1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Английский язык

 

Ересектерге және балаларға ағылшын тілін үйрету:
- ағылшын тілін үйренуді  жаңа бастағандар үшін;
- үй тапсырмаларын орындауға көмектесу.
Ағылшын тілін жыл бойы үйренуден жалықтыңыз ба? Олай болса, бізге келіңіз!
Біздің мекенжайымыз:
Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.
Анықтама телефоны: 25-17-70.
Телефон бойынша жазылу: +7(708)1064381.

Қорларында құжаттарды электрондық...

Біздің кітапханалар қорларында құжаттарды электрондық жеткізу қызметі бар. Сізге қажетті мәліметтің (кітапты, газеттердегі, журналдардағы) көшірмесін жедел түрде жеткізіп беру қызметін ұсынады. Тапсырыс беріңіз, біз қуана орындаймыз! Тапсырыстың орындалу мерзімі 24 сағаттан 48 сағатқа дейін. Үлгісі - PDF (Acrobat). Көшірме электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Орталық қалалық кітапхананың Электрондық қорлар бөлімі. 
Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22.
Телефон бойынша жазылу: 25-17-70.

Одна страна – одна книга


«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы - 2017» таңдауына Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров - ақын-демократ, пәлсапашы, әдеби сыншы, публицист, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі.

«РЖЭК» МҚ

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының біліми және ғылыми электрондық қорларын біріктірген Республикалық жоғары оқу орындарыаралық электрондық кітапхананы 2017 жылдан бастап тегін пайдалануға  мүмкіндік туды.
Жоғары оқу орындары аралық электрондық қорлар сайтынан қалағандарыңызды авторы, тақырыбы, маңызды сөзі, оқу тәртібі және басқа да іздеу белгілері арқылы таба аласыздар. Ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылады.
Бұл мәліметтер қорын Орталық қалалық кітапхананың және  кітапхана-бөлімшелерінің компьютерлерінде ғана пайдалана аласыздар.

0123


"Бір ел - бір кітап"

2010ж. наурызынан «Бір ел – бір кітап» акциясы басталды. Оның ұйымдастырушылары - Мәдениет министрлігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, сонымен қатар ҚР кітапханалық ассоциациясы. Эксперттердің тұжырымынан кейін, бүкілхалықтық оқуға Ж.Молдагалиевтың «Мен - қазақпын» поэмасы таңдалып алынды.

Акция кітабы – Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысында Сайқұдық деген жерде туған. Мектептен кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумында оқыған.

1940—1947 жылға дейін әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады. "Жас алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттері мен "Жұлдыз" журналы редакцияларында жұмыс істейді.

Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көреді. Адуынды жырларымен ұлттық әдебиет әлемінде тез танылады.

Жұбан — өзінің атақты "Мен — қазақпын" деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтің 1949 жылғы "Жеңіс жырлары" кітабында анық байқалады.

Ж. Молдағалиев туған жері — Жайық бойы жайлы әдемі жырлар қалдырды. Ал 1914 жылы жазылған "Сағындым, Жайық" өлеңінде ақын өзінің суреткерлігімен көрінеді.

Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады.

Ақын "Мен қазақ әйеліне қайран қалам" деген белгілі өлеңінде, тарихтың тәлкегіне көне жүріп, небір қиыншылықты басынан өткізсе де аналық бейнесін сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген жермен теңестіреді.
"Ғашық көзбен" атты лирикалық кітабы үшін Ж.Молдағалиевқа Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
"Тірілерге тіл қату монологы" жаралы жауынгердің өлім алдындағы жан сырын жеткізуге арналған. Соғыстың, арпалыстың, азаптың ортасында от оранып жатқан жауынгердің тіршілікке, жарық дүниеге құштарлығы оқушыны бей-жай қалдырмайды. Ажалмен арпалысқан жанға шипа болған, тыныс берген, асыл сезімді, махаббатты паш етеді. Бұл пенделік емес, адамзаттық асыл сезім, үзілген өмір қосқан сезім екенін айқындай түседі.

Көптеген лирикалық өлеңдер жазған ақынның эпикалық талантының да жоғары екенін көреміз. Ол жазған поэмалар стильдік, жанрлық үлгілері жағынан әр түрлі және қазақтың эпикалық поэзиясын биікке көтеріп, жаңа сапамен байытқан туындылар болды. Алғашқы поэмаларында — "Нұрлы жол", "Қызыл галстук", "Қиял қанатында" — ақын жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, еңбекке баулудың проблемаларын көтерді. Балалардың келешегі үшін, олардың болашағы әрқашан күн тәртібінен түспейтіні кімді болса да толғантар мәселе екенін ақын айқын, дәл суреттей отырып, жастарға үлкен сеніммен қарайды. Заман, дәуір шындығын шебер суреттеуде ақын жеткен табыстар аз емес.

