1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


Сұңғат Әліпбай

Сұңғат Әліпбай өзінің тырнақалды жұмысын өзі туып өскен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы аудандық газеттен бастаған. Ол Қазақстанның үздік журналисі.  
Бүгінгі таңда Сұңғат Әліпбай республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі. Қарымды қаламының арқасында Республикалық «Алтын қалам» шығармашылық сайысының бас жүлдегері, ШҚО әкімінің журналистика саласындағы Забер Баянов атындағы жүлдесінің иегері, «Өрлеу ақпараты» байқауының «Инновация» номинациясы бойынша жеңімпазы, «КазАгро» холдингінің шығармашылық байқауының бас жүлдегері, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «АГРО PR» байқауының үздік экономикалық шолушысы сынды тағы да басқа бірқатар марапаттарды қанжығасына байлаған, озат ойлы жүйрік журналист.  Өскемен қаласы жұмысын жаңа бастаған жас журналиске үлкен мектеп ордасы болған. Қаланың металлургия саласын, машина жасау кәсіпорындары туралы жалпы өнеркәсіп саласындағы ұйымдарын жаза жүріп қаламы шыңдала түскен. Осындай тәжірибенің арқасында бас қала Астанаға бара салысымен бірден көзге түсіп, Елбасының шетелдік сапарларын әйгілейтін журналистердің қатарына алынған. Осындай құрметтің арқасында Президентпен бірге Америка, Қытай, Жапония, Йордания, Бельгия, Германия, Австрия, Малайзия сынды тағыда басқа шетелелдерде бірге жүріп, Елбасының сапарын жазу бақытына ие болған. 
Елге еткен елеулі еңбегінің арқасында абыройға кенелген тілші, алдағы уақытта да туған өлкесінің журналистік қаламынан алшақтамайтынын жеткізді. Міне, «Еңбек ер атандырады» деген аталы сөздің жанды көрінісі осы болса керек.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.