1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Тарасюк Мария Васильевна

Тарасюк Мария Васильевна, 1933-жылы туған. 1955-жылы №12 кітапханада қызметін бастап, осы жұмысынан 1988-жылы зейнеткерлікке шықты.
Кітапхана Ескі Согра ауданында орналасқан еді. Қаланың шетіндегі бұл ауданда ол кезде тек бір қабатты ғана үйлер, орта мектеп, клуб және дүкен ғана бар болатын. Қала деген мәртебесі болса да бұл кәдімгі ауыл іспетті аудан болатын. Ешқандай өнеркәсіп деген болған жоқ. Ал, кітапхана екі бөлмелі, пешпен жылытылатын шағын үйде орналасты. Осынау аядай үйдің өзін Мария Васильевна тұрғындардың жиі бас қосатын тамаша орынына айналдыра білді. Жасы бар, жасамысы бар аудан жұртшылығы кітап, газет-журнал оқып, ауыл жаңалықтарын есту үшін кітапханаға күн құрғатпай келетін. Осылайша, шағын аудандағы тұрғындар үшін Мария Васильевна «әдебиет пен ақпарат әлеміндегі» абыройлы адамға айналды.

Толкачева Ольга Яковлевна

Толкачева Ольга Яковлевна, қалалық мәдниет бөлімінің № 2 қалалық бұқаралық кітапханасында 1960-жылы, мамыр айында меңгеруші болып қызметін бастаған болатын. Кітапхана ол кезде Красина кентіндегі  кішкентай ғана қоныста орналасқан еді. Кітапхана қызметі үшін арнайы бейімделмеген үйдің іші суық түскен кездерде пешпен жылытылатын. Қызмет үшін аса қолайсыз болса да Ольга Яковлевна кішкентай ғана кітапхананы нағыз мәдениет ошағына айналдыра білді. Білікті маманның машықты қызметінің нәтижесінде кітап көрмелері мен сөредегі кітаптар келген жұрттың назарын бірден аударып, баурап әкететін. Бірте-бірте бұл орын нағыз бұқаралық шаралардың ортасына айналды. 
Ұлы Отан соғысының ардагері, СОКП мүшесі Ольга Яковлевна өз қызметімен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Мәдениет бөлімінің әкімшілігі мен партия ұйымдарының барлық тапсырмаларын аса ыждаһаттылықпен, жауапкершілікпен орындады. Шағын аудандағы оқырмандар арасында да қарапайым, кайырымды болмысымен құрмет пен абыройға бөленген Ольга Яковлевна 1986-жылы құрметті еңбек демалысына шықты.

Шалагина Светлана Павловна

Шалагина Светлана Павловна, 1942-жылы туған. 1991-жылдан Меновной ауылдық кітапханасында жұмыс істеді. Ал, 1992-жылдың қаңтар айынан бастап кітапхана қалалық мәдениет бөлімінің қарамағына орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне ауыстырылды. Мамандығы мұғалім Светлана Павловна алғашында кітапхана ісі туралы тіпті де хабарсыз еді. Бірақ алғыр, ізденімпаз жан алғашқы жылдары-ақ бұл қызметке бар пейілімен кірісті. Кітап қорларын орналастыру, каталогтар мен картотектерді құру, оқырмандармен әдістемелік жұмыстарға дейінгі құжаттарды жүргізу сияқты міндеттердің бәрін меңгеруге бар ықыласымен кірісті. Кітапхана жергілікті мәдениет үйінің кең орынжайында орналасқан еді. Өкінішке қарай, мәдениет үйі жабылып, кітапхана бір жерден екінші жерге көшіп жайлы орын таппай біраз сандалды. Әйтеуір дегенде, соңғы жылдарда жергілікті әкімдіктен шағын екі бөлме берілді. Әрине, емін-еркін орналасуға мүмкіндік болмады. Сондықтан кітаптардың жартысын басқа кітапханаларға беруге мәжбүр болды. Аядай бөлмелерде кітап көрмелерін ұйымдастыру да мүмкін емес еді. Бір жылға жуық каталогтармен де жұмыс істелмеді. Мұның барлығы кәсіби емес кітапханашыға көп қиындықтар тудырды. Әйтседе, Светлана Павловна тынбай талаптану мен мұқалмайтын ерік, жігерінің нәтижесінде бұл мәселелердің бәрін шеше білді. Тіпті, осындай жағдайда жүріп алуан тақырыптарда көпшілік шаралар өткізіп тұрды. Кітапхана орналасқан әкімдік ғиамаратының «Огонек» мәдени орталығына жақын орналасуының да пайдасы тиді. Клуб мүшелері кітапханамен бірлесіп небір шараларды өткізуге белсене қатысты. 
Жалынды күш жігерін кітапханаға арнаған С. П. Шалагина  1999-жылы  зейнеткерлікке шықты.

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.