1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Мұқағалиға арналған мүшайра

Басып шығару E-mail


Қазақ өлеңінің аспанында жарқырап өткен М.Мақатаевтың ақындық талантын жастар жүрегіне ұялатып, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін берік қалыптастыруға атсалысып жүрген қара шаңырақтың бірі – Қалалық орталық кітапхана.
29 қараша күні осы кітапханада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, айтулы ақын, «қалың елі қазағының» өлшеусіз махаббатына бөленген армансыз ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» атты жыр мүшайрасы өтті.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Өлкетану ақпараттарының орталығы бірлесе ұйымдастырған бұл мүшайраның мақсаты - мемлекеттік тілді дамыту, М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, ұлттық рухты көтеру, жас ақындарды ынталандыру.
Мүшайра ережесі бойынша жас ақындар үш өлеңнен әкеліп, М.Мақатаевқа, күз тақырыбына және еркін тақырыпқа арналған өз өлеңдерін оқыды.
Мүшайраны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Ж.А. Алканова ашып құттықтау сөз сөйледі. Кітапхана шаңырағында жиналатын «Шабыт» ақындар мектебінің жетекшісі ақын, жазушылар одағының мүшесі С.Ғабдоллаұлы қатысушыларға ақ жол тіледі.
Келесі кезекте қоржындарына жыр толтырып келген 11 жас ақын өз өлеңдерін ортаға салды. Өлеңді өміріне серік еткен ақын өлеңдеріне жазылған әсем әннен шашу шашылды. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ақынның өзі жырлағандай, тәні озса да жаны озбаған ақын рухы мәңгілік қасымызда.


 

 

Add comment

Сайт иелері оқырмандар пікірлерінің мазмұны үшін жауап бермейді. Пікірлердің мазмұны пікір жазушылардың жауапкершілігінде.
Жаңалықтарды талқылау кезінде ҚР заңнамасының нормаларын бұзатын пікірлер жазуға, сайт әкімшілігінің әрекеттерін талқыға салуға, бөгде біреуге тіл тигізуге, сондай-ақ тақырыпқа қатысы жоқ, яғни тікелей немесе жанама жарнамасы бар пікірлер қалдыруға тыйым салынады. "Есім" жолағында берілген жаңалықты талқылауда бұрын қолданған есімдерді қайта қолдануға рұқсат етілмейді. Ондай пікірлер жойылып отыратын болады.
Пікіріңізді қалдырғаннан кейін Сіздің IP мекенжайыңыз және осы беттегі оның белсенділік уақыты МҚ жазылатын болады. Пікір қалдыра отырып, сіз ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыныңызға келісетініңізді ескертеміз. Түсіністігіңізге рахмет!


Security code
Refresh

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Rambler's Top100

Акция «Солдатское письмо»

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.