1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Никольская көшесі, Ушанов атындағы көше

Өткен ғасырдың екінші жартысында біздің қаламызда жаңа Никольская көшесі пайда болды. Көше Ертіс жағалауынан бой көтерді. Осы жерлерде уез бастығы, атаман, жергілікті гарнизонның офицері, саудагерлер мекендеді. Тау жаққа қарайтын базардың артында жермен жұмыс істейтіндер келіп қоныстанды. Көшенің жалғыз көрнекті жері 1897 жылы салынған учищенің ғимараты болды. 1930 жылдан 1958 жыл аралығында осы ғимаратта педучилище жұмыс істеді.

20-жылдары Никольская көшесі  Троцкийдің атымен аталды, кейіннен Өскемендегі совдептің бірінші төрағасы   Яков Васильевич Ушановтың есімі берілді.

Көше адам танымастай өзгерді. Ертіс жағасындағы көшенің басында Кеңес өкіметі үшін күрескендердің туысқандық зираты бар. Өскемен қ. Кеңес өкіметінің көтерілісінен кейін Ертіс жағасындағы туысқандар зиратына 1919 жылы

30 маусымдағы Өскемен түрмесіндегі көтеріліске қатысушылардың мәйіті жерленді. Сонымен қатар, Қараш ауылындағы (қазіргі Самар ауданының Подгорный ауылы) 26 подпольщиктердің мәйіті мен Өскеменде 1919 жылы маусымда атуға ұшырағандардың мәйіті де осы жерге жерленді.

50-жылдардың екінші жартысында бұрынғы базардың орнында Ленин атындағы алаңның негізі қаланды, осы жерге  1958 ж. 6 қарашада В.И.Ленинге ескерткіш орнатылды. 1959 жылы жаңа Байланыс үйі ашылды. 1961 жылы негізі қаланған Кеңестер Үйі пайдалануға берілді, ал 1973 жылдың ақпанында облыстық саяси ағартушылық партия комитетінің үйі салынды. Оның жанында кейінірек  «Басты шығыс құрылысының» ғимараты орналасты. 1961ж.                    16 қарашада Ушанов атындағы көшеде орналасқан Өскемендік аспаптар заводы өз өнімдерінің бірінші партиясын шығарды.
Ағаш пен саманнан жасалған үйлерден басқа  көпқабатты  жаңа үйлер салына бастады. Көшелер гүлденіп, жолдарға асфальт жайылды. 1958 жылы Өскемен вокзалын Защита, Востокмашзавод станциялары мен қорғасын – мырыш комбинатын байланыстырған трамвай желісі төселді.

1970 жылы Өскемен қаласы Ушанов көшесі арқылы Ертістің солжақ бөлігінде жаңа авто жол көпірі салынды.

80-жылдары қаладағы ең үлкен орталық әмбебап дүкен, КСРО Мембанкінің облыстық конторының жаңа ғимараты ашылды.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.