1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


"Оқырмандар конференциясы"

Кейінгі кезде кітапханада оқырмандармен өткізілетін мәдени шаралар түрі жыл санап молайып келе жатыр. Олай болуы да тиіс. Өйткені қазіргі жаңа технология мумкіншіліктерін пайдалана отырып, өткізер шараны түрлендіруге жағдай жасалған. Дегенмен әлі де болса өз мәнін жоғалтпаған дәстурлі шаралардың негізгісі — оқырман конференциясы кейінгі уақытта қағажау қалып, оның орнын кітап тусаукесерлері, беташарлар, пікіралмасулар басып келеді. Сондықтан да оқырман конференциясы жайлы әріптестеріме ой тастап, жас мамандарға өз жұмыстарында пайдалану ушін әдістеме ретінде ұсынуды жөн көрдім.
Оқырман конференциясы — оқырмандармен жүргізілетін белсенді жұмыс түрінің бірі. Оқырман конференциясының мәні оның өткізілуінде ғана емес, әр оқырманның сол кітап жайлы өз көзқарасын, пікірін тындау, дәлелдеу және өзге пікірлермен де санасу болып табылады. Конференция пікір алмасу түрінде өткендіктен, оның негізіне оқығанды талдау жатады.
Оқырман конференциясының түрлері: мазмұны бойынша - көркем шығармалар және арнайы әдебиеттер болып бөлінеді. Кәсіби, ғылыми әдебиеттерге окырман конференциясын өткізу өндіріс және ғылыми мекемелерде өткізіледі. Көбінесе ондай конференциялар кәсіби деңгейді көтеруге арналған окулықтар, монографиялар, басылымдар болуы мүмкін. Мұндай талдаулар ғылыми кітапханалардың оқу орындарының кафедраларында өтетін әдістемелік семинар аясында ұйымдастырылуы мүмкін.
Көбінесе, оқырмандар конференциясы көркем әдебиеттерді талқылауға арналады, Олар бір немесе тақырып бойынша топтастырылған бірнеше кітапты (такырыптық), жеке авторлардың шығармашылығына арналуы мүмкін.
Оқырмандар конфренциясының келесі түрі - автордың қатыстырылуы арқылы өтетін окырман конференциясы. Конференцияның бұл түрі шығарма авторымен дидарласуға мүмкіндік береді. Кітапханашыларға көбірек ізденіспен дайындалуына жағдай туғызады. Өйткені конференцияға келген оқырмаңдарды тек жазушының жеке өмірі ғана қызықтырып қоймайтыны белгілі, оның шығармашылығы туралы келген окырмандар айтса, ол әсерлі болады.
Конференцияның келесі түрі — көрермен-оқырман конференциясы. Бұл конференция 1970 жылдары пайда болды. Сол жылдары теледидар және кино арқылы көркем әдебиеттер экранға көптеп шыға бастады. Бұл конференция негізіне оқырмандық қызығушылық пен көрермендік қызығушылық қатар жүреді. Мұндай шараны өткізетін кітапханашылар әдебиет мәселелерінен жақсы хабардар болулары тиіс, сонымен қатар кино өнерінің де ерекшеліктерін білулері қажет.
Оқырман конференциясының келесі түрі — сырттай оқырмандар конференциясы. Ерекшелігі: конференция бетпе-бет өтпейді, керісінше БАҚ арқылы - газет, кейде радио, теледидар арқылы өткізіледі. Талдауға қатысатын аудитория ауқымы үлкен. Яғни, қай жерде тұрмасын, қай уақытта болмасын адамдардың пікірін оқып, танысуына болады. (мысалы: "Әкелер ізімен" 'Көркем әдебиеттегі жұмысшы табы" т.б сондай-ақ, аудандық газеттерде ауыл шаруашылығына арналған тақырыптарда - озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында жергілікті авторлар шығармалары).
Оқырман конференпиясын өткізу және дайындау барысындағы сатылар:
Кітапты таңдау. Конференцияға мәселе көтере алатын, пікірталасуға лайықты, окырмандар мен сыншыларды тарта алатын жақсы кітап тандалып алынуы тиіс.
Оқырман тобын таңдау. Біркелкі топтағы аудиториямен өткізілу ұсынылады, мұндай жағдайда олар өздерін еркін сезінеді.
"Пабликрилейшнз"- кітапханашы шараны өткізуге кімді тартуды шешеді. Олар әдебиетшілер, окытушылар, мектеп және нақты сыныптар, БАҚ қызметкерлері, ақын-жазушыларт.б. Әркайсысының атқаратын жұмыс ауқымы дайындалады. Мысалы БАҚ, конференция жарнамасын даярлайды, өтуін және қорытындысын тікелей эфирде ақпарат беріп, кейбір фрагменттерді көрсетеді. Ұстаздар аудиторияны даярлайды, әдебиетшілер талқылайтын сұрақтарды құруға көмектеседі.
Әдебиеттерді насихаттау. Автор және оның шығармашылығы туралы рецензиялар, автор шығармасы туралы әдеби-сын, өмірбаяны туралы ма-териалдар іріктеліп алынады. Кітапханашылар қалайда кітапты көп адамдарға оқытуға күш салуы тиіс.
Ондай жағдайда конференция жақсы өтеді. Кітапханашылар сонымен катар автор өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырады, әдебиеттер тізімі жасалып, жаңа технологияларды пайдалануға болады.                     
Оқырмандар талқылайтын сұрақтарды даярлау. Бұл өте қиын және жауапты іс. Арнайы әдебиеттанушыларды тартуға болады. Сұрақтар әдебиет сабағын тексеру құралы ретінде құрылмауы тиіс. Ол үшін кітапханашы әдебиетті жақсы білу керек, тіл ділмарлығы, шешендік өнер де артық емес.
Аудиторияны өтетін шараға дайындау. Ең алдымен аудиторияда пікір алмасатындай атмосфера қалыптастыру керек. Орындықтарды сыныптағы парталар сияқты орналастырмай, кең де еркін отырулары және жүргізушіні көріп отыратындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар өтетін орынның безендірілуі - автор портреті, фотографиялар, конференцияға катысты репродукциялар орын алуы тиіс. Конференцияның ойдағыдай өтуі жүргізушіге байланысты. Сондықтан да ол адам сауатгы, көп оқыған, шешен тілді, автор өмірі мен шығармашылығын жақсы білетін, қазіргі әдеби өмірден хабардар адам болуы тиіс. Жүргізуші оқырмандармен жақсы қарым-қатынаста болып, оларға жағымды көзқарас қалыптастыруға, оларды әңгімеге тарта білуге, арасында пікірлерімен келісіп, қоштап отыруға тиісті. Әр адам пікіріне баға қоймай (мынау-дұрыс, бұрыс), керісінше әр адам өз пікірін айтуға тиісті деген қағиданы ұстануы қажет.
Оқырмандар конференциясын рәсімдеу, есепке алу. Шара өткендігі жайлы хаттама болуы тиіс. Қазіргі кезде аудио және бейнетаспаларға жаздырып алу мүмкіншілігі бар. Телевидение шақыру арқылы түсірілген бейне материалдардың қорын құруға болады.
Оқырман конференциясын жаңа ағымға байланысты түрлендіруге болады. Мысалы: кең ауқымда қамтылған жазушы өмірі мен шығармашылығын қамтитын слайд топтамалары, түрлі-түсті әсемделген зиялы қауымды және тұрақты оқырмандар үшін арнайы шақыру қағазын даярлау, интернет желісі арқылы ақын-жазушы шығармашылығына арналған сайттар топтамасы жайлы деректер, табылған жағдайда жазушы жайлы деректі фильмдер мен роликтер шараның ажарын аша түседі.

