1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


BookDATING

 

BOOKDATING: ҚАЗАҚСТАН АКТЕРІ КІТАПҚҰМАРЛАР ЖОБАСЫН ҚАЛАЙ ҚҰРДЫ...


Әнур Нұрпейісов -  кино актері, музыкант, продюсер,  «Астана жастары» жастар қоры орталығының жетекшісі.
Ой-бастамасы туралы
Бір жыл бұрын  Bookdating  жобасын құру туралы ой  туды. Астанада  санасы сәулелі, алға ұмтылғыш жастарды жинайтын және  кітап оқуды насихаттайтын кітапқұмарларға арналған тұрақты «ивент» құрғысы келеді. 
Мен кітап оқығанды жақсы көремін. Бірақ, оқуға кітап таңдай алмауымның себебінен ұзақ уақыт кітап оқымаған бір кезең де басымнан өтті. Жалпы, өмірімде  мен  сүйсінетін, таңқалатын  бірнеше адам бар. Бірде солардың бірі оқуға кеңес берген кітаптарды бас алмай, құныға оқып шықтым. Осы үш кітап менің дүниетанымымды өзгертті деуге болады. Осы кітаптарды оқыған соң ой-пікірлерін тыңдап, еліктеуге тұратын табысты адамдардың әңгімелері арқылы жастар арасында кітап оқуды насихаттау туралы ой  келді. 
Қазіргі таңда кітап көп. Сондықтан, ақпарат аласапыраны кезінде кітап  таңдау қашанда өзекті мәселе деуге болады.  Кітап оқуға біршама уақытың кететіндіктен оны таңдауда қателеспеуің керек.  Кейде кітаптың соңғы жағы ғана қызықты екендігін түсінесің, сөйтіп уақытыңды бекерге жоғалтасың. Осының бәрін екшей келе, біз оқу үшін кітап таңдауға көмектесетін жоба құрдық.  
ТОП ТУРАЛЫ
«Астана Жастары» деп аталатын біздің топ жоба аясында жұмыс істейді. Жобаны ешкімнің қолдауынсыз құрдық. Тек бірнеше серіктестеріміз ғана жобаны ұйымдастыруға  көмектесті.  Олар Коворкинг Multispace және менің таныстарым болатын.  
СПИКЕРЛЕР ТУРАЛЫ
Айына бір мәрте спикерлермен кездесу өткіземіз. Яғни, кездесуге  үш (3) табысты адамды шақырамыз. Олар дүниетанымдары мен көзқарастарын өзгерткен кітаптар жайлы кездесуге келген  қонақтарымызға қызықты етіп әңгімелеп береді. Сонымен бірге, әр спикер өздерімен ала келген үш кітапты  таныстырып, ұсынуы керек. Келесі айға дейін олардың біреуін, немесе екеуін оқып шығуға болады. Қонақтардың әрқайсысына 15 минут уақыт береміз. Олар осы уақыт ішінде  кітап дегеніміз өмір үшін өте қажет және маңызды құрал екендігі туралы жастардың жетесіне жеткізе айтып берулері қажет. Спикерлерді таңдау кезінде олардың кітапты жақсы көретін және әңгімесімен кездесуге келген қонақтарды қызықтырып, баурай алатын қасиетіне баса назара аударамыз. Сонымен бірге, кездесу барысында өзара кітап алмасу шарасын да өткіземіз. Яғни, адамдар өз кітаптарын ала келеді де,  кездесу соңында басқа кітапқа ие болады.

Ақпарат сайттан алынды.

 

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.