1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
012345


Қызметтер

Өскемен қаласы әкімдігінің “Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ» КММ оқырмандарға кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық, және басқа да ақпараттық қызметтердің төмендегідей түрлерін көрсетеді:

- кітапханаға жазылу;
- каталог жүйесі  арқылы кітапхана қорының құрамы, кітапханалық ақпараттандырудың басқа да түрлері мен мәлімет қоры туралы  толыққанды ақпарат береді;
- кітапхананың анықтамалық-іздеу аппаратын пайдалану бойынша кеңестік көмектер көрсетеді (электрондық  және  мәліметтер қоры, анықтамалық-ақпарат басылымдары) ;
- оқу залында және абономентте уақытша пайдалану үшін кітапхана қорында бар  баспа басылымдарын және басқа да құжаттарды береді;
- кітапханаралық абонементтер жүйесі арқылы басылымдар мен басқа да құжаттарды уақытша пайдалануға береді;
- кітапхана сайты немесе телефон арқылы басылымдарға алдын ала тапсырыс беруге, немесе сақтап қойдыруға болады;
- оқу үдерісі мен  библиографиялық  көрсеткіштердің  ғылыми қызметтерін  және  құжаттардың библиографиялық тізімдерін жасауға көмектеседі;
- библиографиялық және фактографиялық  анықтамаларды ауызша және жазбаша орындауға көмектеседі;
- кітапханалардың қорларын насихаттау  мақсатында  жаңа түскен кітаптар көрмесін, тақырыптық сөрелер, библиографиялық шолулар, кітаптардың ашық көрілімдерін және таныстырулар мен басқа да шараларды ұйымдастырып, өткізеді;
- кітапханаға түскен жаңа құжаттар туралы ақпараттар  және  ОКЖ кітапханаларында бар мәлімет қорларын ұсынады;
- мәлімет қорларын Интернет арқылы пайдалануды ұсынады;
- пайдаланушыларға мәліметтер қорларынан ақпараттарды іздеуге кеңес береді;
- ақпараттарды тарату жүйесіндегі (ИРИ) абоненттерге ақпараттық қызмет көрсетеді.


Пайдалану ережесі

Кітапханалардың көрсететін қызметі

Виртуалды анықтама

Анықтама қызметі  - "Кітапханашыдан сұра"

Оn-line кітапты узарту

Бірге толықтырайық

Құжатты электронды жеткізу

"Өскемен қ. ОКЖ" ММ электронды каталогының Паспорты

Электронды каталог (ЭК) қандай да бір тақырып немесе сұрақ бойынша материал іздеу барысында қормен жұмыс істеуге көмекке құрылған кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады.

 

Көбірек ақпарат...

Қосымша: "Өскемен қ. ОКЖ" электронды каталогы

1. Электронды каталог (ЭК) білім саласы бойынша кітапханада қандай құжаттардың бар екендігіне жауап беретін және мазмұны бойынша түпдеректердің қорларын ашу үшін  құрылған анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады.
2. Электронды каталог кітапхана қорының мазмұнын ғылыми және техникалық жағынан сауатты ашады, қорда сақталған әдебиеттерді белсенді насихаттайды және әдебиеттердің жаңа түсімі туралы оқырмандарға жедел хабарлайды.

 

Көбірек ақпарат...

Электронды каталог - ақпарат іздестірудегі басты құрал

Кітапхананың ақпараттық кеңістігінде каталог қорларға қолжеткізуді қамтасыз ететін негізгі құрал  болып табылады, сонымен қатар, қажетті ақпаратты іздеп және қамтасыз етеді.  
"Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" ММ-нде электронды каталог (ЭК) 2000 жылдан бастап жүргізіледі.

 

Көбірек ақпарат...

Электронды каталог

ИРБИС – Қазіргі заманғы кітапханалық жүйеге қойылатын барлық халықаралық талаптарға жауап беретін кітапханаларды автоматтандыру жүйесі.

Интегралды кітапханалық-ақпараттық "Ирбис" жүйесі Ресейдің Мемлекеттік көпшілік ғылыми техникалық кітапханасында (ГПНТБ) жасалынып, ТМД елдерінің көптеген кітапханаларына енгізілген.

