1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


«Оралхан Бөкейдің руханият әлемі - Духовный мир Оралхана Бокея»

Фоторепортаж

9 желтоқсан күні Орталық қалалық кітапхананың қонақжай бөлмесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында «Оралхан Бөкейдің рухани әлемі» - «Духовный мир Оралхана Бокея» атты әдеби-шығармашылық конференция өткізілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға қатысуға Өскемендегі 12 мектептің оқушылары тапсырыс берді. 
Біздің мақсатымыз – Тәуелсіздікке жету жолында қаламымен қайрат көрсеткен жазушының еңбектерін елге насихаттап, жеткізу. Осылайша хас дарынның дара руханиятымен жұртшылықтың санасына сәуле түсіріп, ел мен жерді Оралхан Бөкейдей сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу. 
Мемлекет басшысы балаларды баянды болашаққа бағыттау жолындағы міндеттердің бастысы - мектептің білім бағдарламасына үштілділікті енгізу деп атап көрсеткен болатын. Соның бір көрінісі ретінде «Оралхан Бокейдің руханият әлемі» атты алқалы жиын  үш тілде өткізілді. 
Қатысушылар конференцияға О.Бөкей шығармаларын таңдай отырып, жаңаша шығармашыл идеялармен келді. Мысалы, №18, №34, №39 орта мектеп оқушылары және гуманитарлық колледж студенттері жазушы шағармаларын оқып қана қоймай, оқиға желісі бойынша шағын қойылымдар жасады.
Үш тілді конференцияда «Жаңғырық», «Кербұғы», «Қар қызы», «Қамшыгер» сияқты шығармаларынан үзінділер оқылды. Оқушылар О.Бөкейге арналған өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Т.Мағзұмов конференцияны қорытындылап, шараға жоғары баға берді. Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Ж.К.Кенжебекова  қатысушыларды марапаттап, құттықтау сөз сөйледі.
Жиынға қатысушылар Алтайдың ай маңдайлы, аяулы жазушысы Оралхан Бөкейдің руханият әлемінен саналарын  сәулелендіріп, жан-дүниелерін жадыратып  қайтты.

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.