1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0


Климов Сергей Александрович

1949 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Самар селосында дүниеге келген. 
Өзінің еңбек жолын 1966 жылы жол басқармасында электрик үйренушісі болып бастаған. Әскер қатарындағы қызметінен кейін Томскідегі политехникалық институтқа түседі. Институтты тәмәмдағаннан кейін 1975 жылы Томск қаласындағы ғылыми зерттеу институтында инженер-механик болып істейді. 1980 жылдан бері оны Үлбі металлургиялық зауытында бериллий өндірісі үшін көп еңбек сіңірген талантты инженер ретінде таниды.
Оның активінде – бериллий өндірісінде өнім шығаруды жетілдіруде, оның номерклатурасын кеңейтуде және өнім сапасын арттыруда үлкен қадамдар жасауға жол ашқан әзірленген және ендірілген өнертапқыштық жұмыстардың, рационализаторлық ұсыныстардың үлкен тізімі бар. 
Оның бұл еңбегін кәсіпорын, «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясы бағалады. Сергей Александрович – ҮМЗ-де жоғары марапат болып табылатын В.П. Потанин атындағы сыйлықтың иегері. Ол «Зауыт ардагері», «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағын алған. 
Өскемендіктерге депутат Сергей Климов аймағымыздың экологиялық проблемаларымен талмас күрескер ретінде танымал.  20 жылдан астам уақыт бойы оны облыс орталығының тұрғындары қалалық мәслихатқа сайлап келеді. Бес шақырудағы мәслихатта жұмыс істей келе, оның құрылған уақытынан осы күнге дейін, ол қаламыздың жайлы, таза, адамдардың қалыпты өміріне бейім болуы үшін көп жұмыстар атқарды. 
Он бес жылға жуық уақыт Сергей Александрович қала шаруашылығы мен экология бойынша комиссияны басқарды. Сол жылдары Өскемен қаласында тұрғандар осы уақыт ішінде қаламыздың жақсы жаққа қаншама өзгергенін бағалай алады. Сергей Климов бүгінде «Өскемен қаласының құрметті азаматы».

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.