1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Медвежья көшесі, Буров атындағы көше

Өскемен қаласындағы Буров атындағы көше 1945 жылға дейін Медвежья көшесі деп аталып, сол кезде бұл қаладағы шеткі көшелердің бірі болған. Көше Медвежья (кейін Пионер) аралынан бастау алғандықтан осылай аталған екен.      1914 жылға дейін көшенің сол жағы ғана салынды, одан ары қарай иең дала. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында көшенің оң жағы салына бастады. Ұзақ жылдар бойы бұл көшедегі әдемі үй - Риддер темір жол басқармасының ағаштан тұрғызылған ғимараты болған. Өскемендіктердің көпшілігінің есінде поликлиника болып қалды. 1940 жылы бұл ғимаратқа  Кенді Алтайдың геологиялық орталығы деп есептелген "Алтайцветметразведка" тресі орналасқан. Трестің бас   инженері болып П.П.Буров қызмет етті. 1929 жылы Ленинградтағы тау-кен институтын бітіріп біздің өлкемізге жас маман ретінде жолдамамен келіп, геологиялық - барлау партиясын басқарды. Міне, осындай кезде біздің өлкеге келген, өлкеміздің жер қойнауындағы бағалы қазба байлықтарын барлау іздестіру жұмыстарын қолға алып, оған тікелей басшылық еткен азамат П.П.Буров болған еді. Риддер, Сокольный кен көздері ашылғаннан кейін, Белоусов пен Зыряндағы кен көздерінде геологиялық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырды.  Кенді Алтайды зерттеуде одан көп еңбек сіңірген жан болмады десе де болады.
42 жасында өмірден кеткенмен П.П.Буровтың Кенді Алтай жерінде және осы өлкенің тарихында есімін мәңгі сақтау мақсатында Медвежья көшесі 1946 жылдан бері Буров есімімен аталатын болды.

Қазіргі уақытта осы көшеде ағаштан тұрғызылған поликлиниканың ғимараты кірпіштен жаңадан салынды. Одан кейін Госгортехнадзордың Шығыс Қазақстандық аумақтық округінің екіқабатты ғимараты бой көтерді. 40-50 – жылдары «Казолов» фабрикасы орналасты. Көшеде бірде бір жеке жер үйлер қалмады, олардың орнына көпқабатты үйлер салынды. 1953 жылы салынған автомагистральмен жүздеген адамдар күнделікті Өскемен – Зырян темір жолы арқылы жүре алды. Жаңадан салынған жайлы үйлердің бірінде А.П.Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасы орналасты. Көше абаттандырылып отырды, ештеңемен қоршалмағандықтан үнемі Ертістен самал жел есіп тұрады.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.