1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


«Жас дарын» жобасы

«Шабыт» жас ақындар мектебі танымал ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Серік Ғабдоллаұлының жетекшілігімен Орталық қалалық кітапхана шаңырағында 1999 жылдан бастап жұмыс істейді. Ақындар мектебіне қала мектептерінде оқитын оқушылар мен студенттер қатысады. Сабақ айына 1 рет өткізіледі. Жыл көлемінде ақындар мектебінің мүшелері республикалық, облыстық, қалалық жыр бәсекелеріне қатысып, сайыс лауреаттары және жеңімпаздары атанды.

2014 жылдың тамыз айында Орталық қалалық кітапхана Астана қаласындағы Үкіметтік емес, бейкоммерциялық жастар ұйымдарының арасындағы әлеуметтік байқауға қатысып, 500 000 теңге грантын ұтып алды. Жобаны Астана қаласындағы YFUNDkz «Жастар бастамаларының қоры» қоғамдық бірлестігі жариялады. Жобаға қатысатын мақсатты топ – шетелден келген қандастарымыздың арасынан шыққан дарынды жастар.

Жобаның мақсаты –дарынды жас ақындар үшін «Жас дарын» шығармашылық ортасын қалыптастыру.

Жобаның міндеті – Өскемен қаласындағы танымал ақын-жазушыларды қатыстыра отырып, жастар үшін арнайы сабақтар өткізіп, кездесулер жасау, шеберлігін шыңдау.

Жоба аясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңісті жырға қосам» атты жыр мүшәйрасы өткізіліп, соның нәтижесінде жыр жинағы жарияланбақ. Ай сайын өткізілетін дәріс-сабақтарда жас ақындар өлеңдерін оқып, сын көзбен талдауға, бір-бірімен пікір алысуға дағдыланады. Қаламыздағы ақындар-жазушылармен қызықты кездесулер өткізу де жоспарланып отыр.

2014 жылдың қараша айында негізгі тұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.  «Шабыт» ақындар мектебіне қатысқысы келетін дапрынды жастарды анықтау мақсатында қаладағы оқу орындарындағы студенттер мен оқушылар арасында сауалнама жүргізілді.

Сауалнамаға С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және гуманитарлық колледжд  студенттері, қазақ-түрік лицейінің, Жамбыл атындағы мектеп-гимназия интернатының, №1, 20 орта мектептің оқушылары қатысты. Сауалнама бойынша мектептің жаңа қатысушылар анықталды. Жас ақындар «Ақындар мектебі: болашаққа болжау» атты сұрақтарға жауап бере отырып,  соның нәтижесінде сабақ жоспары құрылды.

Шетелден келген қандастарымыз арасынан 25 жас ақын іріктеліп алынды. Жоба аясында ШҚМУ оқытушысы-филолог Барбосынова Карлыгаш Түркістановна дәрістер оқиды.

2014 жылдың қараша, желтоқсан айларында жоба бойынша 5 іс-шара өткізіліп, оған 203 адам қатысты. Әрбір қазақстандықты шетелдерден өз отанымда оқимын деп келген жастардың тағдыры қатты толғандыруы тиіс. Сондықтан да, елім, жерім деп келеген оралман жастарды қазақ халқының тарихымен, әдебиетімен, танымал ақын-жазушыларымен таныстыру мақсатында 65 атаумен (78 дана) кітап сатып алынды. Барлық кітаптар арнайы көрмеге қойылып, «Шабыт» мектебінің жастарының пайдалануына берілді.

 

Мы в социальных сетях

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.