"Жыр туралы жыр" (1956) поэмасында ол эпикалық талантын көрсетуде жаңа қырынан таныла түседі. Мұса Жәлел өмірі қатты толқытқан ақын ерліктің сыры мен өмір шындығы жайлы сыр толғай білді. Батырдың бейнесін жан-жақты ашуда сезімталдығы, сыршылдығы адам ерлігі мен елге, жерге деген сүйіспеншілігімен астаса жырланады. Мұса Жәлел жырының рухын биікке көтеріп, асқақтата түседі.

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.
Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.

Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.

...Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,
Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.
Сансыз басты диюдай сан тіріліп,                               

"Мен — қазақпын" дегенді айта тұрдым, —  деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, "құласа да қайта тұрьш" өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді.

Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы больш келеді.

Ж. Молдағалиевтің поэмалары бүкіл одақ көлеміндегі үздік еңбектердің қатарында бағаланып, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық мінезі, сипаты терең ашылып бейнеленді.


Жұбан Молдағалиевтің рухымен сырласу

Тебіреніп тобылғы мен тораңғы,
Туған жердің шуағына орандың.
Азамат боп кетіп едің бір кезде,
Ауылыңа ескерткіш боп оралдың!

Өтті заман көлеңкеден қорыққан.
Өтті заман құса болған,
Торыққан.
Қақырамас сауыт киіп мәрмәрдан
Қайтқандайсың елу жьлдық жорықтан!

Қайтқанменен өр рухың, тарланым,
Қасқыр тістің арасында бармағым....
Жесір қалды менің әппақ жеңешем,
Жетім қалды мақсаттар мен арманың!

Қалды және құлындарың шұрқырап.
Қаламдас дос шерге толы жыр құрап.
Желтоқсанда
Жыртып елдің намысын
Шығып едің шыбын жаның шырқырап!
Шашу қылып сөз маржанын шашпаса, —
Шайыр біткен семіреді шошқаша:
Шындықты айттың,
Шындықты айтқан адамның
Ғұмыры ұзақ болған емес ешқашан!

Пенде түгіл жеткізбейтін пыраққа
Пәруәна ақын ұмтылады мұратқа!
Өлеңіңнің өміріне сенемін,
Өліміңе күдігім бар бірақ та!

Өтпеуші еді кештер жырсыз,
Той әнсіз.
Енді қазір сөз дәрменсіз,
Ой әлсіз,
Сіз кеткелі көп өзгеріс болған жоқ.
Сол бір өмір опасыз да баянсыз!

Сергек сезім әлденеге құлшынып,
Сол бір уақыт зырқыраған ұршығы...
Сол баяғы күйбең-күйбең бір жұмыс,
Сол баяғы қыбыр-қыбыр тіршілік!

Көңіл күйі мұның бәрі, таза мұң,
Келіп жатыр құстар айтып жаз әнін,
Сол баяғы оралымсыз Отаның,
Сол баяғы олпы-солпы қазағың!

Көп нәрсеге жетер емес күшіміз.
Орнында аға,
Өз орнында кішіміз...
Сол баяғы желбуаз сөз,
Қызыл сөз,
Қызыл сөзден кеуіп болды ішіміз!

Батушы еді біреулерге озғаның.
Білді жүрек көп нәрсенің тозғанын.
Бағзы біреу жолдас болған көп жылдар
Бір жыл өтпей ойлап кетті өз қамын!

Көрсем жанды көңілі һәм сөзі арам,
Қаным қашып, шүберектей бозарам!
Атақ үшін — кеше сенен қызғанған —
Ағайындар таласып жүр өзара!

Бірақ олар тектен-текке алқынар.
Келер ұрпақ басқашалау талпынар.
Дегенмен біз бақыттымыз, Жұбаға,
Даласы бар,
Даладай кең халқы бар!

Тежемейін келіп қалған енді ойды:
Туыстардың ықыласы тоңды ойды.
Байқайсыз ба,
Өкіметің қоя алмай,
Ең алғашқы ескерткішті Ел қойды!

