1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Соборный қиылысы, Урицкий атындағы көше

Бұл шағын әрі тар көшенің бойымен көп жылдар бойы қаладағы автомобилдер жүруде.  Соборный қиылысы атауымен бұрыннан белгілі. 19 ғасырдың тамаша архитектуралық ескерткіші ретінде Покров шіркеуі салынды. Оның күмбезі алыстан көз тартып тұрды. 1936 жылы бұзылып, кірпіші теміржол вокзалы мен майзаводының ғимаратын салуға жұмсалды. Шіркеу алаңының орнына базар алаңына қарасты жерде С.М. Киров атындағы саябақ ашылды.     
Шіркеуге қарама – қарсы 1902 жылы қайтадан ашылған Мариин әйелдер ущилищесі тұрғызылды. Училище жанында бастауыш училищелерге арналған мұғалімдерді дайындайтын екіжылдық жұмыс істеді.  Педагогикалық  курстардың  тыңдаушылары  халыққа  білім  беру  қоғамының  қаржысына  оқып, 1925 жылға дейін қаладағы мұғалім мамандардың негізгі құрамына кірді. 60 - жылдардың ортасына дейін бұл ғимаратта әр жылдары А.В. Луначарский атындағы  II дәрежелі мектеп, С.М. Киров атындағы әйелдер мектебі, кешкі орта мектеп, кейінірек аурухана жұмыс істеді. Бүгінгі  күнде бұл жерде облыстық этнографиялық мұражайдың көрме залы орналастырылған.
Шіркеудің  жанында бір қабатты қалалық басқарудың ғимараты тұрды. 1918 жылы  бұл  ғимаратқа  Өскеменнің  Совдепі  келіп  орналасты. Одан кейін ұзақ жылдар бойы бұл жерде мектеп, пионерлердің қалалық үйі болды. Бұл ғимаратты қайта жөндеуден өткізгеннен кейін, облыстық тарихи – өлкетану  мұражайына  берілді.    
Соборный қиылысындағы үйлерде алтынөндіруші Касаткин мен Костин, Усов, Муравьев, Кривошеин, Шкарпетин көпестер, сыра шығаратын заводтың иесі Яворовский, діни қызметкерлер тұрды. Олардың кейбіреулерінің үйлері 80-жылдарға дейін сақталды.                                                                        Шіркеуге қарама-қарсы ұзақ жылдар бойы қалалық атқарушы комитет, горсобес орналасты. Бірқабатты кірпіштен тұрғызылған үйде шіркеудің діни қызметкерлері тұрды.  Діни қызметкер Гамаюнов осы үйдің ең соңғы тұрғыны болды.
Кеңес  үкіметі  жылдарында  Соборный  қиылысы  Урицкийдің атымен    аталды. 50 - жылдары бұл көшеде № 30 орта мектептің ғимараты (қазір мұғалімдерді жетілдіру институты), балалардың музыка мектебі (қалалық АХАЖ бюросы), кейінірек көпқабатты тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараты салынды. Урицкий атындағы көшені Жеңіс даңғылына  жаңадан салынған тұрғын үйлер қиып өтті.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.