1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Базарный қиылысы, Тоқтаров атындағы көше

Революцияға дейін қалада Базарный қиылысы болды. Ол Ертіс өзенінен бастау алып Үлбіге дейін созылып жатты.  Қиылыстың Базарный аталуы Андреевской және Большой көшелерінен Пожарной қиылысына дейін бүкіл кварталды алып жатқан базарға байланысты болды. Базарда сауда қызу жүрді, әр жексенбі сайын барлық жерлерден крестьяндық ауылшаруашылық өнімдерді әкеп сатты.

Қарама-қарсы – базардың пайда болуына дейін салынған Покровский шіркеуі тұрды. Базарный қиылысының қасбетінде қала азаматтары мен саяси қуғынға ұшйрағандар салған Халық үйі орналасты. Қаладағы бірінші мәдени – ағарту мекемесінде кітапхана, мұражай бөлмелері болғанын жоспарлады. 1905-1907жж. революция кезінде Халық үйінің көрермендер залында  О.Ф. Костюрин жиналған көпшілік қауымға болған оқиға туралы түсіндірді.  1918 ж. осы жерде театр жұмыс істеді. Халық үйі мен Покровский шіркеуінің арасында бірқабатты тастан қаланған Өскемен қазыналық ғимараты, одан кейін дәріхана, қазір – халық шығармашығының үйі орналасты.                                                                 Осы жерден ұзамай банк ғимараты салынды, қайта жөндеуден кейін бүгінгі күнгі де банк қызметін атқаруда. Қиылыста архитектурасы бойынша қызықты ғимараттар орналасты. Біздің ғасырымыздың басында алтынөндіруші - Меновщиковтың екіқабатты үлкен үй салынды (қазір облыстық типография). Тұтқындағы чехтардың салған көпестер үйінің бірінде облыстық Пушкин атындағы кітапхана орналасты. Андреевской көшесінің бұрышында қаладағы бірінше радиотүйінжұмыс істей бастады (қазіргі кезде тұрғын үй).

1935 жылдан бастап бұл аудан өзгере бастады. Қиылыс Театральный көшесі деп аталды. Базар – Пожарный және Сенной қиылысының арасында орналасты. 1936 жылы Покровский шіркеуі құлатылып, орнына парк ашылды. Кезіндегі шулы қиылыс тыныш көшеге айналды, ал 1943 жылы біздің жерлесіміз Кеңес Одағының батыры Т.Тоқтаровтың есімі берілді.

60-70 жылдары көшенің бас-аяғы көпқабаты тұрғын үйлермен қоршалды. Қазіргі уақытта  Т.Тоқтаров атындағы көшесіден Ушанов атындағы көше қиылысына дейін қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жеңіс даңғылы қалыптасқаннан кейін  «Востказгеология» ПГО мен облисполкомның қонақ үйі орналасады деп жоспарланған.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.