1. О библиотеке
  2. Публикации в прессе
  3. Мұқиманова Бикамал Рысбекқызы, Жастар кітап оқуы керек //Мәдениет, 2013. - №2.- Б.42-44.

Мұқиманова Бикамал Рысбекқызы, Жастар кітап оқуы керек //Мәдениет, 2013. - №2.- Б.42-44.

PDF Басып шығару E-mail

Жастар – еліміздің болашағы десек, осы топтағылармен жұмыс – кітапхананың маңызды жұмыс бағыттарының бірі. Кітапхананың болашағын осы жастармен байланыстыра отырып, Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ кітапханалары арасында ағымдағы жылы жарияланған «Жастармен жұмыс жүргізетін үздік кітапхана-2012» сайысы бойынша көптеген игі шаралар жүзеге асты. Соның нәтижесінде, оқырман жастардың саны анағұрлым артты.

Өскемен Орталық қалалық кітапханасының «Қызмет көрсету бөлімі» – қала тұрғындарына ақпараттық және мәдени ағартушылық қызмет көрсететін орталық болып саналады. Жыл көлемінде 9500 оқырман кітапхана қызметін пайдаланады.

Ең алдымен «Жастардың ақпараттық сұранысы» атты сауалнама жүргізу арқылы  жастардың кітапхананы пайдалану деңгейін, кітапханаға қандай ақпарат алу үшін келетіндігін, келмеген жағдайда не себептен екендігін анықтадық. Сауалнамаға 63- қыз бала, 37-ұл бала, барлығы 100 респондент қатысты. Сауаланаманы саралай келе жауап берген 100 респонденттің 54 %-ы біздің оқырманымыз болмай шықса, 24 %-ы ақпаратты интернеттен алып оқитынын, 17 %-ы өз керектерін оқу орындарынан табатындықтарын, қалғандары «уақыт жоқ», т.б. жауап қайтарған. Сондай-ақ қатысқан жастардың барлығы бірен-саран белгілі классиктерден басқа жазушыларды әсіресе, жас ақын-жазушыларды, жастар туралы шығып жатқан соңғы әдебиеттерді мүлдем білмейді. «Сүйікті басылымыңыз» сауалына жауап бергендердің бірде-біреуі жастар басылымын атамаған. Тек, облыстық «Дидар» газеті ең көп оқылатын басылым екені айқындалды.

Сондықтан да, мүлде кітап оқымайтын (3%) және жазыламын деген (11%) студенттермен жұмыс жүргізу қолға алынды, сауалнама арқылы әлі де болса қаладағы жастар ОҚК туралы ақпарат жеткіліксіз екендігін аңғардық.

Аталмыш сауалнаманы басшылыққа ала отырып, ең басты жұмысты ОҚК жарнамалаудан бастадық. Жарнама жұмысына тек ОҚК қызметкерлері ғана емес «Жас Отан» жастар қанаты, ШҚГК ішіндегі радиоторабы, «Өскемен қ. студенттерінің альянсы», «Шабыт» жас ақындар мектебі тартылды. Оқу орындары, кітапхана маңы және алыс аумақтарға ОҚК «ОҚК кітапхана оқырманы бол», «ОҚК ұсынады» тақырыптарында жиыны 2000 астам бүктемелер таратылды. Сонымен қатар, оқу орындарында өткен «Орталық қалалық кітапхана күні» (5 оқу орны, 3 мектеп), «Жастар» паркінде ұйымдастырған «Жаздық оқу залы», «Бірінші курстықтар» айлығы т.б өткен шаралардың маңыздылығын атап өтуге болады.

Жарнама төмендегідей нәтиже берді:

Оқу орындарындағы «ОҚК күні»- 210 астам жаңа оқырман;

«Жаздық оқу залы» - 28 жаңа оқырман.

«Бірінші курстықтар айлығы» бойынша кітапханаға  32 саяхат жасалып, оған 751 бірінші курс студенті келді. Саяхат соңында арнайы смайликтер белгіленген жетондар арқылы студенттерден сауалнама алынды.

