1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Өскемен қ. "Құрметті азаматтары"

Калиев Ауталиф Елтренович

1925 жылы 15 қазанда ШҚО Катон-Қарағай ауданы Қызыл Жұлдыз ауылында дүниеге келген.

Социалистік Еңбек Ері, Ленин сыйлығының иегері, КСРО-ның құрметті металлургі. Қазақ КСР жастарының еңбегі сінген тәлімгері. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Түрлі деңгейдегі еңбекшілердің Кеңесіне депутат болып бірнеше рет сайланды. Еңбектегі ерлігі мен қоғамдық жұмысқа белсене қатысқаны үшін Ленин орденімен екі рет, Отан соғысының екінші дәрежелі орденімен, «Орақ және балға» алтын медальмен және «Ерлігі үшін» медалі және көптеген әскери және еңбек медальдарымен марапатталған.

Әлібек Қаңтарбаев

Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев 1947 жылы Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында туған. Семей педагогикалық институтын бітіріп, 1970-1996 жылдары Катонқарағай ауданында мұғалім, мектеп директоры болып қызмет істеді. Он жылға жуық Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Қазір республикалық «Дала мен қала» газетінің облыстағы меншікті тілшісі.
Ақын, жазушы, драматург Ә. Қаңтарбаевтың «Ағажай Алтайдай жер қайда», «Қыран ғұмыр», «Сол бір кез есімде», «Армандастар» поэзиялық және прозалық жыр кітаптары жарық көрді. Жамбыл атындағы облыстық драма театрында «Армандастар» драмасы қойылды.
Әлібек Қалиұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

Карпенко Василий Севастьянович

1923 жылы 12 наурызда Орынбор облысы Полтавка ауылында дүниеге келген
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Прохоровкада түбіндегі шайқастан алған ауыр жарақаттан кейін шаруашылық жұмысына жіберілді. Соғыстан кейінгі жылдары партиялық және кеңестік органдардағы қызметтерімен байланысты. 1968 жылдан 1980 жылға дейін Өскемен қалалық халық де-путаттары Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Бұл кезеңде ескірген үйлер бұзылып, жаңа тұрғын үйлер, ауруханалар, тазарту ғимараттары, суқамалы, көпірлер, саябақтар салынды. 70 астам балабақшалар жұмыс істеді. Оның тікелей қатысуымен балалар мен жасөспірімдік хоккей коман-далары кеңінен құрылды. Дербес зёйнеткер.
Оның қаһармандық және бейбітшілік еңбегі Еңбек Қызыл Ту, 1 және 2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен белгі-ленді.

Климов Сергей Александрович

1949 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Самар селосында дүниеге келген. 
Өзінің еңбек жолын 1966 жылы жол басқармасында электрик үйренушісі болып бастаған. Әскер қатарындағы қызметінен кейін Томскідегі политехникалық институтқа түседі. Институтты тәмәмдағаннан кейін 1975 жылы Томск қаласындағы ғылыми зерттеу институтында инженер-механик болып істейді. 1980 жылдан бері оны Үлбі металлургиялық зауытында бериллий өндірісі үшін көп еңбек сіңірген талантты инженер ретінде таниды.
Оның активінде – бериллий өндірісінде өнім шығаруды жетілдіруде, оның номерклатурасын кеңейтуде және өнім сапасын арттыруда үлкен қадамдар жасауға жол ашқан әзірленген және ендірілген өнертапқыштық жұмыстардың, рационализаторлық ұсыныстардың үлкен тізімі бар. 
Оның бұл еңбегін кәсіпорын, «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясы бағалады. Сергей Александрович – ҮМЗ-де жоғары марапат болып табылатын В.П. Потанин атындағы сыйлықтың иегері. Ол «Зауыт ардагері», «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағын алған. 
Өскемендіктерге депутат Сергей Климов аймағымыздың экологиялық проблемаларымен талмас күрескер ретінде танымал.  20 жылдан астам уақыт бойы оны облыс орталығының тұрғындары қалалық мәслихатқа сайлап келеді. Бес шақырудағы мәслихатта жұмыс істей келе, оның құрылған уақытынан осы күнге дейін, ол қаламыздың жайлы, таза, адамдардың қалыпты өміріне бейім болуы үшін көп жұмыстар атқарды. 
Он бес жылға жуық уақыт Сергей Александрович қала шаруашылығы мен экология бойынша комиссияны басқарды. Сол жылдары Өскемен қаласында тұрғандар осы уақыт ішінде қаламыздың жақсы жаққа қаншама өзгергенін бағалай алады. Сергей Климов бүгінде «Өскемен қаласының құрметті азаматы».

Кокорин Федор Савинович

1918 жылы 20 желтоқсанда Пермь облысы Малые Кусты ауылында дүниеге келген
Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылғы 16 ақпанда Припять өзенін жаулап алу кезінде алған Кеңестік Одақтың батыры атағы беріл-ді. Соғыстан кейін Өскемен қаласына тұрақты мекен-жайға келді, онда ААФЖЕҚ облыстық комитетінде бас нұсқаушы болып жұмыс істеді. Одақтық маңыздағы дербес зейнеткер. Жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу бойынша үлкен қоғамдық жұмыс жүргізген, үнемі қаланың еңбектікжәне мектеп ұжымдарымен кездесіп, «Рудный Алтай» газетімен бірлесіп қызмет жасаған. Өскемен қаласындағы 23-мөлтек ауданының бір көшесіне Ф.С. Кокориннің есімі" берілген.