Қайран жұртым!
Азаматың түгел ме?!
Ілгері бас ерлеріңе сүйен де!
Елдің қамын ойлайтұғын ұл таппай,
Елдің өзі айналмайды ұлы елге!

Мырза Әли Қадыр


Ерлікті көзбен көрген күн


Желтоқсан — 86, ызғарлы күн,
Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін,
Өттің де астаң-кестең ойда жоқта
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.

Айтамыз ертегі етіп ол күндерді,
Батыр деп мадақтаймыз жөн білгенді,
Халыққа Жаңа жылдық сәлем жолдап,
Жазушылар үйіне Колбин келді.

Біреулер бастық көрсе қуанатын,
Біреулер жалпылдайды сұрап атын.
Бір кезде жазушылар мінбесіне
Барады көтеріліп Жұбан ақын.

Қазақша акцент, толқыған қатал үнмен:
«Замандаспыз — деді оған, қатар жүрген.
Желтоқсанның көргенше он алтысын
Бір күн бұрын батсамшы батар күнмен».

Қорғағанмын жаудан мен Совет елін,
Әлі күнгі Отанды ән етемін.
«Мен қазақпын!» - деуші едім біле тұра,
«Шовинизм» дегеннің бар екенін.

Ұрпағыма халім бар не дер енді,
Қорладыңдар бұл қазақ деген елді.
Қыздарымды сүйретіп бұрымынан
Ит таласын деп пе едім немеремді?

Ақынша айтсам, «ұлы елдің» бұл мазағын
Менің далам көтерді күллі азабын.
Тың жерімді игерген бауырларың
Тракторге таптатты қыр қазағын.

Оныңа да шыдады халқым менің,
Берді емес пе билігін, алтын кенін.
Тұңғыш тұрсың алғашқы дәмін татып,
Түсінбейсің замандас, салтын елдің.

Бір еместей өзіңмен жолым бүгін
Мен айтпасам паш етер сорымды кім,
70 жылдай, құрбым-ау, келесіңдер
Пайдаланып қазақтың момындығын.

Деп үйреттің мәңгүртсің; бәрің надан,
Тіл мен діннен айрылды елім, бабам,
Кеше алаңда сабаған — сенің тегің,
Ал таяқты жегендер менің балам.

Ақын жүрек тартуда содан қайғы,
Шыдамаспын айтпауға жарам жайлы,
Кешір мені, замандас, осы жолы
Жұбан саған пікірлес бола алмайды.

Намыс пен кек түнеріп қабағында,
Мұң аралас жас тұнып жанарында.
Ел алдында арқадан жүгі түсіп,
Ақын тұрды тазарып ар алдында.

Тынып қалды зал тегіс күбірлемей,
Бір адамның жанары күлімдемей.
Біз отырдық төбеден жай түскендей
Арқамыздан құмырсқа жүгіргендей.

Кетті залды ақынның өртеп демі,
Әлі есімде-біреулер селт етпеді.
37 қуғынын көрген сорлы
Қол соғудан сескеніп, жер тепкені.

Жұбан-бөрі, өзгелер — қояндардай,
Колбин жүзі сөл қанға боялғандай,
Зал гуілдеп, бір кезде жер солқ етіп,
Ұйқысынан бар қазақ оянғандай.

Бақтыгереева  Ақұштап,  1986 жыл


Қазақ рухы
(Жұбан Молдағалиевке)

Ойнатып бейне жасылды,
Қазанын жырдың сапырды.
Дүркіретіп дастанды
Қазақтың рухын шақырды.

Туралап тегін айта алмай,
Тұрғанда үрей шайқалмай, 
"...қазақпын" деп саңқ етті,
Қасқайып тұрып тайсалмай.

Саңылауды ашқан самбырды
Шақырып бойда қан жүрді.
Дала, қала, тау-орман
"Қазақпыз" деп жаңғырды.

Жанашыр, бауыр, дос тапқан
Көсілді ақын кеш тартқан.
Желкілдей өсті жаңа ұрпақ 
"Қазақпын!" деп төс қаққан.

Қарамай қас пен қабаққа
Қосылды ұл-қыз санатқа.
Турасын айтты сол ұрпақ,
"Тисін деп билік қазаққа!"

Қаһарлы, сұсты, мұз-қарлы
Желтоқсан еді ол ызғарлы...
...Арқырап шығып алға озып,
Саңқ етті сабаз ызбарлы.

Құйрық-жалын қуаттап,
Төріне тура нық аттап,
Ұрпаққа төнген зауалды,
Үркітті тағы үні асқақ.

