1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


№7 кітапхана – бөлімшесі

Клуб «Сударушки» (1997)

«Сударушки» (1997)

Прохладная ауданында орналасқан №7 кітапхана-бөлімшесіндегі «Сударушка» клубының жұмысы туралы ақпарат.
Клуб ұраны:
Шай іше отырып жалықпаймыз
Ауырмауды біз ойлаймыз
Кітап оқуға құмармыз.

Клуб міндеті:
• Кітаптарды және мерзімді басылымдарды жарнамалау
• Кітапхананы насихаттау және жаңа оқырмандарды тарту
• Клуб жанына белсенді кітап құмарларды біріктіру
• Кітап құмарлардың бос уақытын ұйымдастыру
• Клубқа жаңа оқырмандарды тарту
• Кітапхана жүргізетін іс-шараларға белсене қатысу

1997 жылы №7 кітапхана-бөлімшесінде кітап құмарлар мен зейнеткерлердің бос уақытын өткізуге арналған клуб құрылған болатын.
Клубты құра отырып, біз олардың әдебиетке деген қызығушылығын оятып қана қоймай, олардың бос уақыттарын ұйымдастыруды ұйғардық. Клубты ашуға дайындала жүріп, біз хабарландыруларды безендіріп, абонемент және оқу залы оқырмандарымен әңгімелесулер жүргіздік. Клуб мүшелері–құрылыс материалдары комбинатының бұрыңғы жұмысшылары, өйткені ҚМК өз жұмысын тоқтатып, жеке тұлғаларға тиесілі болғаннан кейін, зейнеткерлер шетке шығып қалды. Бірінші отырысқа небәрі 7 адам келді. Клубтың бағдарламасы мен олардың клубтан не күтетіндерін талқылаған едік. Клуб отырыстары жаз айларынын (маусым, шілде) басқа әр ай сайын өткізіліп отырады. Уақыт өте келе клубтың өз дәстүрлері қалыптаса бастады. «Сударушка» кітапханада өтетін іс-шараларынан басқа, Прохладная мөлтек ауданы мен қалада өтетін іс-шараларға да қатыса бастады.
Біздің жұмысымыз № 10 ЖӨК-пен тығыз байланысты, олар клуб мерекелерінің өтуіне мүмкіндігінше көмек көрсетеді. Және Сударушка клубының мүшелері де олардың іс-шараларына қатысып отырады. Масленица, Наурыз, Қала Күні, Қарттар Күні мерекелерін бірлесе өткіздік. Сонымен қатар, Сударушка клубының мерейтойларын да бірге атап өтеміз.
Жыл сайын Жеңіс Күні Даңқ Мемориалына барып, гүл қою рәсімі дәстүрге айналды.
Біз кездесулерімізді мемлекеттік мерекелер күндері мен олардың кәсіби мерекесі – Құрылысшылар Күніне орайластырамыз. Себебі, Сударушка клубының мүшелері 30 жылдан астам бұрыңғы кірпіш зауытында жұмыс атқарған.

Отырыстардың тақырыбы әр түрлі, әдеби-музыкалық кештерден бастап, кітаптарды талқылауға дейін. Кейбіреулерін атап өтсек:
1) «Супер-Бабушка» сайысы; 1998
2) «Красота без любви умирает не востребованной» атты жыр кеші; 1999
3) «Юбиляр года» әдеби визиткасы /Г. Марков/; 2001
4) «Почетная профессия – строитель» кездесу кеші; жыл сайын
5) «Дружба длиною в жизнь» романс кеші; 2005
6) « Здравствуй, Наурыз» ұлттық мерекесі; жыл сайын
7) « Раз в крещенский вечерок»; 2010
8) « Нас песня на подвиг звала» муз.сағат; 2010
9) « По кирпичику город построен»; 2011( Құрылысшылар Күні)
10) «Осени жизни - пора золотая» (1 қазан – Қарттар Күні)
11) Масленица, Жаңа Жыл мерекелері өткізілді, әжелер костюмдерді өздері тікті.
Года идут и Сударушки стареют и уходят от нас в иной мир, но на их место вливаются новые.
Жылдар зымырап өтуде және Сударушка клубының мүшелері қартайып, о дүниеге аттануда, дегенмен олардың орнына басқалары келуде.

