1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Өскемен қ. "Құрметті азаматтары"

Губушкин Михаил Кирсанович

1930 жылы 21 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Черемшанка ауылында дүниеге келген
1950 жылдан бастап демалысқа кеткенге дейін ІІМ органдарын-да қызмет атқарды. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң мамандығы кафедрасында және қылмыстық іс аумағында мұғалімдік ғылыми-зерттеушілік жұмыспен белсенді айналысты. Иістерді зерттеу мен сұрыптауға арналған құралға авторлық куәлігі бар, дактилоскопия бойын-ша ЭВМ - Минск-82 зерттеулерін енгізді. ІІМ отставкадағы полковнигі. Бірнеше рет қалалық және аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Демалысқа шығып Мирный кенті шағын ауданының қоғамдық Кеңесін басқарды, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысты. Арнайы басылымдарда және мерзімді баспасөзде 130 астам жариялымда-ры бар. 9 медальмен марапатталған. КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Халықаралық ғылым Академиясының тілші мүшесі.

Данилов Иван Петрович

1884-1975
1884 жылы 13 желтоқсанда Самар қаласында дүниеге келген. Қазан төңкерісі мен азамат соғысына қатысқан. Өскемен қаласында Кеңес үкіметін орнатуға атсалысқан. Я.Ушановтың басшылығымен Өскемен қаласы депутаттарының бірінші Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. Президиум мүшесі және халық шаруашылығының комиссары, жер-орман комитетінің төрағасы. Отан алдындағы еңбегі үшін Ленин атындағы орденмен марапатталған. Қоғамдық істерге белсене қатысқан. 



Дегтярев Василий Дмитриевич

1915 жылы 25 сәуірде Өскемен губерниясының Тульский ауылында дүниеге келген
Атақты металлург, В.И. Ленин атындағы қорғасын-мырыш комбинатының катодчигі, Социалистік Еңбек Ері. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскери наградалары бар. 1946 жылдан бастап өзінің өмірі мен еңбектік қызметін қорғасын-мырыш комбинатымен бай-ланыстырды, онда металлургиялық өндірісті меңгеріп, катодчик Дегтярев мектебін құрды. Оның еңбегі көптеген үкіметтік наградалармен белгіленді, оның ішінде екі Ленин ордені, «Еңбек үздігі» медалі, ал 1963 жылы түсті металлургияны дамытуда жеткен жетістіктері үшін Социалистік Еңбек ері атағы берілді. Облыс пен қалада үлкен қоғамдық жұмыстарды жүргізген, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, жергілікті Кеңестердің халық депутаты бо-лып сайланды. Одақтық маңыздағы дербес зейнеткер. Еңбек демалысында болса да, қамқорлыққа алынған мектептерді кәсіптік бағдарға, әскери-патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлген.

Джексенев Закирья Джексеневич

1913-2005

1913 жылы 1 шілдеде Ақмола қаласында дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. Шекара әскерлерінде  түрлі лауазымда  қызмет етті, Қазақ КСР-ның ІІМ жүйесінде жұмыс істеді. 1947 жылдан бастап 1983 жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасында жұмыс істеді, 18 жыл осы басқарманың бастығы  болды. Құқықтық тәртіп пен заңылықты нығайтуда оң нәтижелерге қол жеткізді, Қаланың жас милиционер-мамандарының бірнеше буынын тәрбиеледі. Мінсіз қызметі мен ерлігі, еңбектегі жетістіктері үшін қызыл Ту Еңбегі, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» және көптеген медальдармен марапатталған. 1963 жылы «3 рангалық милиция комиссары» атағы берілді.

Дмитриев Матвей Иванович

1925 жылы Шығыс Қазақстан облысы
Шемонайхы ауданы Верх-Уба ауылында дүниеге келген
Ұлы Отан соғысына қатысушы, Даңқ орденінің иегері, Курск доғасын, Днепр мен Одерді, Польша мен Чехословакияны жаудан азат етудегі ер-лігі мен батырлық көрсеткені үшін осы атақтар берілген. Соғыстан кейін Өскеменге келіп, 1947 жылдан бастап В.И. Ленин атындағы қорғасын-мырыш комбинатында металлургия өндірісінде қорғасын дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеді. Жас ұрпақтармен қоғамдық жұмыстар жүргізуге көп көңіл бөлген.

Додин Давид Наумович

1898 жылы мамырда Могилевский губерниясы Мстислав қаласында дүниеге келген
Еңбек жолын 14 жасынан жұмысшы болып бастады. Қазақстан Республикасының халықтық шаруашылығында әр түрлі жауапты лауазым-дарда жұмыс істеді. В.И. Ленин атындағы қорғасын-мырыш комбинатының жұмысшысы, 1946 жылдан 1959 жылға дейін қорғасын-мырыш комбина-ты мырыш зауытының саяси ұйымын басқарып, зейнеткерлікке шықты. Халықтық депутаттардың қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. екі «Құрмет белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапаттал-ды.
Республикалық маңыздың дербес зейнеткері. Еңбек демалысына кетсе де, Кеңестік халықтың жақсы салт-дәстүрлеріндегі жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған белсенді қоғамдық қызметін жалғастырған.