Ұлтыңның ұлы бағы үшін
Жаралған абыз, арысым!
Жайнайды жаның жаннатта
Қазақтың қайрап намысын.

Бөленіп елім абатқа
Қосылдық ұлы санатқа.
Жүгіну, жұртым, жүз сауап
Жұбандай жайсаң қазаққа!

Шахин Аманкелді


Жұбан және Желтоқсан


Қайран жұрт үнсіз талай жанды көмген,
Батар күн қызылындай қанды көрген.
Қазақтың уыздайын ұл-қызына
Жендеттер желтоқсанда салды шеңгел.

Мейлі, енді аяз ұрып, жел кеулесін,
Бір басқа күн туғанда көнбеу де - сын.
Көздері қанталаған қызыл иттің
Тырнағы басып жатты ел кеудесін.

Мейлі, сол жандайшаптар шапқыласын,
Есектің бағы жанып, ат құласын.
Қашанда озбыр заман
Өткір тілін
Тартпаған мықтылардың қақты басын.

Халқы үшін қайратты ерлер қамалған көп,
Жарқырап тұрды ұдайы жанардан — от.
Кекті сөз болып жауға қайта атылды
Ақынның жүрегіне қадалған оқ.

Жалаулар жығылмаған желбіреді,
Жанарлар жаутаңдаған мөлдіреді.
Жұбанның жалғыз ауыз сөзінен соң
Жұбанып қоя берді ел жүрегі.

Көрінер қыран — қырдан, өлең - ойдан,
Кенде емес дана қазақ кемел ойдан:
Жұбатар, жыласа, елді ұл керек қой,
Жұбан деп, білмесе егер, неге қойған!?

Сейтақ Ғайса-Ғали


Шындық пен Жұбан ақын


Жыр керек,
Әлі ешкім жаттамаған,
Жазса егер біреу-міреу жаттап алам.
Таршылық танытқанда тарландарың,
Тарығып тағы кінә тақпа маған.

Рух керек,
Рухсыздың мысын басар,
Болмайды бір амалын ұсынбасаң.
Батылдар «шындығы»-деп тілін безер,
Бақырлар «өтірік»-деп тісін басар.

Сөз керек,
Ел еңсесін түсірмеген,
Түсірсең, елмен бірге күпір денең.
Ұлт үшін қажет кезде ұлық бол да,
Ұлт үшін қажет кезде кішір менен.

Керек жоқ,
Тістенудің, кектенудің,
Әсері қайта шықпас кеткен удың.
Сыналған өлімменен Жұбан ақын,
Білмеген жолдарын текке өлудің!

Керек жоқ,
Желіккеннін, желдіккеннің,
Желтоқсан ызғарынан жел күткен кім?
Қыранның бір көзімен олжа түссе,
Жұбанның бір сөзімен теңдік келді.

Керек жоқ,
Аяуың да жұбату да,
Дәттерің шыдаған соң жылатуға.
Жұбанның үні жатыр әнұранда,
Жұбанның құны жатыр мына туда!

Жұбатпа!
Тілегім сол сұранатын,
Құлатпа тектілердің ұран атын.
Жылатып кетті бәрін шындықпенен,
Ешкімді жұбатқан жоқ Жұбан ақын!

Мықи Талғат



«Жұбан поэзияда оңай жолды іздемейтін, өз творчествосына барынша қатал, жалпы қазақ әдебиеті алдындағы жауапкершілікті айнытпай ту етіп көтерген қалам қайраткері».
С. Шаймерденов

«Бұл ақынның шығармаларына мен қашанда құштарлықпен қараймын да, оқысам кұмардан шығатындай боламын да тұрамын».
С. Сейітов

«Туған республикамыздың құрдасы Жұбан бүкіл саналы өмірін Отаны мен отандастарының бақытты жолына арнады».                                   
С. Қирабаев

«Жұбан Молдағалиев лирикасы - мол дүние, әрі алуан сипатты сырлы жырлар».
М. Әлімбаев

«Жұбан өлендерінің идеялық дәрежесі, көркемдік деңгейі әуелден жоғары, бұл ақын әуелден-ақ биік мақсатты, асыл мұратты нысана тұтқан».
З. Қабдолов

Джубан Мулдагалиев всегда учился, всегда воевал за свет и на стороне света, всегда нес в своих строках правду людям - как бы ни была горька эта правда и как бы тяжело она ни давалась ему самому.
В. Савельев



 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.