«Сударушка» клубының белсенділері:
Чегодаева Галина Петровна
Дементьева Мария Яковлевна
Коновалова Нина Кузьминична
Лакатош Екатерина Ивановна
Шмакова Анна Алексеевна

Клуб «Атамура» (2002)

"Атамура" (2002)

№7 кітапхана бөлімшесінде 2002 жылы «Атамұра» Отансүйгіштер клубы құрылды.
Клубтың ұраны: Отан үшін отқа түс – күймейсің.
Клубтың мақсаты: Мектеп оқушыларын қоғамдық өмірге тарту, олардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандық сезімдерді қалыптастыру. Өз тіліне, дініне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Бос уақыттарын тиімді пайдалана білуге үйрету болып табылады.
Атамұра клубы жұмыс атқарған жылдардан бері қаншама бала осы клубтың мүшесі болды. Оқушылар жоғарғы сыныпқа барғаннан кейін клубтың жаңа мүшеолері қабылданып отырылады. Клуб мүшелерімен өткізілген «Менің елім – Қазақстан» интеллектуалды ойын, «Ақырын жүріп анық бас» нашақорлыққа қарсы поэтикалық қойылым, Ғ.Байбатыровтың 60 жасқа толуына орай өткізілген «Өмірін өлеңмен өрген» поэзия кеші, «Желтоқсан батырлары – жүрегімде» сахналық қойылымдар қойылып клуб мүшелерінің және жалпы оқырман қауымның көңілінен шықты.2011 жылдың қыркүйегінен бастап «Атамұра» мүшесіне №27 орта мектептің 5 «К» сыныбы – 26 оқушы кірді. Сынып жетекшісі: Ішпекбаева Айнагүл Қасымқызы. Қыркүйек айынан бастап клуб мүшелерімен төмендегідей шаралар өткізілді:
1. Тілдер күніне арналған «Ана тілім-асылым» тақырыбына сайыс өткізілді. Шараның мақсаты, оқушылардың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін, қадір – құрметін арттыру болып табылды. Оқушылар төрт топқа бөлінді, сайыс 5 турдан тұрды. Жеңіп шыққан топқа және сайысқа белсенді қатысқан оқушыға сыйлықтар берілді.
2. «Полигон қасірет» тақырыбына танымдық сабақ өтті. Шараның мақсаты: оқушыларды Семей полигоны, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы туралы мәліметтермен таныстыру. Қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Оқушыларға слайдтар көрсетіле отырып, полигон туралы айтылды. «Қазақстан- бейбітшілік елі» атты документальді фильм көрсетіліп, тақырып бойынша сұрақтар қойылды.
3. «Бұл сенің Отаның-туған жерің» тақырыбына мерекелік шара қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Клуб мүшелерімен қоса мейрамға 5 «А» сыныбыда қатысты. Шараның мақсаты: оқушыларға ҚР-ның өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Оқушылар тақырыпқа сай тақпақтар оқып, өлеңдер айтты. «Кедр» клубының мүшелері би биледі.
4. «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» тақырыбына қойылым көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларынан мәлімет беру; Желтоқсан құрбандарын құрметтеп еске алу, туған өлкеміз Қазақстанның жерін, елін сүюге және оны қорғауға тәрбиелеу. Шара ҚР-сының әнұранын орындаумен ашылды. Шараны 5-ші сынып 10-шы сынып оқушыларымен бірлесе өткізді. Қойылымда жас студенттердің көтеріліске шыққаны, Қайрат Рысқұлбековтың тергеуге алынуы, соты, анасының жоқтауы көрсетілді.
2012 жылға «Атамұра» клубының жоспары құрылды. Ары қарайда оқушылар осындай шараларға белсене қатысып, бірлесе жұмыс істейміз деген ойдамыз.

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.