1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Пожарный қиылысы, Горький атындағы көше

Пожарный қиылысы, Горький атындағы көше
Пожарный қиылысы... Көптеген өскемендіктер үшін бұл қиылыс таныс емес. Ежелгі қала тұрғындарының есінде  бұл көше Мир және М.Горький көшелерінің бұрышында орналасқан өрт сөндіру каланчасы, қаладағы ауқатты адамдардың үйлері, көпестердің дүкендері, сауда орындары ретінде қалды (қазір бұл жерде обком партиясының гаражы).  Қиылыс сондықтан Пожарный деп аталып еткен.

«Алтай» мейрамханасы орналасқан ғимаратты қазір облыстық этнографиялық мұражайдың көрме залы. Ғимаратты тұтқындағы чехтар бай И.Н. Кожевников көпеске арнап салған. Бүкіл аймаққа әйгілі Савве Семеновтің сауда үйінің орнында қазір  «Сауле» дүкені жұмыс істейді. Осы жерде Ахмет Рафиков пен Бобров саудагердің дүкендері болды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін бірінде дәріханалық дүкен, екіншісінде – А.С.Пушкин атындағы кітапхананың оқу залы орналасты.

Пожарный қиылысында: Николай Семенов, Ахмет Рафиков, Иван Кириллов, Федор Нудин, Михаил Шиляев және т.б. қаланың басқа да ауқатты адамдарының үйлері орналасты. Осы ғимараттар революция жеңісінен кейін мемлекет меншігіне көшіп, мемлекеттік, сауда және мәдени-ағарту мекемелері орналасты. Қазіргі кезде көпес М. Шиляевтің үйінің орнында облыстық саяхат бюросы жұмыс істейді. Көпес А. Рафиковтың екіқабатты үйінің орнында бау-бақша өсіруге құмарлардың қоғамдастығы жұмыс істейді.  Пожарный қиылысы 1936 жылы ұлы пролетарлық жазушы Максим Горькийдің атындағы көше аталды.  Жылдар өткен сайын көше көз алдында өзгерді. Көше жолдарына асфальт төселді. Осы жерде төртқабатты  Шығыс-Қазақстандық геология басқармасы мен үшқабатты үйлер салынды. 1973 жылы әйнек пен бетоннан жасалған қазіргі заманға лайықты ОӘД ғимараты ашылды. Өскемен қаласының атқарушы комитеті де осы көшеде орналасқан.

Көшенің бас жағында ескі жер үйлердің орнында қазір жайлы саябақ, «Орленок» балалар кинотеатры жұмыс істейді.  Киров және М.Горький атындағы көшенің бұрышында Өскемен қамалы салынатын орынды анықтағандардың бейнесін сомдаған ерекше мүсін бар.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.