1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>


Минисова Алма Бектұрғанқызы

Минисова Алма Бектұрғанқызы, 1953-жылы туған. 1973-жылы Алматы педогогикалық институтының кітапханалық бөлімін бітірген Алма Бектұрғанқызы № 7 қалалық көпшілік кітапханасына жұмысқа жіберіледі. Осы орында 1978-жылдың желтоқсанына дейін қызмет етіп, жақсы жақтарымен көріне білген жоғары білімді маман қалалық мәдениет бөлімінің кітапханалық істер инспекторы қызметіне ауыстырылады. Бұл жұмыста да Алма Бектұрғанқызы өзінің білікті маман екендігін дәлелдегендіктен Орталық кітапхананың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. Өз ісіне жетік, сауатты маман жүйенің әдістемелік жұмыстарын сапалы ұйымдастырып, жүргізе білді. Бірақ, декреттік демалысынан шыққаннан кейін отбасы жағдайына байланысты Алма Минисова Аблакет шағын ауданындағы № 6 кітапхана-бөлімшесіне ауыстырылады. Біраз уақыттан кейін осы бөлімшенің меңгерушісі болып тағайындалады. Бұл кітапханың тарихы ертеректе бастау алған. Кезінде мұнда Валетина Бугаева ұзақ жылдар бойы жетістікті қызмет еткен. Осы жұмыс үрдісін Алма Бектұрғанқызы өзіндік тың ой, бастамаларымен, жаңаша жолмен жалғастырды. Кітапханаға жаңа қызмет түрлерін кіргізіп, шағын аудандағы мәдениет ошағына айналдыру басты бағыт болды. Жаңа қоныс берілуі осы жұмыс үдерістерін жүзеге асыруға және оқырмандарға арналған кітап қорын жинақтап, адамдардың мүдделері мен қызығушылықтары бойынша клуб құруға деген мүмкіндікке жол ашты. Аз уақытта-ақ Алма Бектұрғанқызы кітапхананы жүйенің маңдайалды кітапханаларының біріне айналдырды. Ал, өзі бөлімше басшылары арасындағы үздік меңгерушілер қатарына кірді. Ол сауатты, күш-қуаты мол, шығармашылық шабыты шамырқанып тұрған тәжірибелі тәлімгер болды. Осындай маманның арқасында № 6 кітапхана-бөлімшесі жас пен жасамыстың, бала-шағаның, яғни шағын аудан тұрғындарының мәдени орталығына айналды.
Минисова Алма Бектұрғанқызы 2012-жылы зейнеткерлікке шықты.

Миронова Лидия Григорьевна

Миронова Лидия Григорьевна, 1950-жылы туған. 1983-жылы қазан айында Орталық қалалық кітапханаға қызметке қабылданды. Алғашында қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істеді. Кейіннен 1993-жылы қарашада ақпараттық-библиография бөлімінде библиограф болып жұмысын жалғастырады.
Лидия Григорьевна – кәсіби кітапханашы, сауатты библиограф. Әріптестері оның әдеби шолуларын, жазушылар шығармашылығы туралы жасаған баяндамаларын әлі күнге дейн тамсана еске алады. Өйткені, Лидия Григорьевна өте оқымысты, кітапқұмар жан. Әдеби әлем туралы білім, танымы мол. Әрі, поэзияны да жаны сүйеді. Тіпті, өзінің достары мен әріптестеріне жыр арнаулар жазатын ақындығы да бар. 
2003-жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін  қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істеген Л.Миронованы әріптестері мен оқырмандары құрметтеп, жақсы көрді. Тіпті, кейбір оқырмандар Лидия Григорьевнаның жұмыс істейтін күнін біліп алып, сол күні арнайы келетін. Өйткені Лидия олармен әдебиет пен мәдениет туралы әңгімелесіп, қандай кітап оқу керектігі туралы ақыл, кеңес беруден еш жалықпайтын. Л. Г. Миронова 2010-жылы зейнеткерлікке шыққанда ғана өзінің сүйікті  мамандығынан қол үзді.