 

ЖАСТАР БҰРЫШЫ. Арнайы оқу залы бұрышынан жастарға арналған бұрыш бөлінді. «Болашақ ол – БІЗ!  Будущее – это мы!», «Жастар және баспасөз. Молодежь и пресса», «Жастардың жарқын дауысы» атты тұрақты және электронды көрме ұйымдастырылып, жыл көлемінде толықтырылды. Көрмеде ҚР Жастар саясаты, қоғамдағы жастардың алар орны, бос уақытты тиімді пайдалану тақырыптарына, т.б ақпараттар ұсынылды. Жастардың қолданысына ие болған әрине, «Жастар және баспасөз» көрмесі болды, арнайы жастарға жаздырып алған басылымдар «Тұмар», «Жұлдыздар отбасы», «Қыз құпиясы»,  «Аңыз адам», «Мini», «Oops», «Yes», «Мы», «Молодые и дерзкие», «Бөпем», «Береке» т.б журналдар  жоғары сұраныста болды. Сондай – ақ, «30 жасқа дейін оқитын 30 кітап» тақырыбында жастарды көркем әдебиетті оқуға тартуға бағытталған көрме арқылы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», С.Мұқановтың «Ботагөз»,  М.Әуезовтың «Абай жолы», жергілікті жас ақын-жазушылардың кітаптары қолдан қолға өтті. Тұрақты кітапханаға келіп, тек қана көркем әдебиет оқушылардың саны – 50 ден астам, оның ішінде «Бестселлер» клубы мүшелігіне өтіп ақылы түрде кітап оқитындар – 9. Тек жастар үшін КАА (МБА) қызмет түрін 16 рет пайдаландық.

Жастар бұрышындағы сымсыз «WI-FI» қызметі жастардың сүйікті орнына айналды. 1 қарашаға дейін аталмыш қызмет түрін 199 оқырман пайдаланса, оның ішіндегі 15-26 жас аралығындағылар – 172, оның ішінде осы қызмет түрі арқылы кітапханаға тартылғандар саны – 21.

Жалпы оқылған электронды кітаптар саны  - 607, оның ішінде жастар үлесі – 455. Қазан айының соңынан бастап жас оқырмандар «Букридер» құрылғысымен   электронды кітап оқу   мүмкіндігіне ие болды.

Оқырман формулярындағы жазбаладарды саралағанда, жастардың кітап оқуы оқу бағдарламасына сай әдебиеттерді көбірек пайдаланатыны тағы да дәлелденді. Көптеген студенттер тұрақты қала тұрғыны болмағандықтан көркем әдебиетті үйге кепіл қалдыру арқылы ғана пайдалана алды. Бүгінгі таңдағы сұраныстағы әдебиеттердің көпшілігі электронды нұсқаға көшірілуде. Тек қана студенттер үшін, 21 кітап электронды нұсқаға көшірілді.

 

01.11. 2012 ж. дейін өткізілген мәдени шаралар

 

 

 

Жыл көлемінде өткен ірі шаралардың дені тек жастар арасында өткенін жоғарыдағы диаграмма арқылы көруге болады. Шаралар алуан түрлі формада өтті:  айтыс, кітап тұсаукесері, мүшәйра, сайыс, патриоттық сағат, зияткерлік ойын, құқықтық сабақ, акция, флеш-моб, мереке, кездесу кештері т.б.

Жастарды патриоттық рухқа тәрбиелейтін «Отанымның болашағын жырлаймын» - жас ақындар айтысы, «Жарияланбаған соғыс зардабы» танымдық сабақ, «Жасын тағдыр жарқылы» - (ұшқыш Ж.Малдыбаев туралы), «Тәрбие басы - тіл», «Қазақтың Поганиниі»- (Ә.Толғанбаев туралы), «Знаешь ли ты символы своего государства?» - брен-ринг, құқықтық тәрбиеге бағытталған «Права человека и права несовершенолетних» - сайыс – сабақ, «Ата заңым - айбыным» - зияткерлік ойын, жастарды кітап оқуға шақыратын «Жизнь и творчество великого Абая» - әдеби сағаты, О.Бөкей атындағы қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы,  Жазушылар одағының мүшесі, ақын, ұстаз Бақытжан Райысованың «Өзіңді жоғалтпа сен...», Серік Ғабдуллаұлының «Өміріме өлеңімді өзек қып...» атты  шығармашылық кештерін т.б атап өтуге болады.

 

Қазіргі заманауи ағымға сай өткізілген «Барлығымыз Оралханды оқимыз»

e-mobы, «Бірге кітап оқиық!» флэш-мобы – жастарды кітапханаға тартудың, оларды кітапқа қызықтырудың тиімді жолы.

