1. О библиотеке
  2. Публикации в прессе
  3. Имамбаева Жадыра Ержановна, Ана – өмірдің берекесі // Өскемен, - 2013. - №9. - Б.6.

Имамбаева Жадыра Ержановна, Ана – өмірдің берекесі // Өскемен, - 2013. - №9. - Б.6.

PDF Басып шығару E-mail

Автор: funtik

 

Наурыздың 2-сі  күні  Өскемен қаласының Орталық балалар кітапханасында  8-наурыз  Халықаралық әйелдер мейрамына арналған «Ана – өмірдің берекесі» атты  мерекелік іс-шара өтті.

Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесіне «Айгөлек» балалар клубының  мүшесі - № 3 көпбейінді мектеп-гимназиясының 3 «б» сынып оқушылары арнайы дайындап әкелген мерекелік шашуларын  тарту етті. Бала- ананың бауыр еті, көз нұры  демекші, баласының өнерін тамашалауға келген әр ананың  қуанышында  шек болмады. Халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, білім нәрімен сусындатып, ананы қадірлеуге, сүюге баулып келе жатқан аталмыш сыныптың жетекшісі - Айгүл Оралханқызының еңбегі  ұшан-теңіз. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құрметіне  «Ана туралы жыр», «Анаға сәлем», «Асыл әжем» әндері әуелете шырқалды. Мың бұрала билеген бұрымды қыздарымыздың өнері де көпшілікке жақсы әсер қалдырды. Бұл күні шырқалған ән де, оқылған өлең де, бәрі де бәрі тек аналарымызға  арналды. Ақын Расул Ғамзатов: «Ана дегеніміз – әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол – тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі» деген екен.  Олай болса, сұлулықты, жарасымдылықты, барша игілікті бойына сіңіріп, бар жылуын балаға арнаған аналарымыздың, қаракөз қыздарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің мерекесі құтты болсын!

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы!

 

 

 

 

 


Яндекс.Метрика