Колесников Михаил Иванович

1930 жылы 28 сәуірде
Солтүстік Қазақстан облысы Танкурийский ауданы Коноваловка ауылында дүниеге келген
Бас травматолог, облыстық аурухананың ортопедия бөлімінің меңгерушісі. 1963 жылдан бастап 40 жыл облыстық ауруханада орди-натор дәрігері, облыстың бас травматологы және ортопедия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Дәрігер-ортопед, медицина ғылымының кандидаты ретінде облыстың және қаланың ортопедиялық қызметін құра отырып, Елизаров аппаратын омыртқа аурулары кезіндегі операцияларда сәтті қолданды. Жамбас буыны жөне омыртқа құрт ауруымен ауыратын-дарды емдеуде өте көп білім мен куш жұмсады. Мұғалім ретінде облыс пен қаланың барлық травматологтарының өміріне тәжірибелік жолдама берді. Жеке өзі 14 мыңнан астам өр түрлі операциялар жүргізді.
Медицина саласыңцағы көрнекті жетістіктері үшін Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдарымен белгіленді. КСРО денсаулық сақтаудың үздігі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген дәрігері. Зайсан қаласының құрметті азаматы.
Қазіргі кезде зейнеткерлік демалыста, Өскемен қаласында тұрады.

Коротина Мария Ивановна

1927 жылы 5 желтоқсанда Тула қаласында дүниеге келген.

Дәрігер, Өз қызметіндегі 47 жылды қаланың денсаулық сақтау саласын дамыту?а арнады. Анестезиология-реанимация б?лімдерін, урология, нейрохирургия, балалар хирургиясы, бас с?йек – бет хирургиясы, екі травматологиялы? пунктті ашты. Т?рлі де?гейдегі е?бекшілерді? Ке?есіне, оны? ішінде ?аза? КСР Жо?ар?ы Ке?есіне депутат болып бірнеше рет сайланды. ?кіметтік наградалармен марапаттал?ан, оларды?  ?атарында  Е?бек ?ызыл Ту ордені де бар.

Куленов Ахат Салемхатович

1932-2007


1932 жылы 15 сәуірде Павлодарда дүниеге келген. Өз өмірін еліміздің түрлі-түсті металлургиясымен байланыстырды. Ұзақ уақыт В.И.Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында жұмыс істеді.    Кәсіпорынды 1981 жылдан 1994 жыл аралығында басқарды. Ахат Салимхатович Куленов — Қазақстанның  даңқты металлургі, Халық қаhарманы, ҚР-ның инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР еңбегі сіңген рационализаторы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің химия, металлургия және кен байыту кафедрасының профессоры,  "Алтын-Айма?" ММК  ЖАҚ-ның президенті, Өскеменнің Құрметті азаматы.

Кырыкбаев Замза Кадылшанович

1942 жылы 16 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Горное ауылында дүниеге келген.

Жамбыл атындағы мектеп-интернатын бітіріп, жолаушылар автопаркіне келді, онда 47 жыл жүргізуші болып жұмыс істеген. Қашанда алдыңғы қатардағы жұмысшылардың қатарында болды, маршруттарда авариясыз жұмыс істеді, бензинді, дөңгелектерді үнемдеді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес депутаты, халықтық депутаттардың облыстық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның еңбек жолы мен зор еңбегі Еңбек Даңқы орденімен, медальдармен бағаланды.

Лабуков Михаил Семенович

1946 жылы 15 қарашада Целинград облысы Макинск қаласында дүниеге келген
Өскемендік «Имстальком» АҚ металлоконструкция зауытының дирек-торы, Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы. «Имсталькон» АҚ металлоконструкция зауыты облыстағы тұрақты өндірістік кәсіпорын болып саналады. М.С. Лабуков өндірістік қызметпен қатар қоғамдық жұмыстармен де айналысады. Облыстық мәслихаттың депутаты. Облыс құрылысшыларының директорлар Кеңесінің Ассоциациясы мүшесі. «Вос-ток» футбол клубының президенті. Бірнеше үкіметтік наградалары, соның ішінде «Құрмет» ордені бар.

Лаптев Анатолий Павлович

1942 жылы 6 ақпанда Әзірбайжан КСР Баку қаласында дүниеге келген
«Беловодье ЛТД» ақпарат-жарнамалықагенттігінің директоры, «Хабар» агенттігінің штаттан тыс тілшісі. Қазақстан телеарнасыныңжәне киносының еңбек сіңірген белгілі қызметкері. 1961 жылдан бастап облыстық телеар-насында кинооператордың көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазақтелефильмнің» арнайы тілшісі болып жұмыс істеді, Республикалық және орталық телеарналарға облыс пен қаланың адамдары туралы апта сайынғы телерепортаждар берді. Ол «Мир» телерадиокомпанисының Шығыс филиалын басқара отырып, ШҚО мен Өскемен қаласының адам-дары мен табиғаты, оның көрнекті орындары туралы 30-ға жуық фильмдер түсірді. Оның шығармашылық еңбегГ көптеген сыйлықтармен, дипломдар мен кинофестивальдердің әр түрлі дәрежелелі сыйлықтарымен, белгіленді, ол Қазақстан комсомолының орталық комитеті сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері. КСРО мен ҚР-ның журналистер және киноматографтар Одағының мүшесі. Қаланың жастарды туған өлкесінің табиғатын сүюге және патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған әр түрлі шығармашылық іс-шараларына үнемі қатысады. 2007 жылы деректі киноны дамыту үшін қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты болды.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.