1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


Орталық балалар кітапханасы

Клуб «Читайка» (2008)

Пример «Читайка» бүлдіршіндер мектебі (2008)

Мектеп ұраны: «Бәрін таста да – оқы!»
Мақсаты: кіші жастағы мектеп оқушыларының кітап оқуға қызығушылығын ояту және бос уақыттарын кітапханада өткізуге талпындыру.
Міндеттері:
1. Балалардың оқырман ретіндегі шығармашылық мүмкіндіктерін ояту.
2. Оқылған материалды тереңірек түсіндіре отырып, баланың өзіндік мүмкіндіктері мен ойлау қабілетін дамыту.
3. Кітап оқу мәдениеті мен кітапты дұрыс ұстауға баулу.
Мектептегі сабақтар театр элементтері, слайд презентациялары және музыкалық сүйемелдеумен өтеді. Оқушылар мерейгер-жазушылардың шығармаларымен танысып, дәстүрлі және электрондық викторина сұрақтарына жауап беріп, әдеби кейіпкерлермен қозғалыс ойындарын ойнайды. Әңгіме танымдық бағытта өтеді. Шығарма және жазушы балаға таныс болмаса онда кітапханашылар оны қызықты әрі түсінікті түрде балаға жеткізеді, автордың бар  ойын, шығармашылық қабілетін ашып айтып, шығармасынан дауыстап үзінді оқиды, әр баланы әңгімеге тартып, сабағымызды - ұмытылмас кітап оқу мерекесіне айналдырамыз.
Мектепке қатысушылар: бастауыш сынып оқушылары.

Клуб «Айгөлек» (2011)

Пример Ұранымыз: «Талаптыға нұр жауар!»

Клубтың мақсаты: Оқу арқылы балалардың танымдық қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін дамыту.
Клуб мүшелері: №3 мектеп-гимназиясының оқушылары.
Клубтағы барлық іс-шаралар баланың жан-жақты, интеллектуалды,  рухани және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Шаралар - ойын, мереке, сайыс, әңгіме түрінде өтеді.
Клуб отырысы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Отырыстың барлығы дерлік кітаппен байланысты және балалардың қатысуымен болады. Кітапханалық іс-шараларда клуб мүшелері өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдарға қатысады.
Клуб жетекшісі: Хасенова Г.А.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.