Алдияр Әубәкіровпен кездесу өтті //Алдаспан, -2016. -4 ақпан

Басып шығару

Қаңтардың 29-ы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінін  25 жылдық мерекесіне  орай, Орталық   қалалық кітапханада қаламгер,  өлкетанушы, коллекция жинаушы , мұрағатшы Әубәкіров Алдияр Ақылбекұлымен кездесу кеші өтті.

Елеулі еңбектерімен ел есінде қалып , Шығыс Қазақстан тарихында есімдері жазылған жандар жайлы бірқатар кітаптар мен очерктердің авторы Алдияр Әубәкіровтың өлкетану саласындағы еңбегі де ауқымды. Мұрағатта басшылық еткен жылдарында шаң басып жатқан көне құжаттарды парақтап, тарихқа тамшыдай болса да үлесін қосу үшін талмай еңбектенді. Елі мен жеріне деген махаббат қолына қалам алғызып, толғандырды. Сөйтіп, «Жазира»(2004), «Сағыныш»(2006), «Абай және Сальери»(2008), «Рапиық»(2009), «Ер Сәтбек» (2011), «Жарлығап батыр»(2012), «Соңғы монолог»(2012), «Бәйтерек»(2013) сияқты кітаптарын жұртшылыққа ұсынды.

Жақында Алдияр Ақылбекұлының «Мои четверостишия» деген тағы бір жаңа кітабы қазақ және орыс тілінде жарыққа шықты. Бұл шығармашылығында Отанға деген сүйіспеншілік, ата-ананы, балалық шақты, туған жерді сағыну және тіршіліктің сан бояулары Алдияр Ақылбекұлының қаламынан өлең болып өрнектелген.            

Аяу Төлеубек

Алдаспан.2016.-4 ақпан