1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Өскемен қ. "Құрметті азаматтары"

Черкашина Алимпиада Ивановна

1936 жылы 30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Кулуджун ауылында дүниеге келген
«Үлбі металлургия зауыты» ААҚ ҒЗЛО шаруашылық қызметінің жұмысын реттеуші. 40 жылдан астам Үлбі металлургия зауытында орталық зауыттың лабараториясында қызмет атқарды. Бірнеше рет халық депутаттарының аудандық және қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қазір - Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты. Қаланың қоғамдық жұмыстарын белсенді атқарады. Қала мен аймақтың экологиялық мәселелерін шешуін өзінің басты ісі деп санайды. Ол біздің қала экологиялық апат аймағы болып саналуы үшін көп жұмыстар атқарды.

Чернов Алексей Иванович

1924 жылы Ақмола облысындағы Балкашино ауылында дүниеге келген
Ұлы Отан соғысынына қатысқан. 1945 жылдың наурыздағы Одерді басып алу кезінде көрсеткен ерлігі үшін Совет Одағының батыры атағы берілген. Соғыстан кейін Талғарлық ауыл шаруашылық техникумын бітірді, көп жылдар бойы «Алтайқорғасынқұрылыс» трестінің транспорттық конторында механик, алдын алу шеберханасында бастық, бас инженер болып қызмет етті. «Востокстроймеханизация» тресті автотранспорттық көсіпорынының бастығы. Жұмыс ұжымында қадірлі және сыйлы болған, қала транспорттарындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге көп көңіл бөлген. Қалалық және еңбекші депутаттар Кеңестерінің депутаты болып сайланды.
А.И. Черновтың есімімен Өскемен қаласының «Б» кварталындағы бір көше аталады.

Чижиков Павел Лукич

1913 жылы 17 маусымда Днепропетровский облысы Долинский бекетінде дүниеге келген
«Алтайқорғасынқұрылыс» тресті бастығының орынбасары. 1947 жылдан бастап қаланың құрылыстық ұйымдарында әр түрлі басқарушы қызметтерде жұмыс істейді: «Алтайқорғасынқұрылыс» трестінің бас прора-бы, құрылыс басқармасының бас инженері, «Жилгражданстрой» трестінің бастығы, Главвостокстрой бастығының орынбасары. Облыстық және қалалық Кеңестерінің депутаты болып сайланды, Октябрьский кентінің биік үйлерін салу, ескірген барақ үйлерді бүзу, қаладағы әлеуметтік мәдени-түрмыстық қүрылысын түгелдей қадағалау сияқты қала объектілерінің құрылысы мен дамуына үлкен үлес қосты. Оның еңбегі Құрмет Белгісі ор-денімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен және көптеген ме-дальдармен белгіленді.

Чистяков Михаил Иванович

1917 жылы 3 қыркүйекте Башкирияда Ургуш ауылында дүниеге келген.

Ақын. Ұлы Отан соғысына қатысушы.   Қазақстан Республикасының  өнер саласына еңбегі сіңген қайраткер. Өскемен қаласында 1947 жылдан бастап тұрады. № 25 орта мектепте сабақ берді, «Рудный Алтай» газетінің редакциясында жұмыс істеді. Көп жылдар бойы «Звено Алтая» әдеби бірлестігін басқарды. КСРО және Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, 15-тен астам поэтикалық және прозалық кітаптардың авторы. «Дорога» кітабы үшін Қазақстан жазушылар Одағы сыйлығының иегері атанды. Оның кейіпкерлерінің арасында өскемендіктер аз емес.

Зейнеткер. Білім алушы жастар арасында қоғамдық жұмыстарды жүргізді, Шығыс Қазақстандағы ақын– жазушыларды өнерге  тәрбиеледі. Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, ерлігі мен еңбегі үшін көптеген медальдармен марапатталған. ШҚМУ-нің құрметті профессоры.