Ресейде және ТМД елдерінде ИРБИС жүйесі осы саладағы бағдарламалық өнімдер аарсында жетекші орында деп танылған. Қазіргі уақытта ИРБИС әртүрлі масштабтағы және әртүрлі бағыттағы жүздеген кітапханаларда қолданылады. ИРБИСТ-ің ерекше өзгешелігі сол, ол есептеу техникасында жоғары деңгейдегі маман емес пайдаланушыларға бейімделіп жасалынған. ИРБИСті қолдану сөз жоқ, кітапханадағы оқырмандарға қызмет көрсетудің мүмкіндігін көбірек кеңейтеді. Ирбис белгілі бір кітапхананың жұмыс жағдайына бейімделуге қажетті кеңейтілген мүмкіндіктерге ие, яғни, жүйені тапсыру және орнату кезінде пайдаланушылардың арнайы талаптарына сай икемдеуге болады.

Бұл жүйеде барлық типтік кітапханалық технологиялар жүзеге асырылған. Бұл кітап берілімін, оқырман іздестіруін, каталогтау, жүйеге келтіру, кітап қорын толықтыру технологиясы.

Жүйеде автоматтандырылған жұмыс орнының бес типі жүзеге асырылған:

  • "Администратор",
  • "Комплектатор",
  • "Каталогизатор",
  • "Читатель",
  • "Книговыдача".
Жүйе электронды каталогтардан тұратын кез келген мәліметтер қорын құруға және қолдауға еркіндік берілген. Сөздіктер автоматты түрде қалыптасады, сипаттаманың кез келген элементі және олардың үйлесімі бойынша тез арадағы іздестіру мүмкіндігі бар. Каталогтау құралдары өңдеуге және кез келген басылым түрін (кітап, журнал, бейнематериал, CD-ROM) сипаттауға мүмкіндік береді. Жүйе дәстүрлі «қағаз технологиясын» да қолдайды: тапсырыс қағазын бастап каталогтық карточканың барлық түрлерін басудаға дейін. Оқырман электронды каталогта іздестіру мүмкіндігі бар: кілт сөзі, авторы, шықан жылы, ББК, тақырыптық айдар және т.б. бойынша.

Пайдалану ережесі

Пайдаланушыларды кітапханаға жазудың шарты мен тәртібі.

1. Кітапхана жалпыға бірдей қызмет көрсетеді. Әр азамат жасына, ұлтына, біліміне, әлеуметтік тұрмысына, саяси көзқарасына, діни танымына қарамастан кітапхана қызметін пайдалануға құқылы.
2. Азаматтарды кітапханаға жазу Анықтамалық және  тіркеу секторында
жүргізіледі.
3. Азаматтар кітапханаға жазыларда:
- төлқұжат, жеке бас куәлігі, тууы туралы куәлігі (14 жастағы мектеп оқушылары үшін), 3*4 фотосуретін және оқырман билетін рәсімдеуге қажетті мәліметтерді хабарлайды;
- ОҚК қызмет көрсету бөлімін пайдалану ережесімен танысады;
- «Тіркеу карточкасын» толтырады және қол қояды;
- оқырман   формулярында   кітапхананы   пайдалану   ережесін   орындау   туралы міндеттерді растап қол қояды.

Кітапханада жыл сайын 1-қаңтардан бастап оқырмандарды қайта тіркеу жүргізіледі.


Пайдалану ережесі

1. Кітапхана келген сайын тіркеу секторынан бақылау парақшасын алады және оны кітапханашыға тапсырады.
2. Қалада уақытша тіркелген, жатақханада, кала сыртында тұратын азаматтар қызмет көрсету бөлімінен  кітапты үйге «Кепілге беру Ережесі» бойынша ақшалай кепілдік қалдыру арқылы ала алады. 
3. Кепілдік қалдыру келісімшарты бойынша жоғары сұраныстағы
әдебиеттерді өз уақытында  қайтармаса (3 күннен артық), кітапхана қорын пайдалану құқығынан айрылады.
4. Қызмет көрсету бөліміндегі ақылы кызметті пайдалану шарты мен тәртібі қолданыстағы қайта бағалау коэффицент заңдылықтары бойынша қолданылады.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.