1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Компьютерлік сурет конкурсы

Балалар мен жасөспірімдер кітаптары апталығының қарсаңында «Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ «Менің Отаным – Қазақстан» атты компьютерлік суретке конкурс жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады


 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
«Менің Отаным – Қазақстан» атты компьютерлік сурет конкурсы туралы
Ереже

«Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығының қарсаңында компьютерлік суретке конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты:
Жас таланттарды анықтау, әр түрлі жас мөлшеріндегі балалардың шығармашылық бастамаларын дамыту.

Конкурстың міндеттері:
1. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
2. Балалар мен жасөспірімдердің Қазақстан тарихына деген қызығушылығын ояту.
3. Компьютерлік технологияға үйрету.

Конкурсты ұйымдастыру:
1.Конкурсты өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
2.Ұйымдастыру комитеті дайындық жұмыстарын жүзеге асырады. 

Конкурсқа қатысу шарты
1.Конкурсқа 1-11 сынып оқушыларының жұмысы қабылданады. 

Шарты мен талабы
1.Конкурсқа кез келген графикалық компьютерлік бағдарламаларда орындалған,               jpeg форматында сақталған суреттер қабылданады. 
2.Жұмыстар 2011 жылғы 20 ақпаннан бастап 20 наурызға дейінгі аралықта қабылданады.  
3.Жұмыстар конкурстың тақырыбын ашуы қажет.
4.Суреттер автордың аты-жөні, тегі, үйінің, мектептің мекен-жайы, сыныбы көрсетілген дисктерде немесе электронды пошта бойынша қабылданады. 

Қазылар алқасы
Конкурстың қазылар алқасының құрамына орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, кәсіби суретшілер, бағдарламашылар кіреді. 

Қорытындысын шығару
Конкурстың жеңімпаздары балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығының салтанатты ашылуында сыйлықтармен марапатталады. Ең үздік жұмыстар Орталық балалар кітапханасының сайтына орналастырылады.

Тапсырыстарды қабылдау
Жұмыстар мына мекен-жай бойынша қабылданды:  
Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 54
Орталық балалар кітапханасы.
Байланыс телефондары: 26-26-43; 
e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.