1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Английский язык

 

Ересектерге және балаларға ағылшын тілін үйрету:
- ағылшын тілін үйренуді  жаңа бастағандар үшін;
- үй тапсырмаларын орындауға көмектесу.
Ағылшын тілін жыл бойы үйренуден жалықтыңыз ба? Олай болса, бізге келіңіз!
Біздің мекенжайымыз:
Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.
Анықтама телефоны: 25-17-70.
Телефон бойынша жазылу: +7(708)1064381.

Қорларында құжаттарды электрондық...

Біздің кітапханалар қорларында құжаттарды электрондық жеткізу қызметі бар. Сізге қажетті мәліметтің (кітапты, газеттердегі, журналдардағы) көшірмесін жедел түрде жеткізіп беру қызметін ұсынады. Тапсырыс беріңіз, біз қуана орындаймыз! Тапсырыстың орындалу мерзімі 24 сағаттан 48 сағатқа дейін. Үлгісі - PDF (Acrobat). Көшірме электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Орталық қалалық кітапхананың Электрондық қорлар бөлімі. 
Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22.
Телефон бойынша жазылу: 25-17-70.

Одна страна – одна книга


«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы - 2017» таңдауына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров - ақын-демократ, пәлсапашы, әдеби сыншы, публицист, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі.

«РЖЭК» МҚ

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының біліми және ғылыми электрондық қорларын біріктірген Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхананы 2017 жылдан бастап тегін пайдалануға  мүмкіндік туды.
Жоғары оқу орындары аралық электрондық қорлар сайтынан қалағандарыңызды авторы, тақырыбы, маңызды сөзі, оқу тәртібі және басқа да іздеу белгілері арқылы таба аласыздар. Ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылады.
Бұл мәліметтер қорын Орталық қалалық кітапхананың және  кітапхана-бөлімшелерінің компьютерлерінде ғана пайдалана аласыздар.

0123


Ғабдуллин Серік

Серік Ғабдуллаұлы 1937 жылдың 17 тамызында Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген.

Жамбыл атындағы орта мектепті 1957 жылы бітіріп, республикамызда алғашқы игі бастама көтеріп, бүкіл кластастарымен сол кездегі Жамбыл атындағы колхоздың товарлы сүт фермасында комсомол бригадасын құрып жастық жалынмен еңбек етті. 1959 жылы Шымқора ауылының клуб меңгерушісі болып істеді.
1960-1966 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде филология факултетінің тіл және әдебиет бөлімін бітірді. Ол өзінің творчестволық жолын облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдебиет қызметкері болудан бастап, өлең өнеріне құлаш сермеп, қаламы жүйрік, ойы ұшқыр, талабы жоғары, талантты биік журналист екенін таныта бастады. Осы "Комммунизм туы" қазіргі "Дидар" газетінде 1990 жылға дейін қызмет атқарды. 1991 жылы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының облыстық ұйымы басқармасының төрағасы болып сайланып, 1995 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді.
1995 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағы Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі секретарының орынбасары болып қоғамдық жұмыс атқарды.
Серік Ғабдуллин бала жасынан, оқушы кезінен әдебиетке, өлең өнеріне ынталанып, аудандық сол кездегі "Социалистік майдан" газетінде оның мөлтек жырлары, балауса өлеңдері жиі жарияланып жүрді. Оның өлеңге деген құштарлығы, табиғи дарыны, алдына қойған мақсаты, творчестволық талпынысы биік асуларға жетелей түсті. Университет қабырғасында жүргенде оның алғашқы туындылары жарық көрді.
Өмірдің өзенінде, өнердің өзегінде өзіндік өрнегімен таныла білген Серік Ғабдуллаұлының әр жылдары шыққан "Көктем лебі" (топтама 1975), "Бұқтырма сарыны" (1978), "Көктем-көк өрім шағым" (1982), "Ақ босаға" (салт-дәстүр танымы, 1993), "Жылдардан жеткен жаңғырық" (очерктер жинағы,1995), "Сөйле менің жүрегім" (1998) т.б. кейінгі жылдары жарық көрген  «Алтай асу» (2003), «Ұланғайыр» (2003), орыс тілінде басылып шыққан «Седой тулпар» (2006) жыр жинақтарын  оқырмандар жылы қабылдады. 2007 жылы жарық көрген 2 томдық таңдамалы өлеңдер жинағы өнегелі өмірінің, ұзақ жылғы еселі еңбегінің жемісі.
"Бұқтырма сарыны" тақырыбы жағынан сан-салалы. Әрбір өлеңнің өлеңдік қасиеті, орындалу мәдениеті көңіл аударарлық, онда- еліне, жеріне деген ғашық жүректің асау дүрсілі анық сезіледі.
Мұндай өлеңдер қатарына осы жинаққа енген "Ұланым менің", "Алтай", "Ертіс", "Өскемен", "Ульба сарыны" сынды өлеңдерін ажатқызуға болады. C.Ғабдуллин «Айтыскерлер мектебінің» директоры, Қалалық кітапханада құрылған "Шабыт" атты жас ақындар үйірмесінің жетекшісі жұмыстарын атқарады. 1991-95 жылдары Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық ұжымының төрағасы болып қызмет істеді. 2001 жылдан бері Өскеменде шығатын аймақтық әдеби-мәдени және қоғамдық «Ақ Ертіс» журналының бас редакторы. Алдына қойған мақсаты- жастарды өлең жазудың қыр сырымен таныстырып, болашаққа бағыт-бағдар беру.



 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.