды және бейнематериалдарды жинақтау
7.    Жұмыс жоспарын, оқу кабинетінің паспортын жасау
8.    Оқу кабинетінің қорын жинақтау (дидактикалық материалдар, көрекіліктер)
9.    Дидактикалық материалдар кешенің жаңа білім беру стандартының талаптарына сай құрастыруы және жаңартылуы
10.    Кабинеттің безендірілуі
11.    Оқу кабинетіндегі үнем тұратын және ауыспалы стендтерді безендіруі
ІІ.    Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет
1.    Өзара сабаққа қатынасу
2.    Ашық сабақты өткізуі
3.    Дәріс беретін сабақ бойынша сыныптан тыс іс-шараны ұйымдастыру
4.    Сыныптан тыс аудиторияға жетекшілік ету, іс-шараларды көрсету, үйірмелер.
5.    Әдістемелік семинар жұмысына қатынасу
6.    Студенттер мен оқытушылардың ғылыми-әдістемелік конференциясының жұмысына қатынасуы
7.    Облыстық конференцияларға қатынасу
8.    Сынып жетекшілеріне арналған психологиялық семинар-тренингтерге қатынасу
9.    Колледждің педагогикалық және әдістемелік кеңестеріне қатынасу
10.    Облыстық МБЖИ әдістемелік жұмыс
11.    Оқулықтар мен ОӘК апробациясына қатынасу
12.    Педагогикалық тәжірибені қорытындылау
13.    Дәріс беретін сабақтары бойынша аса білімді оқушылармен жұмыс
14.    Дәріс беретін сабағы бойынша үлгермейтін оқушылармен жұмыс
ІІІ.    Өз білімін жетілдіру бойынша жұмыс
1.    Пән бойынша әдістемелік әдебиетке жазылу
2.    Әдістемелік әдебиетті оқу
3.    Өз білімін жетілдіру (баяндама, реферат, әдістемелік немесе дидактикалық жасақтар)
4.    Жаңа технологияны енгізу
5.    Иемделінген бағдарламаны жасақтау және енгізу
6.    Авторлық бағдарламаны жаңа пәндер және жаңа оқыту бойынша жұмыс жоспарына жасақтау және енгізу
7.    Авторлық оқу құралын әдістемелік нұсқаулықтарды жасақтау және енгізу

Қосымша 2
Сол бағытта жауап беруші директордың орынбасарымен толтырылады
Аты-жөні:
Кафедра:
Лауазымы:
Неі бітірген:__________________________________________________________________
Қай жылы:
Мамандығы:
Санаты:
Өтімі:
Сынып жетекшілік:

