1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Құжаттарды электронды түрде жеткізу

Құрметті оқырмандар!

Құжаттарды электрондық жеткізу қызметі (ЭҚЖ)  кітапхана қорларынан баспа құжаттарының (мерзімдік басылым беттеріндегі мақалалардың және кітаптардан үзінділердің) электрондық көшірмелерін алуға тапсырыс жасау мүмкіндіктерін ұсынады.
Бұл қызметтер Қазақстан Республикасының 1996-жылғы 10-маусымдағы №6-1 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына (10.07.2009 жылғы өзгертулер және толықтыруларымен) сәйкес жүзеге асырылады.
Тапсырыстарды кітапхана қорларынан орындау тәртібі мен талаптары:
Сізге қажет құжаттар туралы библиографиялық  мәліметтерді кітапхананың электрондқ каталогының көмегімен табуға болады.
Тапсырыс алынған соң және кітапхана қорында оның бары анықталған соң тапсырыс берушіге өтінішінің орындалатындығы туралы хабарлама жіберіледі.
Тапсырыс беруші өзінің тапсырысын орындау қажеттілігін, немесе ол тапсырыстың өзіне қажет болмай қалғандығы туралы міндетті түрде хабарлауы керек.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қорларынан құжаттарды электрондық жеткізу қызметтері тегін түрде жүзеге асырылады.

Тапсырысты толтыру:

Тапсырысты толтырып, жіберу мынандай әдіспен жүзеге асырылады:

1. Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек электрондық поштасы арқылы, немесе кітапхана сайтында: Өзіңізге қажетті басылымды алу үшін Сіз «тапсырыс үлгісін» міндетті түрде толтыруыңыз  керек.

2. Өскемен қаласы әкімдігінің «ОКЖ» КММ қызмет көрсету бөлімінде.

Назар аударыңыздар!

Заңдылыққа сәйкес алынған  электрондық көшірмелерді тек ғылыми, біліми және оқу мақсаттарында ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Көбейтуге, басқа үлгіде пайдалануға және коммерциялық мақсатта үшінші бір адамға беруге тиым салынады.

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.