1. О библиотеке
  2. Публикации в прессе
  3. Тіл мәртебесі – ұлт мәртебесі. Алдаспан / / 2012.- 27 қыркүйек.- 4 б.

Тіл мәртебесі – ұлт мәртебесі. Алдаспан / / 2012.- 27 қыркүйек.- 4 б.

PDF Басып шығару E-mail

«Піл көтермегенді, тіл көтереді» деген қазақ халқы сөз өнерін аса жоғары бағалап, балаға жастайынан тақпақ жаттатқызып, жаңылтпаш жаттатып, жұмбақ шештіріп, еркін ойлатып, көсіліп сөйлеуге баулыған. Әркімге өз тілінің ұлылығын сезініп, қадір-қасиетін ұғыну үшін, жастайынан оны құлағына сіңіруге тырысқан.  
Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы Жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Яғни, бұл күн еліміздегі тұрып жатқан барлық ұлттардың ана тіліне деген құрмет күні.
Осы атаулы күн қарсаңында Орталық қалалық кітапханада арнайы дөңгелек стол өткізілді. Шараға қатысу үшін «Руханият» клубының жетекшісі, Мұсылман әйелдер ҚБ мүшесі - Зейнеп Мәжікенқызы, ақын, журналист - Бодаухан Тоқанұлы, жазушы, ғалым - Халел Нұркеұлы және Жамбыл гимназиясының оқушылары мен заң колледжінің студенттері қатысты.
Зейнеп Мәжікенқызы тіліміздің тарихына тоқталса, Бодаухан Тоқанұлы бұқаралық ақпарат көздерінде журналистер қолданып жүрген кейбір тіл кемшіліктері мен күнделікті өмірде қате айтылып жүрген сөздерге тоқталды. Балалар қоғамдық орындарда орын алған келеңсіз құбылыстар туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар ана тіліміздің тағдырына байланысты ойлар мен пікірлер талқыға салынды. Шара соңында барлығы естелікке фотосуретке түсті.

 


Яндекс.Метрика