1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Кітапханалардың көрсететін қызметі

Өскемен қаласы әкімдігінің “Оралхан Бөкей атындағы ОКЖ» КММ оқырмандарға кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық, және басқа да ақпараттық қызметтердің төмендегідей түрлерін көрсетеді:

- кітапханаға жазылу;
- каталог жүйесі  арқылы кітапхана қорының құрамы, кітапханалық ақпараттандырудың басқа да түрлері мен мәлімет қоры туралы  толыққанды ақпарат береді;
- кітапхананың анықтамалық-іздеу аппаратын пайдалану бойынша кеңестік көмектер көрсетеді (электрондық  және  мәліметтер қоры, анықтамалық-ақпарат басылымдары) ;
- оқу залында және абономентте уақытша пайдалану үшін кітапхана қорында бар  баспа басылымдарын және басқа да құжаттарды береді;
- кітапханаралық абонементтер жүйесі арқылы басылымдар мен басқа да құжаттарды уақытша пайдалануға береді;
- кітапхана сайты немесе телефон арқылы басылымдарға алдын ала тапсырыс беруге, немесе сақтап қойдыруға болады;
- оқу үдерісі мен  библиографиялық  көрсеткіштердің  ғылыми қызметтерін  және  құжаттардың библиографиялық тізімдерін жасауға көмектеседі;
- библиографиялық және фактографиялық  анықтамаларды ауызша және жазбаша орындауға көмектеседі;
- кітапханалардың қорларын насихаттау  мақсатында  жаңа түскен кітаптар көрмесін, тақырыптық сөрелер, библиографиялық шолулар, кітаптардың ашық көрілімдерін және таныстырулар мен басқа да шараларды ұйымдастырып, өткізеді;
- кітапханаға түскен жаңа құжаттар туралы ақпараттар  және  ОКЖ кітапханаларында бар мәлімет қорларын ұсынады;
- мәлімет қорларын Интернет арқылы пайдалануды ұсынады;
- пайдаланушыларға мәліметтер қорларынан ақпараттарды іздеуге кеңес береді;
- ақпараттарды тарату жүйесіндегі (ИРИ) абоненттерге ақпараттық қызмет көрсетеді. 

Ақпараттық қызметтер

* Кәсіпорындарға, ұйымдарға, оқу орындарына ақпараттық қызмет көрсету;
* Ақпаратты жұмыс орнына жеткізу;  
* Сұрау салынған тақырыптар бойынша пайдаланушыларға жеке ақпараттық қызмет көрсету;
* Тапсырыс берушінің тақырыптары бойынша әдебиеттер тізімдерін дайындау; 
* Семинарларды, презентацияларды, шығармашылық кештер мен іскери кездесулерді ақпараттық қолдау; 
* Кітап көрмелері мен көрсетілімдерді ұйымдастыру;
* Қашықтағы мәліметтер базасына қолжеткізу.

Мамандарға арналған ақпараттық семинарлар
Үлгілік бағдарламалар:

  • Жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдар жинағының көрсетілімі;
  • Аудио - бейне материалдармен, СD–дискілермен танысу;
  • Тақырып бойынша Интернет-ресурстармен танысу;
  • Кітапхананың электронды каталогының мүмкіндіктерімен таныстыру;
  • Кітапхана бойынша экскурсия;
  • Бүктемелердің, дайджестердің, тізімдердің жәрмеңкесі (ең қажетті және құнды ақпараттар).

 

Электронды каталог – ақпарат іздеудегі басты құрал

- Сіз электронды каталогты пайдалану арқылы кітаптар, мақалалар туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарды жылдам таба аласыз;
- Табылған әдебиеттер тізімін басып шығаруға болады; 
- Іздестіруде қиындықтар туындаса Сізге кезекші кітапханашы көмектеседі; 
- Электронды каталог (ЭК) дәстүрлі карточкалы каталогпен қатар жүргізіледі және кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады;      
- Электронды каталог кітапхана қорларының ғылыми және толықтай мазмұнын ашады және оқырмандарға әдебиеттердің жаңа түсімі туралы ақпарат беріп отырады;      
- Электронды каталогта: кітаптар, мерзімді басылымдар, сондай-ақ СD ROM-дағы құжаттар, ҚОК, ОБК, кітапхана-бөлімшелерінің негізгі қорларында сақталған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар қамтылған.

