1. О библиотеке
  2. Публикации в прессе
  3. Әз-ағаңды оқып, өмірге деген махаббатым оянды// №110, 20 қыркүйек, 2011- «Дидар»

Әз-ағаңды оқып, өмірге деген махаббатым оянды// №110, 20 қыркүйек, 2011- «Дидар»

PDF Басып шығару E-mail

Автор: funtik

Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры» кітабы көптен бері қолыма түспей жүрген еді. Аталмыш кітап қолыма тигеннен кейін үш күннен соң, аяғым мертігіп ауруханаға түстім. «Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің, екі аяқтың қадірін ақсағанда білерсің» демекші, аяқ астынан төсекке таңылу қай адамға да оңайға түспесі белгілі. Сол қиналған сәттерде жаныма демеу болған Әз-ағаңның «Мәңгілік махаббат жыры» болды десем артык айтқандық болмас.

Аурухананың ұзақ күндері мен түндерінде қайта-қайта осы кітапты оқып, бойыма қуат алғандай болдым. Бүл жерде жазушының жұбайы Халиманың төзімділігі, мейірімділігі,ерлігі,өзінің жан жарына деген адалдығы маған қатты әсер етті. Ол кісінің өмір жолымен танысу барысында Халима апамыздың көрген қиныншылықтарының жанында «сенікі не, тәйірі» деген секілді ойлар келіп өзімді-өзім қамшылауыма тура келді.
Әзілхан Нұршайықовтың белгілі жазушы екенін білгеніммен, ол кісінің сүйген жары туралы көп мағлұматым жоқ екен. Шығарманы оқу барысында құдай қосқан қосағы жайлы осындай тамаша шығарма жазған жазушыға шексіз риза болдым.
«Сусыз жерге шөп шықпайды» дегендей, Халима апамыз балалар үйінде тәрбиеленгенімен шыққан тегі қасиетті Абай топырағы, өз атасы Қарахан батыр болса, нағашы атасы Ыдырыс (Ақмолла) көріпкел әулие, молда болған жан екен.

Халима апамыз бен Әзілхан аға 1939 жылдан бір-біріне ғашық болып, 1947 жылы қосылады. Екі ғашықтың арасында жетімдік, жоқшылық, соғыс, Халиманың соғыстан кейін бір жарым жыл госпитальда жатуы да олардың махаббатын әлсірете алмайды. Сол қосылған күннен бастапХалима апамыз өз өмірін жан жары мен балаларына арнайды.
Әзілхан аға жары жайлы былайша тебірене сыр шертеді: «Су сұрасам - сүт, қарта сұрасам - қазы, жая сұрасам - жал беретін еді Халима. Жанынан - жылу, жүрегінен жыр беруші еді маған, ойымды жалғап, өрісімді кеңейтуші еді менің. Сөйлесек -әзіл, күлсек - күлкіміз таусылмайтын еді біздің. Кемері қуанышқа шүпілдей толып тұрған сол бір ғажайып рухани жан дариясы Халима кеткеннен кейін, суы тартылған теңіздей болып, шетсіз, шексіз шөлге айналды». Шығармайың әр бетін оқьіған сайын жазушыныңжән жарына деген асыл сезімін көресің. Хәлима апамыз іңкәр махаббаты мен шексіз қамқорлығының арқасында алты рет инфаркке ұшыраған жазушыны ажалдан алып қалады.
«Мәңгілік махаббат жыры» шығармасының құрылымы да ерекше. Кітап үлкен үш бөлімнен тұрады. «Халима» (Өмірінің өшпес өрнектері) деп аталатын бірінші бөлімі сегіз тақырыпты қамтиды. «Халимаға хат» деп аталатын екінші бөлімін автордың ғашығының рухына арнап ақ өлеңмен, жырмен жазған жан сыры деуге болады. Үшінші бөлім бес тараудан тұрады. «Хаттар» тарауында оқырмандардың, қаламдастардың хаттарын оқырман назарына ұсынса, «Лебіздер» тарауында Халима апамыз қайтыс болғанда, қырқын, жылын, өткізгенде жазушының қаламдастары, достары, Халима апамыздың Сәки Бекбаева, Ишағы Жағыпарова (ұлы Абайдың шөбересі, Халимамен жетімдер үйінде бірге өскен, интернатта бірге оқыған, әскерге бірге барған досы), т.б.адамдардың лебіздері, жылы сөздері берілген, «Автографтар» тарауында жазушы мен Халима апамызға ақын-жазушылардың, ғалымдардың әр кезеңде өз шығармаларына жазып берген автографтары келтірілген. «Естеліктер» тарауында автор бақилық, ғашығына Халиманы жақсы білетін адамдар арқылы, солардың, тілімен жан жарының жарқын бейнесін сомдатқан. Олар «бөтен» адамдар емес! Қос ғашықты етене білетіндер. Солардың ең жақын достары, жолдастары, жақындары, туыстары!
Шығарманың ең мәнді де маңызды тұсы - Халима апамыздың образын жарқырата ашуға көмектескен естеліктер. Бұл ретте жазушының сонау Ұлы Отан соғысынан бастап бірге болған жан жолдасы, отставкадағы полковник Мұқанәли Омарбаевтың «Жан досымның жан жары», Бақыт Мерекенованың «Ізгілік шуағы» мен Фермехан Шоеваның «Кейбір сәттер» естеліктерін атап өтуге болады.
Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Тәлім-тағылымы мол, керемет шығарма екен. Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хикая. Сіздің шығармаларыңыз, ойларыңыз - ел қазынасы, өміріңіз - үлгі!» деп жоғары баға берген Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры» шығармасы талай оқырманның жүрегіне жол тауып, жанына ізгілік нұрын құятын тағылымы мол шығарма болып қалатынына сенімім кәміл.
Рауза Исмурзина -№7 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі.

Халима апамыз да сонау балаң шағында өзі жетім, оқымаған (ол кезде), түрі де, бойы да «сондайлық емес», шүйкедей қара жігіттің ішінде қаншама қазына жатқанын тап басып танығанына еріксіз қайран қаласың.

Яндекс.Метрика