1. О библиотеке
  2. Публикации в прессе
  3. Айыртаудың мұзбалағы, - №39 (092). - 27 қыркүйек 2012 ж.

Айыртаудың мұзбалағы, - №39 (092). - 27 қыркүйек 2012 ж.

PDF Басып шығару E-mail

Өткен аптада Славский атындағы қалалық кітапханада Серік Ғабдуллаұлынын 75 жылдық мерейтойына орай кездесу кеші өтті. Кешке танымал өнер иелері, белгілі акындар, әншілер мен жас таланттар қатысты. Өскемен қалалық кітапханалар жүйесінің директоры Анаргүл Букобаева ханым ақынға жылы лебізін білдіріп, алдағы уақытта да үлкен табыстарға жете беруіне тілектестігін айтып, сый-сияпат жасады. Қалалық мәдениет бөлімінің бастығы Азамат Мұхаметчинов мырза белгілі ақынға өз сыйлығын табыс етті. Ақынның достары мен жазушылар да қалыс қалмады. Өңіріміздің еңбегі сіңген қаламгері, ақиық ақын Серік Ғабдуллаұлы жөнінде айтқанда оның дарынды шәкірті, жас ақын Азамат Тасқараұлының: "ақынды шын танығың келсе ең алдымен оның туып-өскен жерін көр. Ақынның мұңы мен рухы туған жерінің сазымен тербеліп, желімен әлди-әлди ақ әнге бөленеді. Туған жер, туған қарашаңырақ үлкен әріптен басталатын қасиетті ұғымдар. Серік Ғабдуллаұлы есімі аталған тұста адамның ойына Айыртау еріксіз оралады. Айыртаудың биік шыңдары мен Ұланның ұлықтай күрсінген жомарт түздері ес елегінен еріксіз өтеді" дегені бар. Ақын өз өлеңінде:
Туған жер,
Сен ғой мені еркелеткен,
Көңілімде көктеткен ерте көктем,
Бал қызығын тауыспаған балалыққтың,
Ғұмырына өкінем келте деп
мен, - деп тебіренеді. Ақын жүрегі туған жер туралы осылай толғайды. "Қызылтастың қойнауларын аралап,  Айыртаудың етегіне құладым" деп те бала шағын сағына жырлайды. Ақындық туралы толғау өте қиын шаруа. "Ақын болу оңай деймісің, қарағым, Аузында жүру ол деген сыздаған әрбір жараның" деп Т. Айбергенов кезінде жырлағандай, ақын - сезім мен нәзіктіктің, құдірет пен сыршыл сәттердің, ақ жаңбырдай әсершіл күйлердің,
найзағай жарқылындай қаһарлы түндердің перзенті. Ақын - ой мен намыстың, ақыл мен парасаттың тоғысқандығы.
Ақын - ұйқастап өлең жазып, том-том кітап шығарған адам емес, ақын - адам баласына ем болатын жалғыз сөздің иесі. Сонау алпысыншы жылдары ақын өзі сынды ҚазМУ-дың филология факультетінде тәлім алған Дүйсенбек Қанатбаев, Төлен Әбдіков, Әнес Сараев, Тана Бапиновпен бірге оқып, курстас болған.
Студенттік шақтан кейін туған жеріне оралып, елге, жерге қызмет еткен. Өр Алтай мен қасиетті Қалбатауға, бедерлі Айыртау мен ұлағатты Ұлан есіміне деген адалдығын жоғалтқан емес. Содан бері талай қызметте жүрген.
Болашақ ақын алғаш "Коммунизм туы" газетінде еңбек жолын бастаған. Оның қаламынан туған газет беттерінде жарық көрген материалдарды бүгінде жннастырып, топтастырса кем дегенде екі томға шақ келеді екен. Серік Ғабдуллаұлының журналистік қызметі жайында сөз алған әріптестері ол очерк пен мақала, фельетон мен эссе жазудың хас шебері болған деседі. Оған қоса қоғамдық жұмысқа де белсене қатысқан. "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымын басқарған шақта көптеген келелі мәселелердің ұлт мүддесі жолында оңды шешім табуына себепкер болған. Өскемен қаласында алғаш ақындар мектебін құрумең қоса, алғаш мешіттің ашылуына, Достық үйінің, №3 мектептің ашылуына атсалысқан. ТІкелей ақынның өзі ұстаздық етуімен шығыста қанат жайған киелі шаңырақтан
қазіргі күні республикаға танымал ақындар мен жазушылар түлеп ұшқан. Атап айтсақ, Абаш Кәкенов, Жанат Әскербекқызы, Раушангүл Зақанқызы, Тоқтарбек Қамзин, Құралай Омар, Ермек Дайырбаев, Ержан Жаубай, Талап Ойлаған, Айбек Оралханов жәнет.б. Өскеменде тұнғыш "Ақ Ертіс" атты әдеби-қоғамдық журналды ашқан. Аталмыш журнал бетінде Мұхтар Мағауиннен бастап Маралтайға дейінгі қазақ әдебиетінің барлық майталмандарының шығармалары жарық көрді. Он жылдан астам уақыт бойы қазақ әдебиетінің көрнекті
өкілдерінің туындыларын жарыққа шығарған әдеби журнал көптеген табыстарға жеткен.
Серік Ғабдуллаұлы сөзіне сүйеніп, оның өміріне, тағдырына етене жақын болған екі адамды ерекше атауға болады. Ақынның айтуынша, олар бет жыртысып, жүз шайыспақ түгілі, бір-біріне көңілге келетін сөз айтып көрмеген. Олар ақынның ең жақын достары -Тұрғазы Нұқайұлы мен Мүсілім Құмарбекұлы. Марқұм Тұрғазы Нұқайұлымен он екі жастан бері. туыстық, достық қатынаста араласса, Мүсілім Құмарбекұлымен жұп жазбай, үзеңгі қағыстырып келе жатқандарына алпыс жылдың жүзі болыпты.
Қазір Серік Ғабдуллаұлы Өскемен қаласында өмірлік жары Зағипа әжеймен бірге тату-тәтті ғұмыр кешуде. Ақынның - Жомарт, Асқар, Шы- нар есімді үш баласы бүгінде ер жетіп, өмірден өз несібелерін иеленген. Үшеуі де өз елдеріне адал қызмет етіп, өз істерінің нағыз мамандары болып, ата аналарының мақтаныштарына айналған жандар. Ақынның Әнуар, Тамара, Жанар есімді үш немересі, көз қуаныштары бар. Нағыз бақытты отбасы. Оған қоса өзі тәлім мен тәрбие беріп өсірген шәкірттері өз алдына бір төбе.
Арайлым Орсаринов

 


Яндекс.Метрика