Іс-әрекеттің түрі және оның параметрлері Орындалу деңгейі    2005-2006 оқу жылы
І. Мұғалімнің АКТ жағдайында жұмысқа әзірлігінің диагностикасы    Төмен деңгей (1-2 балл)    Орта деңгей (3-5 балл)    Жоғары деңгей (6-7 балл)
Оқу ақпаратын модульдеу           
- дәріс беретін пәні бойынша білімі;           
- дәріс беретін пәні аумағындағы ғылыми-әдістемелік білімі;           
- оқыту прцесінің психологиялық түйінін білуі;           
- оқыту прцесінің педагогикалық заңдылықтарын білуі;           
-    білім беру стандарты және оқыту ақпаратын талдаудың тәсілдерін меңгеруі;           
-    оқыту ақпаратын логикалық құрастырудың тәсілдерін меңгеруі;            
-    білімді жергілікті, жүйелілік және қызметтік дәрежеде бағалаудың тәсілдерін меңгеруі;           
-    пәнаралық байланысты талдаудың тәсілдерін меңгеруі;           
-    пән бойынша және пәнаралық білім беруде жүйелікке қызығушылықты тудыруы;           
-    білім берудің мазмұнын құрылымдандыру мен алгоритмдеуге тырысуы;           
-    кәсіби іс әрекет объектісіне бағытталғаны.           
Ақпараттық білім беруші жазықтықты құрастыру           
-    қазіргі ақпараттық ресурстарды білуі;           
-    оқуға арналған бағдарламалық құралдардың түрлерін білуі;           
-    ақпараттарды жинақтау, талдау және жүйелеу әдістерін білуі;           
-    оқу ақпаратын іздеудің тәсілдерін меңгеруі;           
-    ақпаратты ақпар базасы ретінде жинақтаудың тәсілдерін меңгеруі;           
-    қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияға, АМҚ, пән салалары бойынша әдебиетке қызығушылығы;           
-    қазіргі ақпаратты іздестіру тәсілдерін меңгеруге тырысуы;           
- АКТ-ға бағытталуы           
Қашықтық қатынасын жобалау           
-     оқыту әдісінің мазмұнын білуі;           
-     оқытудың инновациялық технологияларын білуі;           
-     бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жас ерекшеліктерін және жеке ерекшеліктерін белсендіру тәсілдерін білу;           
-     бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейлерін қалыптастырудың әдістемелік тәсілдерін білуі;           
-     оқыту әдісін бағалаудың тәсілдерін меңгеруі;           
-     қашықтық арақатынас әдістерін жобалаудың тәсілдерін меңгеруі;           
-     АКТ функционалдық мүмкіндіктерін жүзеге асырудың тәсілдерін меңгеруі;           
-    инерактивтік өзара қатынасына қызығушылығы;           
- шығармашылық өзара қатынастардың жаңа нысандарын іздестіруге тырысуы           
Оқыту сапасының мониторингі           
-    оқытудың оқу-танымдық іс-әрекетінің педагогикалық диагностикасының теориясын білуі;           
-    білім сапасын бағалаудың көрсеткіші мен критерийлерін білуі;           
-    оқыту поцесінің нәтижесін педагогикалық талдау нәтижесін білуі;           
-    білім сапасын диагностикалаудың автоматтандырылған технологияларының тәсілдерін меңгеруі;           
-    тестілеуші және бақылаушы бағдарламалардың мазмұның құрастырудың тәсілдерін меңгеруі;           
-    АКТ қодану мен білім сапасының педагогикалық талдау тәсілдерін меңгеруі;           
-    Оқушының және тұлғасын зерттеудегі автоматтандырылған технологиясына қызығушылығы;           
-    АКТ қолданумен оқушылардың үлгерімін талдауға тырысуы;           
-    Қайта даярлау курсына қатынасуы (+1 балл әрбіреуіне);           
- өз әріптестерінің сабақтарына қатынасуы (1 балл әрбіреуіне).           
ІІ. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесі    Төмен деңгей (0 балл)    Орта деңгей (+1 балл)    Жоғары деңгей (+2 балл)
-    дәріс беруші пәндері бойынша жалпы үлгерім деңгейі:
барлық дәріс беретін сабақтары бойынша көрсеткіші
дәріс беретін сабақтарының саны    50% төмен    50% төмен 100% жоғары    100%
-    білімділік сапасының деңгейі:
барлық дәріс беретін сабақтары бойынша көрсеткіші
дәріс беретін сабақтарының саны    Жалпы топ    20% төмен    20% төмен 45% жоғары    45%
Арнайы топ    30% төмен    35% төмен 75% жоғары    75%
-    жартыжылдықтың қорытындысы бойынша оқушылардың пәннен алған бағалары.    «2» (әрбіреуіне -1 балл)    «3» (әрбіреуіне -0,5 балл)    «4» (әрбіреуіне +0,5 балл)    «5» (әрбіреуіне +1 балл)

-    пәндік олимпиадалар бойынша жүлдегерлер саны    колледжде (әрбіреуіне +0,5 балл)    қалада (әрбіреуіне +1 балл)    облыста (әрбіреуіне +2 балл)    Республикада (әрбіреуіне +3 балл)

-    оқушымен жүргізілген ғылыми-зерттеушілік жұмыс және оның қорытындысы ретінде оқушының жұмысы     колледжде (әрбіреуіне +0,5 балл)    қалада (әрбіреуіне +1 балл)    облыста (әрбіреуіне +2 балл)    Республикада (әрбіреуіне +3 балл)