Кітап оқуды насихаттауға арналған «Бірге кітап оқиық!» флэш-мобына қаламыздағы 5 оқу орынынан 70 студент қатысты. Кітап оқуға шақыратын әртүрлі плакаттарды ұстаған жастар кітапхана алдына жиналды. Бір сапқа тізіліп, қолдарындағы кітапты оқып тұрған жастарға қала тұрғындарының барлығы назар аударды. Флэш-мобтың мақсаты да осы, елдің кітапқа деген назарын аудару. 5 минуттай «кітап оқыған» жастар сәлден соң тарап кетті. Бірақ, «кітап оқуға щақыру» шарасы мұнымен аяқталған жоқ, кітапхана қызметкерлерінің кітапты насихаттауға арналған іс-шара жоспарлары әлі жалғаса бермек.

Ақпараттық-анықтамалық қызмет: Жыл көлемінде жас оқырмандарға анықтамалық-ақпараттық қызмет түрі көрсетілді.

Ауызша анықтама – 531 / 432-і - жастарға

Жазбаша анықтама – 12 / 8-і жастар үшін

Жыл көлемінде «2011 жылы жастарға арналған әдеби көркем журналдар беттерінен», «Сіздер үшін студенттер!», «Назар аудар, жас дос!» атты 3 ұсыныс тізімі және «Жастарға арналған мерзімді басылымдардың ақпараттық бюллетені - 2012» құрастырылды.

Жыл көлеміндегі Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетімен,  Саратов ауылшаруашылық колледжімен,  ШҚАУ, дарынды балаларға арналған мектеп лицей интернатымен бірлескен әріптестік туралы келісім шарт жасалыып бірге жұмыс істедік.

Аталмыш жылы барлығы 49 саяхатқа – 1809 адам қатысса, оның ішінде тек қана жастармен жасөспірімдер үшін 40 саяхат ұйымдастырылып, оған 1628 жас оқырман қатысты.

 

Нәтиже:

 

01.11. 2012 ж.   жаңа оқырмандар  ішінде жаңа оқырман жастар  үлесі

 

 

 

 

 

 

01.11. 2012 ж.  жалпы оқырмандар  бойынша оқырман жастар саны

 

 

 

 

 

 

 

01.11. 2012 ж.   жастар бойынша оқырман құрамы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарыдағы атқарылған жұмыстарға сараптама жасай келе, Қызмет көрсету бөлімі, өз бағдарламамыз бойынша жоспарлаған барлық шараларды толығымен жүзеге асырдық. Оқу орындарының тапсырысы бойынша қосымша жұмыстар да атқарылды, атап айтсақ: «Тұңғыш Президент күніне» орай өтпекші жыр мүшәйрасы, флэш- моб, e-mob, «Жастар жалыны» байқауы, «Жас Отан» жастар қанатымен өткізілген шаралар т.б.

Бағдарлама бойынша 800 оқырман тарту көзделген болса, бүгінгі таңда 978 жас оқырман жаңадан жазылды. Өткен жылмен салыстырғанда 156-ға артық.  Жалпы жыл басынан бергі көрсеткіштерді өткен жылғы қазан айымен салыстыратын болсақ, 2011 жылы – 15-26 жас аралығындағы оқырман саны – 2918, ал 2012 жылы – 3156, яғни, 238 адамға артық.

Қалалық кітапхананы қала жастарына таныстыратын БАҚ жасалған жұмыстарды сараптағанда жыл көлемінде тек жастар тақырыбында телеарналар бойынша 5 рет түсірілім жасалынып, мерзімді басылымдар беттерінде 7  мақала жарияланды.

Жыл көлемінде аз жұмыс жасалған жоқ. Десек те, бүгінгі оқырманның талғамы өте жоғары. Қазір байланыс та, ақпаратты алу жолдары да жетілген заман. Кез келген жасөспірімді компьютер немесе теледидар алдынан шығарып, кітап оқуға тарту үшін  көп жұмыстар жүргізуге тура келеді. Адам да, халық та, мемлекет те  жоғалуы мүмкін. Кітапхана – мәңгілік демекші, келегіміздің осынау киелі шаңырақпен бірге өсіп-өркендеуі – заман талабы демекпін.

 

 


Яндекс.Метрика