1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Өскемен қ. "Құрметті азаматтары"

Лебедев Валентин Витальевич

Родился 14 апреля 1942 года в городе Москве
Космонавт-испытатель. Герой Советского Союза, летчик-космонавт СССР. В 1966 году окончил Московский авиационный институт имени Орд-жоникидзе по специальности инженер-механик. В течение 23 лет работал в Научно-производственном объединении «Энергия», где проявил себя эрудированным и инициативным инженером, участвовал в разработке и испытаниях новых систем космических аппаратов. В 1971 - 1973 годах прошел курс в Центре подготовки космонавтов имени Гагарина. Получил диплом космонавта-испытателя. В 1973 году совершил космический по-лет на корабле «Союз-13. Выполнил обширную программу научно-иссле-довательских и прикладных экспериментов. По приглашению руководства области приезжал в наш город с дружеским визитом в январе 1975 года.

Лесечко Алексей Кузьмич

1925 жылы 17 қарашада Көкшетау облысы Андреевка ауылында дүниеге келген
1956 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітіргеннен кейін Ертіс мыс балқытатын зауытта жұмыс істеді. 1963 жылдан бастап партия жұмысында істейді. 1971 жылдан бастап 13жыл бойы Қазақстан Компарти-ясы Өскемен қалалық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды. Осы уақытта қалада «Казтяжпромарматура», керамика зауыты қатарға енгізілді, Востокмашзауытының және қорғасын-мырыш комбинатының қуаттылығы көбейді. Ертіс жағалауы және жаңа тұрғын мөлтек аудандары салынды. Өскемен қаласына қамқбрлық жасау оның жұмысының басты мәні болды. Республикалық маңыздағы дербес зейнеткер. Еңбекдемалы-сына кетсе де, туған қаласының игілігіне арналған қоғамдық жұмыстармен белсенді қатысқан. Оның еңбегі Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» орден-дерімен, медальдармен белгіленді.

Логвин Петр Иванович

1918 жылы Алтай өңіріндегі Локоть ауылында дүниеге келген
Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылдың қазанында Днепрдің оң жақ жағалауындағы Иваньков ауылындағы ерлігі үшін 'берілген Кеңестік Одақтың батыры атағын алды. Соғыстан кейін Прибалтика мен Молдавиядағы шекаралық заставаларда қызмет атқарды. 1950 жылдан бастап Өскемен қаласында тұрады, обл ыстық автотрестте автоколоннаның бастығы болып жұмыс істеді. Одақтық маңыздағы дербес зейнеткер. Бел-сенді қоғамгер, оны кеңесхалқының қатыгез күндеріндегі кеңесхалқының, майдандастарының ерліктері туральГ әңгімелерімен оқушылар мен жастардың арасынан жиі көруге болған.
Өскемен қаласының жаңа 23-мөлтек ауданында П.И. Логвинның есімі-мен бір көше аталады.

Ломако Федор Фадеевич

1904 жылы 12 шілдеде Краснодар өлкесі Темрюк қаласында дүниеге келген
КСРО Түсті металлургиясының Министрі. Елдің түсті металлургия жүйесіндегі өндірісін ұйымдастырушы. Москвадағы Түсті металдар және алтын институтын бітірді. Белсенді қоғамдық жұмысты жүргізді. 1937 жылы түсті металдар өңдеу бойынша Кольчугинский зауытының директо-ры лауазымына жоғарылады. Одан кейін «Главаалюминий», «Наркоцветмет» бастығы, КСРО түсті металлургияның халықтық комиссары болып тағайындалды. Жоғары мемлекеттік лауазымдарда жүмыс істей отырып, біздің облысымызға және Өскемен қаласына көп көңіл бөліп, үнемі қолдау көрсетті. Социалистікеңбекері, КСРОЖоғары Кеңесініңдепутаты. Жоғары Үкіметтік наградалары - 6 Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту ордені, Қызыл Жұлдыз ордені бар.

Маковеев Леонид Иванович

1911 жылы косторомалық шаруа отбасында дүниге келген.
Еңбек жолын «Ленинградстрой» трестінде кровельщик болып бастады. Ленинград коммуналдық шаруашылық инженерлері институтының сәулет факультетін аяқтағаннан кейін Куйбышевта жұмыс істейді. Соғыс кезін-де рота командирі, содан кейін 353 дивизиясындағы атқыштар полкының химиялық қызметін басқарды. Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз жауынгерлік ор-дендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін «Лен-гипрогор» институтында 30 жылдан астам жұмыс істеді.
Атақты жобалаушы жәие сәулетші. «Ленгипрогор» институты шеберханасының бригадирі. Өскемен қаласының Бас жоспарының бас сәулетшісі. Оның тікелей қатысуымен Өскемен қаласының Бас жоспа-рына Ленин даңғылының құрылысы туралы толықтырулар енгізілді және бұл құрылыс жүзеге асырылды. Оның жобасы бойынша УМЗ Орталық мәдениет үйі, «Б-Кварталында» көптеген ғимараттар салынды.