-    педагогикалық тәжірибені қорытындылау және «Жыл оқытушысы» сайысына қатынасуы               
-    пән бойынша сыныптан тыс іс-шараны жеңімпазы               
-    кабинетті қарау сайысындағы жеңімпазы               
Барлығы               
ІІІ. Оқу әдістемелік жұмыс    мерзімі    Болмады (0 балл)    Болды (+1 балл)    Сөйледі (+2 балл)
-    педагогикалық кеңесті өткізуге қатынасуы               
-    әдістемелік семинарлардың жұмысына қатынасуы               
-    әдістемелік кеңестің жұмысына қатынасуы               
-    директор жаныңдағы кеңеске қатынасуы               
-    ғылыми-әдістемелік конференцияға қатынасуы
колледж ішіндегі               
-    облыстық               
-    республикалық               
Барлығы               
IV. Пән бойынша ғылыми-зерттеушілік және тәжірибе-эксперементтік жұмыс.    Формальды түрде (0 балл)    Апробация (+0,5 балл)    Іске асырылды (+1 балл)
-    оқушылардың білімін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу           
-    эксперементтік жұмыс           
-    жаңа технологияларды енгізу           
-    икемделген бағдарламаларды әзірлеу және енгізу.           
- оқытудың жаңа түрлері бойынша авторлық бағдарламаларды, жұмыс жоспарларын әзірлеу және енгізу.           
-    авторлық оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және енгізу.           
-    өзінің білімін жетілдіру бойынша тақырыптық жұмыс (баяндама, реферат, әдістемелік немесе дидактикалық материалдар)    Басылған (+0,5 балл)    Колледждегі сөйлегендері (+1 балл)    АМҚ басылуы (+2 балл)
Барлығы           
V. Құжаттармен жұмыс істей білуі    Қателіктермен (әрбіреуіне -1 балл)    Жетіспеушіліктермен (0 балл)    Ескертусіз (+1 балл)
-    күнтізбелік жоспарды құрастыру деңгейі           
-    сабақ жоспарларын құрастыру деңгейі           
-    журналды жүргізуі           
-    пән бойынша жазба жұмыстардың өткізілуін бақылау жүйесі           
-    оқытушының жеке папкасының рәсімделуі және оның мазмұны           
Барлығы           
VІ. Кабинеттегі жұмыс           
-    кабинеттің паспорты           
-    кабинетті қолданудың ережесі           
-    кабинет жұмсының графигі           
-    кабинет жұмсының жоспары           
-    кабинетте бар оқу-әдістемелік, дидактикалық, техникалық, және басқа оқыту құралдарына сәйкес картотеканың болуы           
-    оқу-әдістемелік кешеннің кабинет профиліне және білім беру стандартының талабына сай болуы           
-    ҚТ ережелері, санитарлық-гигееналық нормалар, безендіруге қойылған эстетикалық талапты сақтауы:    Төмен деңгей (0 балл)    Орта деңгей (+1 балл)    Талапқа сай (+2 балл)
-    санитарлық-гигееналық жағдайы           
-    ҚТ бойынша стендтің болуы           
-    жасыл өсімдіктердің болуы (әрбіреуіне 1 балл)           
-    эстетикалық, безендірілуі           
-    сыныптағы жиһаздың жағдайы           
-    тұрақты және ауыспалы ақпараттық стендтің болуы           
Барлығы           
VІІ. Еңбек тәртібі    Себепсіз жағдай бойынша (әрбіреуіне -1 балл)    Себепті жағдай бойынша (әрбір 3 күнге +1 балл)    Ескертусіз (+2 балл)
-    жұмысқа кешігуі           
-    сабақтарды жіберуі           
-    ауырып қалуына байланысты сабақ жіберуі           
-    тәрбиелілігі, сыпайылығы (әріптестермен, оқушылармен, олардың ата-аналарымен дау жағдайларының болмауы немесе болуы)    Өзара қатынастарында мәселелер бойынша даулардың болуы (әрбір дауға -3 балл)    Жоғары деңгей (даусыз) (+3 балл)
-    қоғамдық міндеттемелерге қатынасы    Немқұрайлы қарап, бас тартады (әрбіреуіне 1 балл)    Тәуелді болып жасауы (0 балл)    Ескертусіз (әрбіреуіне +1 балл)
-    АҚ және ТЖ кзіндегі оқулар кезіндегі нұсқауларға икемделе білуі            
-    Барлығы           
Мұғалімнің рейтиннгін есептеу нысандары    Балалар сапасы критерийлер саны           

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика


Яндекс.Метрика