Мәлімет қорлары

- Мәліметтердің электрондық қорлары жедел ақпараттық және кітапханалық қызметпен қамтамасыз етеді. Пайдаланушыларға электрондық ақпараттық қордың қолжетімді болуына ықпал етеді. Электрондық құжаттар қорынде барлық білім салалары  бойынша басылымдар бар.
Назар аударыңыздар!
- Пайдаланушылар құжаттарды пайдаланғанда авторлық және аралас құқық заңдылығын сақтаулары қажет. 
- Электрондық  қор ұсынған мәліметтердің көшірмесін жасау үшін және  кез-келген түрде біреулерге тарату үшін міндетті түрде алдын ала  жазбаша рұқсат алу керек.

- Электрондық мәлімет қорын пайдаланушыларға қоғамдық және коммерциялық бағытта өзгертуге , таратуға, жариялауға рұқсат етілмейді.

"Заң" МҚ

«Заң» МҚ – бұл Мемлекеттік және орыс тіліндегі құқықтық ақпарат көзі. Бұл қордан Қазақстан Республикасының негізгі заңдарынан бастап ауылдық аумақ әкімдерінің шешімдеріне дейін таба аласыздар. Сондай-ақ, қазіргі заңдылықтар туралы  түрлі анықтамалар, түсіндірулер, құжаттардың шаблондары мен үлгілері, құқықтық кеңестер және басқа да көптеген маңызды құжаттар бар.
Мәлімет қорындағы ақпараттар тек ресми көздерден ғана жинақталған нақты мөлшерлемелік материалдар.

«Заң» мәлімет қорын ОҚК-да және № 1, 2, 5 кітапхана-бөлімшелерінің оқу залдарында  пайдалана аласыздар.

 

Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық  кітапхана. (РЖООЭК)

Қазақстандағы жоғары  оқу орындарының  біліми және ғылыми электрондық  қорларын біріктірген Республикалық жоғары оқу орындарыаралық  электрондық кітапхананы  2015 жылдан бастап тегін пайдалануға  мүмкіндік туды.
http://www.rmeb.kz ЖООЭК сайты
Жоғары оқу орындары аралық электрондық қорлар (РЖООЭҚ)  сайтынан қалағандарыңызды авторы, тақырыбы, маңызды сөзі, оқу тәртібі және басқа да іздеу белгілері арқылы  таба аласыздар. Ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылады.

Бұл мәліметтер қорын Орталық қалалық кітапхананың және  кітапхана-бөлімшелерінің компьютерлерінде ғана  пайдалана аласыздар.

 

«Лань» ЭҚЖ

Өскемен қаласы әкімдігінің «ОКЖ» КММ кітапхана бөлімшелері және Орталық қалалық кітапхана «ЛАНЬ» баспасының электрондық-кітапханалық жүйесін тегін пайдалану қызметін ұсынады.
Тарих, философия, әлеуметтану, әдебиеттану, экономика, құқық, психология, педогогика және басқа да ғылымдармен бірге көркем әдебиеттерді, сондай-ақ, шетелдің көркем әдебиеттерін де түпнұсқадан өз тілінде оқып, пайдалану мүмкіндіктері мол.
Сонымен бірге:
- пайдаланушының жеке кабинеті;
- кітапқа бет белгілерін жасау; (түсініктемемен)
- мәтіннен үзінді келтіру;
- қажеттісін жазып алу мүмкіндіктері де бар.
Қормен жұмыс істеу:
1. http://e.lanbook.com сайтына кіресіз.
2. Кітаптар пакеті мәзірінің сол жағынан өзіңізге керекті пакетке өтіп, қажетті бөлімді таңдаған соң,  кітапты оқу үшін ашасыз.
3. Кітапты авторы және атауы бойынша  іздеу мүмкіндігі бар. Толық мәтіндер PDF үлгісінде.

Осы аталған қор мәліметтерін пайдалануға тек Орталық қалалық кітапхананың компьютерлерінде ғана рұксат бар.


