1. О библиотеке
  2. Публикации в прессе
  3. Айна Ескеннызы. Тоғыз тілде ән шырқады // Дидар.- 2014.- 7 наурыз.

Айна Ескеннызы. Тоғыз тілде ән шырқады // Дидар.- 2014.- 7 наурыз.

PDF Басып шығару E-mail

Тоғыз тілде ән шырқады

Тоғыз тілде ән шырқады

Өскемендегі орталық қалалық кітапханада «Ақ босағаның алтын діңгегі» атты әжелер сайысы болып өтті.

Бір байқағанымыз, «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» демекші, әжелеріміздің барлығы да шетінен көркем де шешен, парасатты екен. Әсіресе, олардың «Халық - тәлім-тәрбие бастауы» сайысындағы салт-дәстүр, тарихқа қатысты сұрақтарға берген жауаптары елді ерекше тәнті етті. Олар кез келген сауалға толыққанды жауап беріп, мысалдар да келтіріп отырды. Тоғыз тілде ән шырқаған Қабиба Қадырова, консерваториялық білімі болмаса да, Бибігүл апамыздың «Қызқарағайын» нақышына келтіре орындаған Сажида Қоқымбаева, халық әнін салған Гүлшат Смағұлқызы, «Қазақ вальсі» биін билеген Клара Мағзұмова бойларындағы туа біткен таланттарын көрсете білді. Ағарту ісінің үздігі Шолпан Төгісова М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқығанда, жанарлары жасқа шыланбаған адам кемде-кем болды.

Жарыстың қызған тұсы - «Өнерлінің қолы алтын» сайысы еді. Шебер қолды аналар 10-15 минуттың ішінде небір ою түрлерін ойса, Ш.Төгісова оюдың «қарлығаш», «тоғызтөбе» сияқты өте көне түрлерімен таныстырды.

Бес түрлі сайыс барысында бар өнерлерін паш еткен әжелер түрлі аталымдар бойынша марапатталып, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы дипломдары мен сыйлықтарына ие болды.

 


Яндекс.Метрика