1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


№6 кітапхана – бөлімшесі

Клуб «Компьютерлік  академия»

«Компьютерлік  академия»

егде жастағы адамдарға арналған компьютерлік сауаттылық мектебі.

№6 кітапхана-бөлімшесінде тегін компьютерлік сауаттылыққа оқыту курсы ашылды.
Мақсатты: егде жастағы және зейнеткерлік жастағы адамдар. Компьютерлік сауаттылық мектебінің жұмысы компьютерде, Интернет жүйесінде жұмыс істей білуге үйретуге  негізделген. Осы мектепке әлі де жұмыс істеп жүргендер де, зейнеткерлікке шыққан адамдар да  аса қызығушылықпен келуде. Олар алыстағы туғандарымен, балаларымен, немерелерімен интернет арқылы байланысу үшін  компьютермен жұмысқа үйренуде. Олар ең қажетті және пайдалы  барлық ақпараттарды алатын болады. Интернетке кіруді үйрене отырып, ол кісілер өз өмірлерін біршама түрлендіретін көптеген жаңалықтар ашады. «Компьютерлік академия» мектебінің сабақтары айына екі рет өтеді. Курс 10 бейне-курстан және  14 тәжірбиелік сабақтан тұрады. Курстағы оқыту ең қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.

Клуб «Чародеи» (2011)

«Чародеи» (2011)

Клуб 2011 жылдың қаңтарында №6 кітапхана-бөлімшесі базасында кіші және орта жастағы мектеп балаларына арналып ұйымдастырылды.

Ұраны:
«Бір орында отырмаймыз
Біз жұмыстан қорықпаймыз
Қажет болса билейміз де,
Шырқап әнді айтамыз.
Қойылым да көрсетеміз
Қызықты кітаптар тауып береміз!»
Мақсаты мен міндеттері:
- ықшам аудан балаларының бос уақытын ұйымдастыру;
- жасаралық қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай жасау;
- балалардың демалысын белсенді, пайдалы, қызықты және сан түрлі ету;
- клуб мүшелерінің шығармашылық белсенділігі мен қабілеттерін дамыту;
- ата-аналар мен балаларды әлемдік көркем әдебиет туындыларымен таныстыру арқылы жас оқырмандардың көркемдік талғамын қалыптастыру;
- отбасылық оқу бойынша жұмыстың жаңа формаларын дамыту;
- өскелең ұрпақтың зияткерлік деңгейін көтеру;
- отансүйгіштік сезімге – кіші Отанына,еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Клуб жарғысы.
Жалпы ережелер: Клуб 2011 жылғы қаңтарда №6 қалалық кітапхана-бөлімшесі жанынан құрылды.
Клуб қызметі:
- отырыстар айына 1 рет;
- ұйымдастырушылық отырыстар қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Жазғы демалыстарында балалар «Ребята–мастерята» шығармашылық шеберханасына келіп, №13 ОМ жанындағы лагері үшін  театрландырылған мерекелер дайындайды.
Клубқа қатысушылар:
- кітапхана өткізетін барлық мерекелік шараларға қатысады, сценарийлер жазады, қойылымдарды ойластырады, оларға дайындалады;
-   клуб қызметінің тұрақты формасы тақырыптық шаралар мен театрландырылған қойылымдар болып табылады.
Клуб құрамы:
- қаланың кез келген баласы клуб мүшесі бола алады.
- Қазіргі уақытта клуб отырыстарына мүмкіндігі шектеулі балалар да келіп қатысуда.
Клуб жетекшісі: кітапхана оқырманы – Понтелеева Кристина Андреевна- 12 жаста, қоюшы-режиссер: кітапхананың белсенді оқырманы, «Встреча» егде адамдар клубының мүшесі, зейнеткер – Нартова Генриетта Кирилловна.
Координатор: №6 кітапхана-бөлімшесінің меңгерушісі – М.Т.Байсарина.

Клуб «Найман» (2011)

Клуб «Найман» (2011)

Пример Мақсаты: Отанның аман-саулығын, қауіпсіздігін сақтап, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып тәрбиелеп өсіру. Парасатты ұл – қыздарды әдемілікке, сыпайылыққа, қамқор болуға бағыттау.

Міндеті: Өз Отанына деген сүйспеншілік сезімі мен оған деген құрметті қалыптастыру. Оқушыларды патриоттық, азаматтық рухта тәрбиелеу. Әрбір баланың бойында еліктеушілік басым келеді, сондықтан әрдайым жеткіншектерге назар аударуымыз керек. Осыған орай «Найман» балалар клубы құрылды. Сонымен қатар, оқушыларды өзін – өзі басқаруға тәрбиелеуге, өзінің бойындағы қасиеттерін әрі қарай дамыту.
«Найман» - балалар – клубының патриоттық танымдық клубы 2010 жылы құрылған. Содан бері осы уақытқа дейін үздіксіз өз жұмысын жалғастыруда.
Клуб патриоттық бағытта жұмыс жасайды. Яғни, мемлекетіміздің аталып өтілетін күндеріне байланысты шаралар, викториналық сұрақтар, тренинг-ойындар өткізіледі.
Клуб мүшелері алғашында № 13 орта мектептің 5 «К» сынып оқушыларынан құрылған. 2011 жылдың жазынан бері клуб саны ұлғая бастады. Қазіргі күнде клуб мүшелерінің құрамында сонымен қатар, мүмкіндігі шекетулі балалар да бар.

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.