1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


«Бір шаңырақ астында» - «Под единым шаныраком»

2016-жылы, 15-желтоқсанда 15:00-де Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада Шығыс Қазақстан суретшілерінің «Бір Шаңырақ астында» - «Под единым Шаныраком» тақырыбындағы сурет көрмесі ашылады.

 

 

Бұл көрмеде елімізге есімдері белгілі Қайсан Қадырбеков, Болат Исин, Николай Аштема, Павел Сундиков, Анатолий Бердюгин, Николай Малютин сияқты қылқалам дарындарының көркем шығармалары көпшілік назарына ұсынылады. Көрменің ашылу бағдарламасында Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша «Қайнар» баспасында  шығарылған «Қазақстанның көркем келбеті» - «Живопись Казахстана» атты екі томдық альбомның таныстырылымы өткізіледі.
«Бір шаңырақ астында» - «Под единым шаныраком» тақырыбындағы аймақ суретшілерінің көрмесі ашылғаннан кейін күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге жұмыс істейді. Біздің мекенжайымыз: Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана, Славский атындағы  Ертіс жағалауы, 22.  
Көркем суреттердегі  көрікті өлкеміздің келбетіне көз тойдырғыларыңыз келсе көрмені тамашалауға келіңіздер!

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.