1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


№11 кітапхана-бөлімшесі

Клуб «Чудо ручки-чудо штучки» (2014)

«Чудо ручки-чудо штучки»  балалар  шығармашылық  үйірмесі.

№ 11 кітапхана – бөлімшесінде  2014-жылдың  ақпан айынан бастап  «Чудо ручки-чудо  штучки»  атты   балалардың  шығармашылық  үйірмесі жұмыс істеуде.  
Қатысушылары: 6-12 жастағы кітапхана оқырмандары.
Мақсаты - балалардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Тапсырма:
- балаларға  түрлі-түсті қағаздардан, табиғи  материалдардан, фольга және фантиктардан  түрлі бұйымдар  жасауды үйрету. 
- қабыршақ және құммен, қатпарлы қамырмен, түрлі-түсті жіптермен, жаңғақ қабықтарымен, гофрленген қағаздармен  жұмыс істеуді үйрету.
Үйірме жұмысы «Чудо ручки-чудо штучки» - балалардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Жылына 26 сабақ жоспарланып, әр аптаның сенбісі күні 1 сабақтан өткізіледі. Оқу барысында балалар шығармашылықтың сан түрлі қыр-сырын меңгереді. Мәселен, сурет салу, әшекейлеу, құрақ құрау, жинақтау т.б. Балалардың үздік жұмыстары  «Творческое сияние» көрмесіне қойылып, көпшілік назарына ұсынылады.
Үйірмеге  № 22 орта мектептің, №2-гимназияның және «Тәжірибе алаңы» шағын ауданы  орта мектебінің оқушылары  қатысады. Сонымен бірге, кітапхана оқырмандары,  балалардың ата-аналары, әжейлер мен аталар да үйірме жұмыстарына белсене атсалысады. Жастар бос уақытын тиімді өткізу үшін біздің қызметкерлер оларды кітапханаға тарту жұмыстарын жүргізіп, түрлі үйірме жұмыстарына қатысуға ықпал етеді.

Біз Сіздерді кітапханамыздағы пайдалы қызықтарды бірге тамашалауға шақырамыз.
Кітапхананың жұмыс күндері: дүйсенбіден сенбіге дейін. 
Жұмыс уақыты:  9-00-ден 18-00-ге дейін.

Клуб «Өзіңді өзің таны» (2014)

Психологиялық  клуб «Өзіңді өзің таны»

№11 кітапхана бөлімшесінде 2014 жылдың шілде айынан бастап барлық жастағы адамдарға арналған  «Өзіңді өзің таны»  психологиялық клубы жұмыс істеуде. 
Клуб жұмысының бағыты -  Балаларға , жасөспірімдерге  және ересектерге (жекелей) психологиялық  кеңес беру.
Кітапхана оқырмандары   кітапханашы - психологтан тегін түрде психологиялық  кеңес  алуларына болады.
Кітапханашы-психологпен  кездесу  аптаның  сейсенбі , сәрсенбі, жұма  күндері  сағат 11-00 ден 17-00-ге  дейін кітапханада  өтеді. 
Сонымен  бірге  «Сенім поштасы»: электрондық пошта арқылы да психологиялық кеңес алу мүмкіндігі бар. Электрондық  поштаның  мекенжайы: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
Клуб  жетекшісі: Ажыбаева Р.Е.
Клуб жұмысы аясында  төмендегідей  іс шаралар өткізілді:
-  «Кел, балалар, танысайық!» ойын-тренингі;  
- «Менің көңіл күйім» тренингі; 
- «Өзін – өзі тәрбиелеу»  балаларды  жеке тұлға ретінде  тәрбиелеу;  
- «Біз есірткісіз өмірді қолдаймыз»  диспуты; 
- «Көңілдісің- демек сап-сау болғаның» психологиялық марафоны,  салауатты  өмір салтын сақтау  бойынша; 
- «Өмір және оның мәні»  жасөспірімдерге  және жоғары сынып оқушыларына психологиялық кеңес беру; 
- « Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»;  ата-аналарға арналған тест.

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.