1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Орталық балалар кітапханасы

Кітапхана туралы

Кітап қоры– 22200
Оқырмандар саны – 5 019
Жұмыстың басты бағыттары:
◊ Кітапхана балалардың оқу қабілеттерін дамыту және балалардың оқуы орталығы;
◊ Кітапхана – айырықша күтімді қажет ететін жастар мен балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы;
◊ Кітапхана пайдаланушылардың  ақпараттық  мәдениетін қалыптастыру орталығы.

Орталық балалар кітапханасы – бұл балалар аймағы. Оның оқырмандары – балалар, әсемдік, ойын, ертегі, ән, сурет, қиял, шығармашылық және  жаңа кітаптар әлеміне енеді.

Орталық балалар кітапханасы – бұл абонемент, оқу залы, бос уақыт өткізу және  шығармашылық залы, Интернет-сынып.

 

Орталық балалар кітапханасы – бұл өз оқырмандарын жақсы көретін мейірімді кітапханашылар. Олар жыл бойы кітаптар мен олардың оқылуын қамтамасыз ететін 100 іс-шара өткізеді.

Орталық балалар кітапханасы – бұл шығармашылық шеберхана, оған 5-15 жас аралығындағы балалар келіп, өз қолдарымен қиялдарынан туындайтын көптеген дүниелер жасайды.

Орталық балалар кітапханасы – бұл қашықтағы пайдаланушыларға ақпаратты жеке компьютеріне жеткізуге арналған виртуалды сервистер.

Орталық балалар кітапханасы – бұл түрлі мекендеушілері бар тіршілік бұрышы, сіздің балаңыз оларға қамқорлық таныту арқылы адамгершілігі мол азамат болуға үйренеді.

Орталық балалар кітапханасы – бұл ата-аналарға арналған әдістемелік орталық (баланы оқуға үйрету, кітап оқуға қызығушылығын ояту, ата-аналар жиналысы, жекелей кеңестер т.б.)

Орталық балалар кітапханасы – бұл қызығушылықтары бойынша оқырмандарды біріктіретін, кез келген адам мүше бола алатын клубтар.

Орталық балалар кітапханасы –  бұл өз таңдауы бойынша мультфильмдерді, танымдық және әдеби фильмдерді көру мүмкіндігі.

Орталық балалар кітапханасы – бұл балаларды ақпаратты жылдам табу дағдыларына үйрету.

 

Орталық балалар кітапханасы – бұл… Егер де бізді білсеңіз, өзіңіз ақпараттық порталда аяқтаңыз!!!www.cdb.kitaphana.kz


Қызметтер

  • Оқу залында және абонементте құжаттарды уақытша пайдалануға беру;
  • Электрондық каталог - әмбебап-анықтамалық қызметі;
  • Оқу залының материалдарын кепілдік арқылы үйге пайдалануға беру;
  • Мүмкіндігі шектеулі  жандардың үйіне барып қызмет көрсету;
  • Көпшілікті кітап оқуға тарту, ақпараттық мәдениетті арттыру, бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлішаралар ұйымдастырып, өткізу;
  • Бейнефильмдер және мультипликациялық фильмдер көрсетуді  ұйымдастыру;
  • Мұғалімдер мен оқушыларға арналған сабақтарға, семинарларға, алқалы жиындарға ақпараттық көмек көрсету;
  • Тапсырыс берушінің тақырыбы бойынша жеке ақпарат беру;
  • Библиографиялық анықтамаларды орындау;
  • Ішкі және сыртқы мәліметтер қорына қолжетілімділік: "Электронды кітаптар", "Аудиокітаптар", "Рефераттар", "Презентациялар" және т.б.  МҚ.
  • Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана деректер қорына қолжетілімділік;
  • "Лань" ЭҚЖ қолжетілімділік;
  • Интернет жүйесі мен Wi-Fi пайдалану;
  • «Кітапханашыдан сұра» виртуалды анықтамалық қызметі;
  • Құжаттарды электронды жеткізу;
  • www.kitaphana.kz сайты арқылы on-line қызметімен кітапты пайдалану мерзімін ұзарту;
  • Кітапхана қорлары өнімдерінің көшірмесін дайындау;
  • Басып шығару;
  • «Айгөлек» клубы;
  • «Гнездышко» - айырықша күтімді қажет ететін жастар мен балаларға арналған клуб;
  • «Читайка» бүлдіршіндерге арналған мектеп.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі - жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі: 09.00 - 17-00
Жексенбі: демалыс
Айдың соңғы жұмасы: тазалық күні

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.