Оразаева Күлзия

Оразаева Күлзия, 1950-жылы туған. 1972-жылы тамыз айында Гавань шағын ауданындағы №3 қалалық бұқаралық кітапханада қызмет жолын бастады. 1975-жылы ақпан айында 
№16 бұқаралық кітапханадағы оқу залының меңгерушісі болып ауысты. Ал, қазан айында осы кітапхананың меңгерушісі болып уақытша тағайындалды. Осы уақыт кезеңінде Күлзия өзін сауатты, жауапкершілікті маман ретінде көрсете білгендіктен 1981-жылы ақпан айында меңгеруші болып тұрақты түрде тағайындалды. Ол кезде кітапхана шағын аудандағы кірпіш зауытының ескі бір үйінде орналасқан еді. Уақытпен бірге аудан да өркендеп, көп қабатты үйлер салына бастады. Сондай жаңа ғимараттың бірінен кітапхана үшін жаңа үлгідегі орынжай да салынды.1988-жылы осы орынға балалар кітапханасы және ересектерге арналған № 16 кітапхана  қоныстанды. Сөйтіп, жаңа, әрі жайлы мекенде кітапханалар тұрғындарға жаңаша серпінмен қызмет көрсетуді бастады. Ал, 1996-жылы тағы да оңтайландыру науқаны басталып, екі кітапхана біріктірілді. Осы кітапханалар негізінде жаңа үлгідегі отбасылық оқу кітапханасы құрылды. Кітаптар мен мерзімдік басылымдар үшін мамандандырылған арнайы бөлімдер ашылып, көпшілік шаралар өткізу орыны жабдықталды. Күлзия ересек оқырмандарға арналған бөлімді басқарды. Осы жылы кітапханалар жанынан түрлі клубтар құру қолға алына бастаған болатын. Күлзипа кірпіш зауытының байырғы еңбеккерлері үшін «Сударушка» клубын құрды. Бұл клуб көпшілік үшін сан түрлі тақырыптарда қызықты кездесулер мен басқосулар өткізіп, тұрғындар арасында кеңінен танымал болды.     
Жылжып жылдар өтті. Кітапханалар одан кейін де көптеген өзгерістерді бастан  кешірді. Ақыры, соның салқыны тиіп үлкен ұжымы, бай кітап қоры бар кітапханада небәрі 4-ақ адам қалды. Өзгермеген бір-ақ көрініс-күнделікті  толастамай келіп, кетіп жататын оқырмандары ғана. Күлзипа Оразаева да осы оқырмандарына деген ыстық ықыласы мен ілтипатты құрметінен еш өзгермеді. Тіпті, жанындағы әріптестерінің бірі кетіп, бірі келіп жатса да Күлзияның кітапханаға деген сенімі мен адалдығына ешқашан селкеу түскен жоқ. «Рая тәтей» деп жеткен әрбір оқырманын құшақ жая қарсы алып, құрметпен шығарып салудан әсте жалыққан емес. Ешқашан өзгермейтін осы қасиеті үшін оны оқырмандары мен әріптестері шын пейілмен құрметтеді.

Осина Светлана Семеновна

Осина Светлана Семеновна, 1942-жылы туған. Светлана Осина Өскеменге көшіп келгенге дейін ауылдағы өндірістік кәсіпорында хатшы болып істеген болатын. Жұмыс тәжірибесі жеткілікті, сауатты, өз ісіне ұқыпты Светлана Семеновна қалаға келгеннен кейін бірталай жылдар бойы Орталық қалалық кітапханада хатшы-машинистка болып істеді. Өткен ғасырдың 1980-жылдары компьютер әлі өмірімізге ене қоймаған кез болатын. Барлық материалдар баспа машинкасында қолмен басылды. Әрине, басу жұмыстары қисапсыз көп болды. Бұйырықтар, хаттар, түрлі әдебиет тізімдері, әдістемелік және библиографиялық материалдар, хаттамалар, осылай тізе берсек таусылмас... Сонымен қатар жүйенің барлық кітапханашылары түрлі өтініштермен тағы келіп жататын. Ал, Светлана Семеновна бәріне көмектесуге тырысып, ешкімнің бетін қайтармайтын. Кітапханада болып жатқан түрлі шаралар мен оқиғалардан да тыс қалған емес. Тіпті, ұжымдағы әлдекімнің жеке бас мәселесіне де бей-жай қарай алмайтын қайырымды жан. Кітапхана әкімшілігі баспагер-хатшының жұмысын лайықты бағалап, құрмет көрсетті.

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.