1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Андреевская көшесі, Мир және Головков көшелері

Өскемен қаласында Андреевская атындағы көше болды. Ертіс жағалауынан басталып, базар алаңдары мен өрт сөндіру депосының жанын басып өтіп, 1899-1902 жж. саяси қуғынға ұшырағандар отырғызған қалалық баққа (қазіргі Жамбыл атындағы саябақ)  дейін созылып жатты.

Осы көшеде бірінші болып алтын өндіруші Маханов пен Брюхановтың үйлері (қазіргі Мир көшесі мен Крылов атындағы көше бұрышында) салынды. Олар қаладағы ең беделді адамдардың бірі болғандықтан, адамдар ұзақ уақыт ол жерге өз үйлерін қатар салуға батылы жетпеді. Сол себептен Крепостной (қазіргі Крылов атындағы көше), Мешіт (К.Маркс атындағы көше) қиылысының бойы ұзақ уақыт бос тұрды, ол жерге Кеңес өкіметі жылдарында ғана үйлер салына бастады. 1886 жылы осы көшенің сол жағында ерлерге арналған алғашқы училищенің (1881ж. ашылған) екі қабатты ғимараты салынды. Ұлы Отан соғысына дейін түрлі жылдарда осы ғимаратта оқу орындары (Р.Люксембург атындағы            1 дәрежелі мектеп, жетіжылдық қазақ мектебі, Риддерлік кеңес партиясының мектебі, комполитпросветтехникум) орналасты.  1939 жылы Киров атындағы орта мектеп ашылды. Соғыс жылдарында барлық ғимараттар эвакогоспитал болды. Соғыс аяқталғаннан кейін 60-жылдары осы ғимаратта облыстық аурухананың хирургиялық бөлімі орналасты, одан кейінгі жылдары кешкі орта мектеп ашылды. Ғимарат облыстық этнографиялық мұражайға берілді. Осы ғимараттың жанына Халық үйі салынды. Оған қарама – қарсы қаладағы алғашқы дәріхананы ашқан саяси қуғынға ұшыраған Иньковтың үйі мен «Модерн» электротеатрын ашқан Литвиновтың үйі орналасты. Осы ғимаратта 30-жылдары жұмысшы жастардың театры болды, 40-жылдың соңынан 60-жылдың басына дейін – православтардың шіркеуі (қазір бұл жерде облыстық партия мұрағатының ғимараты) орналасты. Электротеатрға қарсы 30-жылдары екіжылдық медициналық мектепке арналып жабдықталған тастан жасалған шарап сататын дүкен жұмыс істеді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Пожарный қиылысының бұрышында тұтқынға түскен чехтар Кожевников көпеске арнап архитектуралық жоспар бойынша әдемі ғимарат салды, көпес ол жерде ыдыс-аяқ сататын дүкен ашты. Ұзақ жылдар бойы осы ғимаратта «Алтай» мейрамханасы жұмыс істеді, қазір – облыстық этнографиялық мұражайдың көрме залы.

Андреевская көшесінің шетінде кірпіштен салынған Өскемен түрмесінің ғимараты болды. Кейіннен түрменің ғимараты бұзылып, оның орнына екіқабатты үй салынды.
1920 жылы Андреевская көшесі Ленин атындағы көше аталды. Елуінші жылдардың соңында Өскеменде Ленин атындағы даңғыл бой көтергендіктен, ол Мир көшесі деп аталды. Қазір қаладағы тыныш, жасыл желекті көшенің бірі.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.