Төменде өз кітапхана-бөлімшемізде оқырмандар сұранысына орай Қ.Жұмаділовтің "Таңғажайып дүние" атты романы бойынша өткізілген оқырмандар конференциясының сұрақтарын ұсынамын:
1. Казақ халкының соңғы көшпенді ауылының салт-дәстүрі, ұлттық ерекшеліктері романда қалай көрініс тапқан?
2. Романдағы тарихи ұлы кезеңдер жайлы не айтар „едіңіз?
3.  Шығармада шетелдегі қандастарымыздың атамекенге деген сағынышы қалай көрсетілген?
4.  Қытай мемлекетіндегі солақай саясаттың сондағы ұлт өкілдеріне тигізген әсері туралы не айтар едіңіз?
5. Казақ зиялылары арасындағы алауыздық романда қалай көрсетілген және оның қазақ әдебиетінің дамуына тигізер әсері бар деп ойлайсыз ба?
6. Қ.Жұмаділов шығармаларының қазақ әдебиетіндегі өз ерекшелігі неде?

Іске сәт, әріптестер!

 

 

МҰҚИМАНОВА Б.Р., № 3 кітапхана-бөлімшесінің меңгерушісі.

Мектептегі кітапхана-Библиотека в школе-2009.- №3.- Б.2-3

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.