1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


№7 кітапхана – бөлімшесі

Клуб «Атамура» (2002)

№7 кітапхана бөлімшесінде 2002 жылы «Атамұра» Отансүйгіштер клубы құрылды.

Клубтың ұраны: Отан үшін отқа түс – күймейсің.
Клубтың мақсаты: Мектеп оқушыларын қоғамдық өмірге тарту, олардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандық сезімдерді қалыптастыру. Өз тіліне, дініне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Бос уақыттарын тиімді пайдалана білуге үйрету болып табылады.
Атамұра клубы жұмыс атқарған жылдардан бері қаншама бала осы клубтың мүшесі болды. Оқушылар жоғарғы сыныпқа барғаннан кейін клубтың жаңа мүшеолері қабылданып отырылады. Клуб мүшелерімен өткізілген «Менің елім – Қазақстан» интеллектуалды ойын, «Ақырын жүріп анық бас» нашақорлыққа қарсы поэтикалық қойылым, Ғ.Байбатыровтың 60 жасқа толуына орай өткізілген «Өмірін өлеңмен өрген» поэзия кеші, «Желтоқсан батырлары – жүрегімде» сахналық қойылымдар қойылып клуб мүшелерінің және жалпы оқырман қауымның көңілінен шықты.2011 жылдың қыркүйегінен бастап «Атамұра» мүшесіне №27 орта мектептің 5 «К» сыныбы – 26 оқушы кірді. Сынып жетекшісі: Ішпекбаева Айнагүл Қасымқызы. Қыркүйек айынан бастап клуб мүшелерімен төмендегідей шаралар өткізілді:
1. Тілдер күніне арналған «Ана тілім-асылым» тақырыбына сайыс өткізілді. Шараның мақсаты, оқушылардың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін, қадір – құрметін арттыру болып табылды. Оқушылар төрт топқа бөлінді, сайыс 5 турдан тұрды. Жеңіп шыққан топқа және сайысқа белсенді қатысқан оқушыға сыйлықтар берілді.
2. «Полигон қасірет» тақырыбына танымдық сабақ өтті. Шараның мақсаты: оқушыларды Семей полигоны, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы туралы мәліметтермен таныстыру. Қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Оқушыларға слайдтар көрсетіле отырып, полигон туралы айтылды. «Қазақстан- бейбітшілік елі» атты документальді фильм көрсетіліп, тақырып бойынша сұрақтар қойылды.
3. «Бұл сенің Отаның-туған жерің» тақырыбына мерекелік шара қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Клуб мүшелерімен қоса мейрамға 5 «А» сыныбыда қатысты. Шараның мақсаты: оқушыларға ҚР-ның өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Оқушылар тақырыпқа сай тақпақтар оқып, өлеңдер айтты. «Кедр» клубының мүшелері би биледі.
4. «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» тақырыбына қойылым көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларынан мәлімет беру; Желтоқсан құрбандарын құрметтеп еске алу, туған өлкеміз Қазақстанның жерін, елін сүюге және оны қорғауға тәрбиелеу. Шара ҚР-сының әнұранын орындаумен ашылды. Шараны 5-ші сынып 10-шы сынып оқушыларымен бірлесе өткізді. Қойылымда жас студенттердің көтеріліске шыққаны, Қайрат Рысқұлбековтың тергеуге алынуы, соты, анасының жоқтауы көрсетілді.
2012 жылға «Атамұра» клубының жоспары құрылды. Ары қарайда оқушылар осындай шараларға белсене қатысып, бірлесе жұмыс істейміз деген ойдамыз.

 

Мы в социальных сетях

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.