1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Зерттеуші жас ғалымдар мен өлкетанушылардың VІІ қалалық «Мен өлкемді зерттеймін!» байқауы

Зерттеуші жас ғалымдар мен өлкетанушылардың шығармашылық жобаларының 
VІІ қалалық «Мен өлкемді зерттеймін!» байқауының  
ЕРЕЖЕСІ


Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық қалалық кітапханасы «Мен өлкемді зерттеймін!» дәстүрлі қалалық байқауын ұйымдастырады. Байқау Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, жерлес ақын, журналист Тұрғазы Нұқайұлының 80 жылдық мерейтойына орай: «Айыртаудың асқақ жыршысы» атты тақырыппен өтеді.  

І. Байқаудың мақсаты:
- Т.Нұқай шығармашылығын насихаттау;
- жастардың интеллектуальды-шығармашылық даралығын, танымдық қабілетін жетілдіру, қызығушылығын  арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жазуға қалыптастыру;
- өлке әдебиетін зерттеу.
ІІ. Байқаудың шарттары:
- зерттеу тақырыбының таңдалуы; (Т.Нұқайдың өмірі, шығармашылығы, ақындық шеберлігі, ақынның біз біле бермейтін бейтаныс әлемі, шығармашылығының зерттелуі, ұрпақтары, туған жері, т.б. туралы)
- дереккөздермен жұмыс істей білуі,
- тақырыптың ашылуы.
- байқауға  15 - 25 жас аралығындағы барлық үміткерлер қатыса алады.  
Байқау екі кезеңнен тұрады:
1 кезең – іріктеу. Жұмыстар 2017 жылдың 10 ақпанынан бастап 10 сәуірге дейін (2 ай көлемінде) Өлкетану бөлімінде қабылданады. Жұмыстарды Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек  электронды поштасына жіберуге немесе төменде көрсетілген мекен-жайға  әкеліп тапсыруға болады.
2 кезең – финал. Зерттеу жұмыстарын қорғау 2017 жылы 19-сәуір күні сағат 11.00-де Орталық қалалық кітапханада өткізіледі.
ІІІ. Тапсырыстарды қабылдау тәртібі:
1) жұмыс мәтіні баспа және электронды түрде қабылданады (Times New Roman, 14 шрифт, 1 интервал, сол жақтан 3 см жол қалдыру, 7 және 20 бет аралығында) сондай-ақ: 
- бастапқы бет (титул);
- резюме (аннотация) – жұмыстың барысы туралы қысқаша мазмұндамасы;
-кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы, тақырыптың таңдалуы, мақсаты;
- негізгі бөлім: зерттеудің негізгі мазмұны; 
- қорытынды ( нәтижелер мен ұсыныстар);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2) бастапқы (титул) бетте көрсетіледі: 
- жұмыс жүзеге асырылған оқу орнының аты;
- жұмыстың тақырыбы;
- орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі (оқу орнының, жұмыс орнының атауы);
- оқушылар болған жағдайда, жұмыстың жетекшісі;
- жұмыстың орындалған уақыты.
Тапсырыс берушінің байланыс телефоны, электронды поштасы көрсетілуі қажет.
ІV. Қазылар алқасы назар аударуы тиіс:
- өзіндік даралық, жаңашылдық;
- шығармашылық ізденіс;
- тақырыптың ашылуы;
- мәселелердің тереңдей зерттелуі.
Үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары алғыс хаттармен марапатталады және ОКЖ-нің www.kitaphana.kz сайтына қойылады. 

Мекен-жайымыз:
Өскемен қаласы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. 
Ұйымдастыру алқасы:  Өлкетану бөлімі; тел:  25-03-64, 87056241725

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.