1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


Би өнері

Би өнері

Азубаев Ғибрат
Әнші, хореограф.
Абай ауданының Қарауыл ауылында туған.
1983 жылы орта мектепті бітіріп, осы жылы Шымкенттің Әл-Фараби атындағы өнер институтына түскен. 1987-1989 жылдары әскер қатарында азаматтық борышын өтеген соң Ленинградтың (Санкт-Петербург) мәдени-ағарту институтында оқуын қайта жалғастырып, 1991 жылы бітірген.
Жолдама бойынша Ташкент қаласындағы «Бахор» мемлекеттік би ансамблінде жұмыс істеген. 1991 жылдан Абай ауылына келіп, «Бал-дәурен» балалар ансамблін құрып, «Қаламқас» ансамблінде балетмейстер, көркемдік жетекші болып еңбек етті. «Көңіл толқыны», «СОНАР», «Сельские зори», «Балдәурен» ансамбльдерінің құрылуына атсалысып, осы ансамбльдермен бірге 18 мемлекетті аралап, Еуропада, Қытайда, Кубада өнер көрсеткен. 1993 жылы жаңадан ашылған Абыралы ауданына арнайы шақыртумен барып, ансамбльдер құрып, мәдениет бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Қазір Санкт-Петербургтегі «Солнечный круг» үлкен фестивалін өткізу қоғамының Азия аймағы бойынша жауапты мүшесі.
1994 жылы Қытайда, 1995 жылы Түркияда өткен «Навруз» дүниежүзілік түркі тілдес халықтардың фестиваліне қатысып, Гран-приді жеңіп алған.

 

Аюханов Болат
Балет өнерінің шебері, танымал биші, Қазақстанның халық әртісі (1973).
1938 жылы 13 қыркүйек күні Семей қаласында дүниеге келген.
1955 жылы Алматы хореографиялық училищесін А.Селезневтің сыныбы бойынша, 1957 жылы Ленинград (Санкт-Петербург) хореографиялық училищесінің шеберлікті ұштау курсын, 1964 жылы Мәскеу қаласындағы Театр өнері институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген. 1957-1959 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театры құрамында балет әртісі, 1964-1965 жылдары осында балетмейстер болған, 1965 жылы биші И.Манскаямен бірлесіп «Екі актер театрын» ұйымдастырды. Мұнда «Қазақ эпосының беттері» деген жалпы атпен «Қарлыға Бершімбайдың жекпе-жегі», «Біржан - Сара айтысы». «Қозы Көрпеш - Баян сұлу мазары маңында» секілді дуэттік би бағдарламаларын қойды.
1967 жылы «Қазақконцерттің» жанынан «Жас балет» хореографиялық ансамблін (1975 жылдан Қазақстандағы классикалық би ансамблі) ұйымдастырып, 1967-1975 жылдары өзі осы ансамбльдің көркемдік жетекшісі әрі бас балетмейстері болды. Мұнда балеттік билер, хореографиялық композициялар мен шағын актілі балеттер қойып, басты партияларды биледі. 1976-1991 жылдары Қазақстанның классикалық би ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі болды, ал 1991 жылдан осы ансамбльдің көркемдік жағын басқарады.
Дарынды бишінің репертуарынан өзі қойған «Ақындар биі», «Жігіттер биі», халық музыкасына қойылған «Айжан қыз», «Ақ сиса», «Күн сәулелі Қазақстан биі» және «Шашу» билері, Қазақстан композиторларының туындыларына жасалған әр алуан концерттік бағдарламалар   орын   алды.   Сонымен қатар әр жылдары Я.Сибелиустің «Мұңды вальсін» 1962), Ф.Шуберттің «Аве Мариясын» (1967), М. Мусоргскийдің «Мыстан кемпірін» (1967), П.Чайковскийдің - М.Плетневтің «Татьяна Ларинасын» (1976, 1985), И.Стравинскийдің «Петрушкасын» (1981, 1982), Н.Тілендиевтің «Бүркіт пен түлкісін» (1967), Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегін» (1967, Ш. Жиенқұловамен қойған: 2-нұсқасы 1985), В.Булгаровскийдің «Қазақ сувенирін» (1970), Т. Қажығалиевтің «Керуенін» (1979), А. Бестібаевтың «Азия дауысын» (1998), тағы баска балеттік-би туындыларын қойды, 1967 жылдан педагогтік қызметпен де айналысады. Бірнеше рет киноға түскен. Гастрольдік сапармен шетелдерде өнер көрсетті.
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1972), «Арабеска-92» халықаралық балет әртістері байқауының (1992) және «Тарлан» сыйлығының (2000) иегері. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Хореография профессоры (1996).

 

Смағұлов  Бақытжан
Балет әртісі, Қазақстанның халық әртісі (1995 ж.)
1965 жылы 4 қарашада Шар ауданында туған.
1984 жылы Ленинградтың (Санкт-Петербург) А. Ваганова атындағы мемлекеттік хореография училищесін бітірген.
1984-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамында соло-биші болып, осы театрда әр жылдары қойылған А.Рыбников, А.Хачатурян, Л.Минкус пен А.Аданның, тағы басқа композиторлардың балеттерінде негізгі партияларды орындады.
1988 жылғы республикалық «Жігер» фестивалінің, Мәскеуде өткен бүкілодақтық жас бишілер мен балетмейстерлер байқауының, сондай-ақ Варна мен Парижде өткен халықаралық бишілер байқауының лауреаты.


Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.