Шаров Владимир Иванович

1946 жылы 6 қазанда Ульяновск облысы Мелекесс қаласында дүниеге келген
Омскілік Фрунзе атындағы жоғарғы жалпы әскери командалық учи-лищесін бітіргеннен кейін 1967 жылы Забайкальский әскери округына лейтенат атағымен рота командирі болып қызмет етуге жіберілді. Одан кейін Прикарпатский әскери округында қызмет етті, 1977-1980 жылдары Чехословакиядағы орталық әскери топта болды. 1980 жылдың қаңтар айынан бастап Ауғаныстанға шектеулі мөлшердегі әскер құрамында батальон командирі болып қызмет етті. 1980 жылдың 3 қазанында ауыр жарақат алып, ауруханада ұзақ емделгенімен көзі мүлдемге көрмей қалды Отставкадағы подполковник. 1 топтағы мүгедек. Өскемен қаласына келіп, қайтадан жазуды үйреніп, соқырлар қоғамындағы жүмыстарға белсене қатысты, басқа мүгедектерге қала мен қоғамның көптеген мәселелерін шеше білуге көмектесті. Адамдар оған сеніммен қарады. Сүйіспеншілікпен - «әке» деп атады.
Соғыстағы ерлігі үшін «КСРО Қарулы күштерінің Отанға қызметі үшін», II және III дәрежелі Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды.

Шаяхметов Багдат Мухаметович

1946 жылы 17 қарашада ШҚО Күршім ауданы Камышинка ауылында дүниеге келген.

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның президенті. 1969 жылы Қазақ қполитехникалық институтын бітіріп, Өскемен ТМК-на бағытталған. Осында металлургия өндірісінің барлық баспалдағынан өтті: жұмысшыдан, шеберге дейін, цех бастығы, директордың орынбасары, бас инженерден – комбинат директорына дейін. Алпыстан астам авторлық куәліктер мен өнертабыс патенттердің, ғылыми мақалалардың авторы. Қазақстанда Б.М.Шаяхметовтың белсене қатысуымен қазақстандық титан шикізаттың минералды-шикізат базасын құру, құрамында титан бар шлактарды балқыту бойынша жаңа өндірістерді ашу  жұмыстары  жүргізілуде.  Шаяхметов Б.М. - Халықаралық Академия  мен Қазақстан Республикасының инженерлік Академиясының академигі, қазақ ұтлттық техникалық университеті мен Шығыс Қазақстан техникалық университетінің құрметті профессоры, ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Қазақстан Республикасының кен орындарын бірінші ашушы»,  «Қазақ КСР еңбегі сінген мәдениет қайраткері», «Жыл адамы», «Онжылдықтың қамқоршысы» атақтары берілген.   «Отан» және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

 

Шик Лео Богданович

1934 жылдың 30 сәуірінде Волгоград облысында дүниеге келген. Өмір қиындықтарын ерте жастан кешкен Лео Шик 6 жасында жетім қалып, соғыс жылдарының бар ауыртпашылығын көрген. Басына түскен жағдайларға мойынұсынбай төзімділік таныта білген азамат Өскемен қаласында Достық үйінің ашылуына, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына тікелей қатысқан, еңбек сіңірген жандардың бірі. Лео Богдановичтің атсалысуымен Белорусь, Татарстан республикаларымен, Ресей Федерациясымен және шекаралас елдердің әкімшіліктерімен достық тығыз қарым-қатынас орнатылды. Сонымен қатар, бұл азамат ынтымақтастық кәсіпкерлікке де үлкен көңіл аударады. Лео Шиктің араласуымен кәсіпкер-немістер ассоциясы құрылып, сондай-ақ, оның септесуімен Татар сауда үйі ашылды.Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы аясында, Ассамблея мүшесі Шик Лео Богдановичке «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағы табысталды.

Көбірек ақпарат...

Щербаков Борис Васильевич

40 жыл жас натуралисттердің облыстық станциясында үйірмелердің жетекшісі және әдіскер ретінде жұмыс істеді. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге, Шығыс Қазақстан табиғатының сақталуына, аймақтық күзетшісі және БАҚ-на ғылыми білімді насихаттауға зор үлес қосқаны үшін 12 рет ХШЖК Алтын және Күміс медальдарымен, ал 1976 жылы КСРО үкен Күміс медалімен марапатталған. Қазақ КСР Білім беру ісінің үздігі. Қазақстанның адамдары мен табиғаты туралы 15-тен астам ғылыми-көркем кітаптың авторы. КСРО және Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі. Хошимин қаласының құрметті азаматы. «Қазақстан Конституциясының 10 жылдығы» медалімен, Қазақстан халқының Кіші Ассамблеясының «Алғыс» белгісімен марапатталған.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.