1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


Флейтлих Григорий Григорьевич

1927-2007
1927 жылы 2 желтоқсанда Борисов қаласында дүниеге келген.

35 жыл автокөлік жүйесінде жұмыс істеген. 1965 жылдан бастап 1985 жыл аралығында Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар тасымалдау автобасқармасын,  одан кейін жүк көлігі автобасқармасын басқарған. Өзі басшылық еткен кезде қалалық қоғамдық көліктің дамуы үшін жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруды жетілдіре отыра, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартып, көп еңбек етті. Екі автобус кәсіпорыны мен автовокзал жаңадан салынды. Автокөлік жұмысшыларына арналған әлеуметтік инфрақұрылым белсенді дамыды. 12 жыл Өскемен қалалық атқарушы комитетінің көлік және байланыс бөлімін басқарды. Модернизация мәселелері мен қаланың телефон желісінің  кеңейуіне назар аударды. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан эксперттік заң бюросында жұмыс істеді. Халыққа көлік қызметін көрсетуді жақсарту мен қала көшелеріндегі қозғалысты ұйымдастыруға байланысты мәселелерді шешуге қатысты. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» орден, медальдармен марапатталған.     

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.