1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек»

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Аймауытов Жүсіпбек 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы Қызылтау ауылында дүниеге келді. 1931 жылы Мәскеу қаласында дүниеден өтті. Жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. Павлодарда орысша-қазақша екі кластық мектепті, Семей оқытушылар семинариясын бітірген. Аймауытов 1911-14 жылы ауылда мұғалім, 1919-1922 жылы Халық ағарту комиссариатында алқа мүшесі, Семей губерниялық оқу бөлімінің бастығы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы. 1922-1924 жылы Қарқаралыда мұғалім, 1924-1926 жылы «Ақ жол» газетінде әдеби қызметкер, 1926-1929 жылы Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметтерін атқарған. 1929 жылы «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұиқындалып, 1931 жылы атылған.
Шығармашылық жолы 1910 жылы басталды. Педагогика, психология, әдістемелік, эстетикалық тәрбие туралы кітаптар жазды.
«Ақбілек», «Қартқожа» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комлексті оқу жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» ғылыми еңбекбектері сан-салалы талант иесінің қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалары. 1918-1919 жылы М. Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарды. Кеңестік билік 1988 жылға дейін Аймауытовтың шығармаларын оқуға тыйым салды.
Қазақстанда 1996-1999 жылы 5 томдық шығармалары жарық көрді.

«Ақбілек»

«Ақбілек» романындағы оқиғалар өмірден алынды. Ақбілек әлемі, Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Маңыздысы-жазушының жан әлемін жаулап алған, қазақ қызының тағдыры. Автор оқиға өміріне сай Алтай өңірі, Марқакөл, Күршім маңайын, табиғат тамашаларын әсерлі, шабытты сөз етсе, енді бірде ала ат мінген жалғыз адам туралы, сосын жекелеген бейнелер Ақбілек, Бекболат, Офицер, Мұқаш сияқты кейіпкерлерді сөйлетеді. Жазушы Ақбілекті өмір-тағдыр талқысына сала отырып, ауылдың өсек аяңынан арашалап, қара мұрттың алдындағы әлсіздігін де сездірмей, қаладан бақытына жолықтыруы-кеңестік кезеңнің талабы. Қазақ әйелінің еркіндік алу салтанаты, жемісті сәті. Сондай-ақ, Төлегеннің үйінде қонақта болған зиялы қауым өкілдерінің өзара әңгіме-сұхбаттарынан қазақы қалжың, пәтер, темекі төңірегінде өріс алған әңгіме арнасы - бай-кедей, тап мәселесіне алып келеді. Әкімшілік кілті кедейдің қолында болып, кооператив, артель ашу қажеттілігін Ақбала қадап айтса, білімі тәуірлеу, кітапты көп қарастырған Жорғабектің саясат пен тап тартысы, капитал дәуірі мен төңкеріс туралы көзқарастары кей тұстары әсерлі шығып отырды. Ақбілектің, Балташтың, Жорғабектің арасындағы әңгіме қазақ даласындағы қайнап жатқан саяси өмірді көруге болады.
Ж. Аймауытов роман оқиғасын тарата, көркем, келісті баяндайды. Шығарма тақырыбы иемденген басты тұлға – Ақбілек аяулы әке мен қымбат анасының алдында ерке де әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ бұл жарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт төрт атты бұзғанды. Олар бейбіт ауылдың апшысын қуырды. Үлкен үй – дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бәйбішесін атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес.
Бұл – бай қызының ес білгелі кезікпеген кедергісі, жат адамдардың сойқан жәбірі еді. Он екі дебір гүлі ашылмаған – Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды...
Ақбілектің жан дауысы, шерлі мұңы, сезімі барға жеткендей-ақ. Бірақ, оған тіл қатып, үн қосқан ешкім болмады. Бірақ ертеңгі күнге сенімін жоғалтпады. Іскендір дуанамен кездескеннен кейін жанын жеген азап пен қорлық ұмытылғандай болып еді. Бірақ ел ішіндегі өсек-аяң, бұрынғы ғашығы Бекболаттың тояттаған соң сырт айналуы жан жарасын одан сайын қоздырды.
Ақбілек трагедиясы сол кездегі ұлттық мәселелермен байланысты. Ақ орыс солдаттарының ұрлап әкетуі, Ақбілекті қара мұрт офицердің әйел қып ұстауы – бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін ауыртпалық. Қыздың бостандыққа ұмтылғанымен, ел бетін көре алмай қиналуы, әкесінің қашқақтауы, атастырған күйеуінің тайсақтауы, ел-жұрттың оған бір түрлі аяушылықпен қарауы өлімнен де ауыр. Оның үстіне орысты кәпір деп қарайтын ұғым бар. Ауыл жігіттерінің зорлығы болса, еленбей де қалуы мүмкін нәрсені «кәпірдің қолына түсіп, соған қатын болған» сөзді тіпті көпіртіп әкетеді. Өйткені ел түсінігінде  кәпір атаулы жау, онымен араласқан, шатасқан елдің бәрі харам және діннен безген. Бүкіл халықты, оның ішінде қазақ қызын осы тұйықтан алып шыққан Қазақ төңкерісі, Кеңес өкіметі.  
Ел көзіне көріне алмай, күлкі болып ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам қатарына қосылып, жар тапты, бақытты өмірге қадам басты, Міне « Ақбілек» романының бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.

«Өскмен қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ
Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі Амренова М. Қ.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.