1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


«Д.А Қонаев-ғасырдың асыл адамы»

Фоторепортаж

2017-жылы, 12-қаңтар күні сағат 11:00-де №11 кітапхана бөлімшесінде (Косарев көшесі, 34) көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстанның бірінші басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қонаев-ғасырдың асыл адамы» атты ақпарат сағаты өткізіледі. Шара барысында кітапханашы  Д.Қонаевтың өмірі мен қызметін кең көлемде таныстыратын болады. Одан кейін балалар «Жан еді сондай балажан», «Димаш ата», «Ел ағасы» сияқты өлеңдер оқып, «Қазақтың ұлы - Дінмұхамед» атты бейнеслайд көреді. Шара сонында кітапханашы  «Өз заманының кемеңгері» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасап, ұлтымыздың ұлы тұлғасы жазған «Сегіз жастық» атты естеліктерін әңгімелеп береді. Балалар сіздерді, сіз бен біздің бақытты өміріміз үшін өткен ғасырда қажырлы еңбек еткен қайраткер Дінмұхамед Ахметұлының өнегелі өмірі туралы шарамызға шақырамыз!

 

 

 

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.