1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Троицкая көшесі, К. Либкнехт атындағы көше

Троицкая көшесі – қаладағы ескі көшелердің бірі. Ертіс өзенінен Үлбі өзеніне дейін созылып жатты. Бұл көшеде Өскемен қаласының ең ауқатты адамдары – алтын өндіруші Валитовтар, олар Тайынтыдағы алтын қазбалардан басқа Ертістен асыра жылқыларды табынымен ұстады. Сондай – ақ,  Күршім, Майқапшағай және т.б. жерлердегі алтын қазбаларының иесі - А.С. Меновщиковтың үйлері орналасты. Біздің заманымызда Валитовтың үйінде И.К.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының Алтай бөлімі, ал Меновщиковтың үйінде облтипография орналасқан. Валитовтың үйіне қарама-қарсы бұрышта ағаштан жасалған мешіт болды. Сондықтан ол жер Мешіт қиылысы аталып кетті (революциядан кейін – К.Маркс атындағы көше атанды). Мешітте мұсылмандық мектеп жұмыс істеді.

Троицкий көшесінде шарап пен жеміс сатқан көпес Кривошеиннің, саудагер Шиляев пен Серовтың, тон тігетін шеберхана қожайындары Мальцев пен Пахаруковтың, дін қызметкерлерінің сәнді, зәулім үйлері орналасты.

1914 жылы Крепостной қиылысының (қазіргі Крылов атындағы көше) бұрышында әйелдерге арналған қаладағы бірінші гимназияның ғимараты салынды.1919 жылы осы ғимаратта училище ашылып, екінші ауысымда сабақтар өтті. Училищеде оқитындардың білім деңгейі бүгінгі күнгі техникум бітіргендермен теңесе алатын еді. Революциядан кейін ғимарат халықтың білім алуына пайдаланылды. 40-50 жылдары осында Крылов атындағы ерлерге арналған жеті жылдық мектеп жұмыс істеді, 60- жылдары кітапхана және балалардың спорттық мектебі орналасты. Қазір ғимарат құлатылған.

Революциядан бұрын көшенің сол жағындағы үйлердің бірінде (военкомат ауданы) «Голос Алтая» газетінің редакторы В.Куратов үй жалдап тұрды. 1920 жылы Троицкая көшесі  К.Либкнехт атындағы көше болып өзгертілді. Бүгінгі күні оның кішкене ғана бөлігі қалды, олар Крылов атындағы көшеден М.Горький атындағы көше аралығында орналасқан  ескі ғимараттар.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.