1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Первутинская Любовь Ивановна

Первутинская Любовь Ивановна, 1950-жылы туған. Л. И. Первутинская 1972-жылдың қараша айынан 1978-жылдың қазан айына дейін Орталық балалар кітапханасында және № 2, № 8 кітапханаларда жұмыс істеді. Кейін жұмыстан өз еркімен шығып, 1983-жылы қаңтарда қалалық мәдениет бөліміне қайта оралды. №3 балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет істеп, 1984-жылы тамызда осы кітапхананың меңгерушісі болып уақытша тағайындалды. 1986-жылы тамыз айында №25 балалар кітапхана-бөлімшесіне меңгеруші болып ауыстырылды. Ал, 1991-жылдың қыркүйегінен 1996-жылдың сәуіріне дейін № 21 балалар бөлімшесінде меңгеруші болып қызмет істеді. Бұл кітапхана жабылғаннан кейін П. Бажов атындағы кітапхананың оқу залының меңгерушісі болып, кейіннен осы кітапхананың меңгерушісі болып  тағайындалды.   
2004-жылдың қаңтарынан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін (2009 ж.) Орталық балалар кітапханасында қызмет істеді. 
Осы арада айта кетерлік бір жәйт, ОКЖ үшін ауыр болған 1990-жылдардағы оңтайландыру, мәдениет мекемелерін қайта құру, кітапханалардың жаппай жабылуы, біріктірілуі, мамандардың қысқартылуы, бір кітапханадан екінші кітапханаға ауыстырылулары кезінде кітапхана әкімшіліктері  кәсіби мамандарды алып қалу үшін барын салды. Сол мамандардың ішінде Л.Первутинская да бар еді. Ол бірнеше кітапханаға ауыстырылуды басынан кешірді. Бірақ қайда қызмет істесе де оның жаны-дүниесі әсіресе балалармен жұмыс істеуді қалап тұрушы еді. Ол бала деп немқұрайды жеңіл қарамай жас буынға арналған әрбір шараны айырықша жауапкершілікпен ұйымдастырды. Сондықтан да, ол басқарған кітапханалардың барлығы балаларға арналған жұмыс көрсеткіштері бойынша қашанда алдыңғы саптан көрінді. Партия қатарындағы меңгеруші және бірқатар жылдар бойы қалалық мәдениет бөлімінің партия ұйымын басқарған Л. Первутинская барлық іс барысында тек биіктерден ғана көрінді.

Пестерева Августина Ивановна

Пестерева Августина Ивановна, 1930-жылы туған. 1959-жылдан бастап қалалық кітапхананың меңгерушісі болып жұмыс істеді. Оның еңбек кітапшасында кітапханаға жұмысқа қабылданғаны және  зейнеткерлікке шыққаны туралы екі жазба ғана бар. Өткен шаққа қайта оралсақ...
Қалалық кітапхана қаланың шеткері жағындағы жаңа Гавань шағын ауданында орналасқан. Ол кезде бұл жаңа ауданда негізінен құрылысшылар ескі, барақ тәрізді салынған үйлерде тұратын. Сол үйлердің бірінде кітапхана да орналасқан еді. Кез-келген жетіспеушілікті, қолайсыздықты Августина Ивановна қызметіне деген құрмет, сүйіспеншілігімен жеңе білді. Ыңғайсыз бөлме ішінде оқырмандарына аса ыңғайлы жағдай жасап, талап, сұраныстарын қанағаттандыру бағытында бар ықыласымен қызмет етті. Осылайша, 31 жыл бойы бірнеше буын ұрпақты кітапхана арқылы тәрбиелеу ісіне өзіндік үлесін қосты. Адал еңбегі ақталып, «Еңбек ардагері» медалін өңіріне тақты.
1990-жылы құрметті еңбек демалысына шықты.

Попова Галина Николаевна

Попова Галина Николаевна, 1954-жылы туған. 1975-жылы, қыркүйек айында № 9 қалалық көпшілік кітапханада қызметін бастады. Үш жыл ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білген маман 1978-жылы қазан айында № 14 қалалық көпшілік кітапханасына бас кітапханашы болып ауыстырылады.
Декреттік демалыстан кейін 1985-жылы, маусым айында Орталық қалалық кітапханаға кітап қорын ұйымдастыру және сақтау бөліміне ауыстырылып, бұл бөлім қысқартылғаннан кейін №12 кітапхана-бөлімшесінің (Промбаза ауданы) меңгерушісі болып қызметін жалғастырады.
Бұл кітапханадағы қысқартудан кейін 1996-жылы, шілдеде № 5 көпшілік кітапхана-бөлімшесін басқарып, одан кейін 1998-жылы Орталық кітапхананың Промбазада орналасқан кітап беру бөліміне ауысады.
Осындай еңбек жолдарынан өткен Галина Николаевна қай жерде жұмыс істесе де өзіндік қолтаңбасын қалдыра білді. Мейірбан жүзді, өз ісінің білікті маманы 2011-жылы зейнеткерлікке шықты.

Сидорова Лидия Ивановна

Сидорова Лидия Ивановна, 1952-жылы туған. Лидия Ивановна 1972-жылы, қаңтар айында №3 қалалық балалар кітапханасына кітапханашы болып орналасты. Ал, 1973-жылы № 2 қалалық көпшілік кітапханасына ауыстырылып, осы жерде 1974-жылдың желтоқсанына  дейін жұмыс істеді. Осы жылы отбасы жағдайына байланысты жұмыстан шығып, 5 жыл балабақшада жұмыс істеді. Ал, 1980-жылы, желтоқсан айында өзінің сүйікті мамандығына, №3 балалар кітапханасына қайта оралудың сәті туды. Арада аз уақытта кітапхана меңгерушісі болып тағайындалып, осы лауазымда 1997-жылға дейін қызмет істеді. 1997-жылы, ақпанда оңтайландыру науқанына байланысты кітапхана біражола жабылады да, Лидия Ивановна Орталық балалар кітапханасының абонементіне ауыстырылады. Іс жүзінде сол бұрынғы орынында жұмыс істейді. Ал, бұрынғы  кітапхана енді кітапханалық пункт болып жұмысын жалғастырады. Мектеп әкімшілігі бұл кітапхана бөлімінің жұмысын жоғары бағалады. Өйткені, Л.И Сидорова мектеп ұжымына қажетті кітаптарды тауып беріп, оқушылардың оқу бағдарламасын игеруіне ықпал ететін балалар кітаптарын насихаттау жұмыстарын белсенді өткізіп отырды. Осындай білім орындарымен бірге ОКЖ кітапханаларының ұжымдары да Лидия Ивановнаны өз ісіне жетік маман ретінде құрметтеді.

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.