EBSCO PUBLISHING (АҚШ) агенттігінің мәлімет қорлары
http://www.epnet.com

Мәлімет қорларының кешені. Кешенде барлық білім салалары бойынша толық мәтінді бірнеше мыңдаған басылымдар бар. Мұрағаттың негізі 1990-жылдардан бастау алған.  ХІХ–ғасырдың соңында шыққан бірқатар журналдар  да бар. Бұл ағылшын тіліндегі ондаған мың атаулы газет-журналдар толық мәтінді болумен бірге сан түрлі  фотосуреттермен, безендірулермен, карталармен және басқа да айшықтармен айырықшаланады.  
Танымал МҚ:
Бизнес және экономика бойынша мәлімет қоры. (Business Source Complete)
Экономикалық  және іскерлік журналдар топтамасы. Менеджментке, экономикаға, қаржыға, есепшілік іске, халықаралық бизнеске және т.б арналған 1300-ден аса ғылыми басылымдар бар. Экономикалық талдау шолуларын,  ірі әлемдік компаниялардың қызметтеріне сипаттамаларды да осы қордан таба аласыз. 
Білім қорлары орталығының мәлімет қоры  (ERIC)
Мәлімет қорында  білім және білім беру сұрақтары бойынша 300000-нан аса толық мәтінді құжаттар бар.  
Танымал мерзімдік басылымдардың мәлімет қоры.(Master File Premier)
1700-ден аса атаулы ғылыми-танымал журналдардың толық мәтіндері. Бизнес, саясат, тарих, өнер, денсаулық және т.б сұрақтар бойынша  жарияланымдар бар. Бейне-кескіндемелердің  үлкен топтамасы, сондай-ақ  өмірбаяндар мен анықтамалар да жеткілікті.
Бизнес-жарияланымдардың мәлімет қоры. (Regional Business News)
Американдық 80 аймақтық  бизнес журналдардың толық мәтіндері.
«Денсаулық сақтау», «Науқасқа қамқорлық жасау» (Ғылыми жарияланымдар) мәлімет қоры. (Health Source: Nursing/Academic Edition)
Медицина салалары бойынша 550-ге жуық  журнал бар.
«Кітапханалық-ақпараттық технология» мәлімет қоры. (Library, Information Science & Technology Abstracts)
500-ден аса мерзімдік басылымдар мен кітаптар, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер және алқалы жиындардың тезистері  бар. Тақырыбы: кітапханалық іс, классификация, каталогизация, ақпараттық менеджмент, ақпараттарды іздеу және т.б.  Мұрағаттың негізі 1960-жылдардың орта кезеңінен бастау алған.
Іздеу параметрлері: 
- жарияланымның авторы, бас тақырыбы, мағыналық айдарлары, мазмұнды сөз, басылымның жылы,  жағрапиялық термин және мәтін бойынша іздеу.

Экономика және құқықтық мәлімет қоры - polpred.com

Біздің кітапханамызда «ПОЛПРЕД Обзор СМИ» мәлімет қорын мәтіндік пайдалану мүмкіндігі ашылды.
«ПОЛПРЕД Обзор СМИ»
- басты ақпараттық агенттіктер хабарламаларының толық мәтінді ақпараттық шолулары жинақталатын қор. Талдау мен шолулардың құжаттары бір уақытта салалы және мемлекеттік қорларға қосылады.  Бұл мәлімет қоры-редакторлардың аса мұқияттылықпен жинап, күн сайын толықтырып отыратын бұқаралық ақпарат құралдарының шолу құжаттары және  15 жылдық қор мұрағаты.

Құжаттарды электронды жеткізу

Біздің кітапханалар қорларында құжаттарды электрондық жеткізу қызметі бар. Сізге қажетті мәліметтің (кітапты, газеттердегі, журналдардағы, жинақтардағы мақаланың) көшірмесін жедел түрде жеткізіп беру қызметін ұсынады. Тапсырыс беріңіз, біз қуана орындаймыз! Тапсырыстың орындалу мерзімі 24 сағаттан 48 сағатқа дейін.  Үлгісі – PDF (Acrobat).Көшірме электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Назар аударыңыздар! Өскемен қаласы әкімдігінің «ОКЖ» КММ қорларынан электрондық құжаттарды жеткізу тегін түрде жүзеге асырылады.

 

Мы в социальных сетях

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.