1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


«Қуатты Қазақстан - Қарқынды экономика»

Фоторепортаж
Орталық балалар кітапханасында (М.Горький көшесі, 54) «Қуатты Қазақстан - Қарқынды экономика» тақырыбындағы кітап көрмесі желтоқсан айының басында ашылды. Кітап көрмесі үш бөлімде ұйымдастырылды. Олар: «Ұлы Дала елі - Мәңгілік ел», «Біздің Президент - халық таңдауы», «Бабалардан қалған құнды мұра». Көрменің мақсаты: Жас ұрпақты ұлтын сүюге және Тәуелсіздіктің құндылықтарын түсіндіріп, ел үшін еңбек етуге тәрбиелеу.
Көрменің «Ұлы Дала елі  - Мәңгілік Ел» деп аталған бірінші бөлімінде бейбітшілік пен келісімге шақыратын саясат туралы және халқымыздың ізгі қасиеттері жайлы әдебиеттер қойылған. Бұл кітаптарда мемлекетіміздің қалыптасуының әр кезеңдері, елеулі оқиғалар, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму туралы жазылған.
«Біздің Президент - халық таңдауы» бөлімінде ҚР тұңғыш Президентінің қызметі, ұлтаралық келісім, нарықтық экономика, қоғам жариялылығы, индустриалды-инновациялық даму, саяси модернизация, ядролық қарусыз әлем мәселелеріндегі елбасшының ой-пікірлері, ұсыныстары туралы кітаптар қойылған. Бұл еңбектерде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму жолындағы ҚР тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың саяси бастамалы кең көрініс тапқан.
«Бабалардан қалған құнды мұра» бөлімі халқымыздың ұлттық құндылықтары - мәдениеті, салт дәстүрі, әдеп-ғұрпы туралы. Бұл бөлімде қазақ ауыз әдебиеті, қолөнері, ұлттық киімдері және аспаптары жайлы мәліметтер қойылған. Сонымен бірге, қолөнер туындылары да әсем үйлесім тауып, ел назарын ерекше аударады. Қазақстан Ассамблеясының тұрмыс тіршілігі, ұлтаралық келісім, достық және этномәдени бірлестіктерінің дамуы жайлы әдебиеттерді де осы бөлімнен табуға болады.
Қасиетті халқымыздың құндылықтарымен танысқыларыңыз келсе, көрмеге келіңіздер!

 

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.