1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


Клубтар

Бүгінгі кітапханалар - заманауи, көп салалы ақпараттық-зияткерлік орталық.  Бұл  орын түрлі ақпарат  алумен бірге  өзара қарым-қатынас жасайтын тамаша орта деуге болады. Кітапханамызға келген адамдар бос уақыттарын мәнді өткізіп, рухани демалып қайтулары үшін біз қолымыздан келген жақсылдықтардың бәрін жасаймыз. Мәселен, бұл орайда  кітапханаларымызда қызығушылықтары мен мүдделері бір арнада тоғысқан  әр жастағы адамдардың басын қосатын  клубтар да жұмыс істейді. Клубтардың басты міндеттері-адамның жан-жақты дамуына және ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына ықпал ету.
Клуб – мақсаттары, мүдделері, қызығушылықтары бір адамдардың ерікті бірлестігі. Тұрақты  мүшелері және белгілі бір уақыттан бері жалғастырып келе жатқан жұмыстары клубтардың басты белгісі болып табылады.
Клуб бір тақырыппен, немесе тапсырмалармен ғана  емес,   мүшелерінің өз еріктерімен және бастамаларымен жүзеге асырып келе жатқан жұмыстарымен де айырықшаланады. Өзара еркін қарым-қатынас адамдар үшін өте пайдалы, әрі тиімді. Олар басқосуларында өзара ақпарат алмасып, оқыған-тоқығандарын ортаға салады, білгендері бойынша тәжірибе, пікір алысады, бір-біріне  ақыл-кеңестерін айтып, қиналғандарға көмек қолұшын береді. Пікірлес достар табады.
Кітапхана осындай клуб ашуға ниетті адамдарға ұйымдастырушы ретінде көмектесуге қашанда дайын. Сонымен бірге клуб қызметтеріне бақылау жасап, жан-жақты көмек көрсетеді. Осылайша, клуб жұмыстарын жақсарту арқылы кітапхана  орналасқан жердегі тұрғындардың да кітапханаға баруға деген қызығушылықтарын тудыруға болады.

Жаңа ұсыныстар, бастамалар мен кездесулер үшін біздің кітапханамыз  әрқашанда ашық!
1 Өлкетану 183
2 Орталық қалалық кітапхана 16630
3 Орталық балалар кітапханасы 33237
4 №1 кітапхана бөлімшесінде 14250
5 №2 кітапхана бөлімшесінде 13890
6 № 3 кітапхана – бөлімшесі 53311
7 №4 кітапхана –бөлімшесі 57603
8 №5 кітапхана-бөлімшесі 9765
9 №7 кітапхана – бөлімшесі 62184
10 №8 кітапхана-бөлімшесі 58288
11 № 9 кітапхана-бөлімшесі 10880
12 №10 кітапхана-бөлімшесі 59034
13 №11 кітапхана-бөлімшесі 10903
14 № 12 кітапхана-бөлімшесі 3845

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.