Малдыбаев Уралбек Бейсембаевич

1922 жылы 10 сәуірде  ШҚО Самар ауданы  Көк-Жота ауылында дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.   1948 жылдан бастап Өскемен Қаласында тұрып, жұмыс істеді. Комсомол обкомын басқарды, Шығыс Қазақстан  металлургия кәсіпорынының жұмысшылар кәсіподары обкомының хатшысы болды. 1969 жылдың қаңтарынан бастап 1984 жылы  құрметті еңбек демалысына кеткенге дейін облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып істеді. Түрлі деңгейдегі еңбекшілердің Кеңесіне депутат болып бірнеше рет сайланды. Бес орден, көптеген медальдар мен Құрмет  грамоталарымен марапатталған.

Мамбетказиев Ережеп Альхаирович

1937 жылы 13 қыркүйекте Астрахань облысы Калинино ауылында дүниеге келген.

Көп жылдар бойы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің ректоры болып қызмет атқарған. Химия ғылымының докторы. 1984 жылы Өскемен педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды. Оны дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарды. 1991 жылы Өскемен педагогикалық институты Шығыс  Қазақстан Мемлекеттік Университеті аталды. 1992 жылы  Қазақстан Республикасының білім Министрі болып тағайындалды. 1995 жылы өзі құрған ШҚМУ қайтадан келген соң қала жастарының интеллектуалды дамуы үшін ілгері дамыған инновациялардың жүзеге асуына барлық күш-жігерін салды.

Қазіргі уақытта қазақстандағы бірінші жеке меншік университет – ҚАЕУ-ін басқарады. «Менің қалам» қоғамдық қорының құрылтайшысы, оны құруға мұрындық болғандардың бірі.

 

Миллер Петр Климентьевич

1910 жылы Украинадағы Флөра ауылында дүниеге келген
Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылдың күзінде Днепрді басып алу кезінде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағы беріл-ген. Майдан шебінде Карпатты басып өтіп, Жеңіс күнін Чехославаки-яда қарсы алды. 1947 жылы Өскемен қаласына келді, 15 жылдан астам уақыт В.И. Ленин атындағы қорғасын-мырыш комбинатында жұмыс істеді. Одақтық маңыздағы дербес зейнеткер. Ерен еңбегі үшін «За трудовую доблесть» медалімен марапатталған. Жас үрпақтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған қаланың барлық іс-шараларына белсенді қатысушысы болған.
Өскемен қаласының 23-мөлтек ауданындағы бір көше П.К. Миллер есімімен аталады.

Никола Попович

1970 жылы 18 ақпанында Триполи (Ливия) қаласында дүниеге келген.
1997 жылдың шілде айынан бастап «Казцинк» ААҚ Басқармасының мүшесі болып табылады. 201 жылдың маусымынан 2014 жылға дейін «Казцинк» ААҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалған. Қазіргі уақытта «Kazzinc Holdings» ЖШС деректорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 2010 жылы ІІ санатты «Достық» орденімен марапатталған. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 ші және 12-1) тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: Ерен еңбегі үшін және облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін- Никола Потаповичке, «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағы берілсін.
Өскемен қалалық мәслихатының шешімі  34/8-V 2014 жылы 23 желтоқсан.

 

 

 

 

 

 

 

 

Парманов Павел Александрович

1895 жылы Нижегордский өлкесі Горбунов ауылында дүниеге келген
Азамат соғысына қатысуқан. Жиырмасыншы жылдары Врангель және Махноға қарсы соғысты. Бүкілодақтық қаржы академиясын бітіргеннен кейін 1935 жылы Өскемен қаласына жіберілді. ШҚО әр түрлі басқарушы қызметтерде істеді, 1946 жылдың мамырынан 1953 жылдың наурызы-на дейін қалалық атқару комитетін басқарды. Оның жігерлі қатысуының арқасында ҚМК Мырыш зауытының белгіленген мерзімде әрекеттегі қатарға енгізілді. Қалалық кеңестің депутаты болып сайланды. Үкіметтік наградалары бар.
Дербесзейнеткер. Еңбекдемалысына кетсе де, жас ұрпақтарды советтік дәстүрді қүрметтеуге жөне Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған белсенді қоғамдық қызметтерін жалғастырған.


Плахута Алексей Егорович

Плахута Алексей Егорович, 1936 ж.т., Epтic құрылыс басқармасын басқарған. Оның басшылығымен  Өскеменде Спорт сарайы, Орталық Мәдениет үйi, Epтic жағалауы мен Қызыл қырандар жағалауы, алты мектеп, балалар бақшасы, училищелер, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш тұрғызылды.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.