1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Славский Ефим Павлович

1898-1991
1898  жылы  Украинада Донецкой облысы Макеевка қаласында дүниеге келген.

КСРО машина жасау Министрі. Инженер-металлург. Металлургия және машина жасау жүйесіндегі өндірістің йымдастырушысы, Өскемен қаласының  қазіргі заманға лайықты құрылыс жұмысын жүргізуге мұрындық болды. Азамат соғысына қатысушы. Мәскеудегі алтын және түрлі-түсті металдар институтын бітірген соң алюминий өндірісінде жұмыс істеді. Соңғы жылдары  кеңес және шаруашылық органдарындағы жауапты лауазымда қызмет атқарды. Одан кейін КСРО орта машина жасау Министрі, КСРО орта машина жасау бойынша Мемлекеттік өндірістік комитеттің төрағасы  болып тағайындалды. Оның басшылығымен КСРО атом ғылымы мен техника дамыды, Шығыс Европа және Азия елдерінде елдің ядролық қалқаны нығайды, атом электростанциясы түрлі мағынадағы орнатулар қатарға қосылды, уран, алтын алу, минералды тыңайтқыштарды өндіруде, медицина, ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқа да салаларындағы  изотоптарды  пайдалануда бірегей технологиялар енгізілді, қазіргі заманға лайықты жаңа атомградтар бой көтерді. 1962 жылдан бастап 1988 жыл аралығында Е.П.Славский   Шығыс Қазақстаннан КСРО Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайланды. Осы жылдары ол депутат ретінде Өскеменнің дамуына баға жетпес үлес қосты. үш рет Социалистік Еңбек Ері, Ленин және КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды, Ленин атындағы орденмен тоғыз рет марапатталды. Өскеменнің Ертіс жағалауы Е.П.Славский атымен аталады.

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.