Зайцев Николай Алексеевич

1947 жылы 17 мамырда Челябинск облысының Қарағай ауылында дүниеге келген.

Облыстық этнографиялық мұражайдың директоры. Қазақстанның мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер. Облыстық этнографиялық мұражайды ашып, басқарды. Қызмет еткен жылдарында мұражай кешенін Қазақстанның Шығысындағы және жалпы республика бойынша этнографиянық ғылыми-ағарту орталығы мен мәдениет тарихына айналдырды. Біздің қаламыз еліміздің көрікті қалалардың бірі болуына зор үлес қосты. Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2007 жылы облыс әкімі сыйлығының иегері.

Захаренко Иван Иванович

Родился в 1888 году в селе Волково Витебской области (Беларусь).

Старейший работник перерабатывающей промышленности Усть-Каменогорска. С 14 лет уехал на заработки. Трудился на Балтийском судострительном заводе клепальщиком. Приехал ВКО в числе питерских коммунаров, работал председателем Семеноводсоюза в Семипалатинске, директором Заульбинской МТС в Усть-Каменогорске. В 1935 году был назначен председателем Горисполкома. С его именем связаны серьезные преобразования в Усть-Каменогорске. Лично курировал строительство первого промышленного предприятие в городе - маслозавод им.Красина, а с 1937 по 1958 год работал его директором.

Персональный пенсионер. Уйдя на заслуженный отдых, продолжал живо интересоваться проблемами предприятия, судьбами людей, саязавших свою жизнь с заводом, участвовал в вовпитании подрастающего поколения. Именем захаренко И.И. названа одна из улицгорода в микрорайоне им.Красина.

Иванов Анатолий Степанович

1928 жылы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха селосында дүниеге келді.

Жазушы, КСРО жазушылар Одағының мүшесі. Социалистік Еңбек Ері, кеңес ауылы мен ауыл шаруашылығының еңбеккерлері туралы «Тени исчезают в полдень», «Вечный зов», «Повитель» және басқа да  бүкіл әлемге танымал  романдардың авторы. А.С.Ивановтың туындыларындағы кейіпкерлерінің прототиптері оның жерлестері – шығысқазақстандықтар болды. Өскеменде бірнеше рет болып, қала мен облыстың әдебиетшілерімен бірлесе қызмет етті. Кеңес әдебиетінің дамуына, өзінің туындыларындағы адамды еңбекке тәрбиелейтін кейіпкерлердің образдарын мысалға ала отыра, Өскемен қаласының тұрғындарына тәрбие беруге, Кенді Алтайдың табиғаты мен салт-дәстүріне, тарихына үлкен үлес қосты.

Игибаев Советхан Кабдуалиевич

Родился 11 ноября 1941 года в селе Кызылтас Курчумского района Восточно-Казахстанской области.

В 1964 году окончил Усть-Каменогорский пединститут по специальности «История, русский язык и литература». Работал учителем истории в школах Курчумского и Самарского районов, с 1970 года начал преподавать в Усть-Каменогорском педагогическом институте. В 1991 году защитил докторскую диссертацию. С. К. Игибаев - автор монографий: «Промышленные рабочие дореволюционного Казахстана (1861-1917 гг.)», «Кочевые народы Северного Причерноморья в повестях Древней Руси (X-XII вв.)», «Материалы по истории Казахстана», «Образование тюркского каганата и его распад», «Казахстан в источниках и материалах». Сегодня  С.К. Игибаев - доктор исторических наук, член-корреспондент Академии Наук высшей школы, член Академии истории и общественных наук, профессор кафедры истории Казахстана ВКГУ им. С. Аманжолова, автор 87 научных публикаций.  Награжден орденом «Дружбы народов», медалью «10 лет независимости Республики Казахстан», нагрудным знаком «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан».

Кажибаев Амангельды

1943 жылы 23 шілдеде Тарбағатай ауданы Комсомол ауылында
дүниеге келген
«Директорлар кеңесі» Шығыс Қазақстан облысы Аймақ одағы» заңды тұлғалар Бірлестігінің мемлекеттік билік органдарымен өзара қызмет жасау және стратегиялық дамыту бойынша директор. Еңбек жо-лын Өскемен қаласында 1967 жылы қорғасын-мырыш комбинатыңца қызмет етуден бастады. 1975 жылдан 1994 жылға дейін облыс ауданда-рында партиялық және кеңестік жүмыстарда болды. 1989 жылдан бастап Өскемен қаласының халықтық депутаттар Кеңесінің атқару комитетінде төраға, Қазақстан Компартиясы Шығыс Қазақстандық обкомының екінші хатшысы болып қызмет атқарды. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қорғау өнеркәсібімен байла-нысты әр түрлі лауазымға тағайындалды. 2001 жылы Шығыс Қазақстанға оралды. Семей және Өскемен қалаларының әкімі болып қызмет атқарды. «Құрмет» және «Андропов» ордендерімен марапатталған. Тарбағатай ауданының құрметті азаматы. Ресей қорғаныс Академиясының қауіпсіздігі және құқықтық тәртіп мәселелерінің академигі, профессор, халықаралық инженерлік Академиясының тілшісі.

Тағы мақалалар...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.